25 Тамыз, 01:08
RAST.kz
USD USD 457.99 ₸
EUR EUR 534.15 ₸
RUB RUB 5.47 ₸
Погода в Астане
Погода
Погода в Астане на 2 недели
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Медведев келісім жасасқаннан кейін Украинаны толық басып алуға шақырды

10 Шілде 2024 21:12
- Жаңалықтар, Жаһан
Медведев келісім жасасқаннан кейін Украинаны толық басып алуға шақырды
Facebook-те бөлісу Twitter-де бөлісу

МӘСКЕУ. 10 шілде. РФ қауіпсіздік кеңесі төрағасының орынбасары Дмитрий Медведев Киевпен бейбітшілік жөнінде келісімге қол қойғаннан кейін Украинаны түгел басып алуға ұсыныс жасады. Бұл туралы The Moscow News ақпарына сүйенген rast.kz хабарлайды.

«Ресей Мәскеу мен Киев бейбіт келісімге қол қойып, соғысты тоқтатқаннан кейін Украинаның бүкіл территориясын басып алуға қатты дайындалуы қажет», – деді Дмитрий Медведев.

«Тіпті қағазға қол қойып, жеңілгенін мойындағандарынан кейін де [Украинадағы] радикалдардың қалып қойған бір бөлігі күштерін қайта топтастырып алғандарынан кейін ерте ме, кеш пе, Ресейдің батыстағы жауларынан қанаттанып алып, билік басына қайта оралады. Сол кезде сұмырайларды ақи-тақи табан астында таптап құртатын уақыт келеді», – деп жазды Медведев телеграм-арнада.

Оның айтуынша, сол мезетте Ресей «бандералық квазимемлекет табытының қақпағына ұзын болат шегені» мықтап қағып тастауы, сондай-ақ «оның қанды мұрасының қалдықтарын жойып жіберіп, қалған жерлерін орыс жерлерінің құшағына қайтаруы» тиіс.

«Бірақ Ресейдің жаулары бұдан кейін де ешқайда құрып кетпейді. Олар күштерін жинастырып, біздің елімізді жойып жіберудің қолайлы сәттерін күтіп отырады. Біз Отанымызды қорғау жолында болатын болашақтағы соғыстарға дайын болуымыз керек», – деп атап өтті Медведев.

Биылғы маусым айында РФ президенті Владимир Путин Украинамен соғысты аяқтап, бейбіт келісімге қол қоюға дайын екенін мәлімдеген болатын. Ол сонымен бірге мұндағы бірінші шарт етіп Украинаға осы кезге дейін өзінің оккупациялық армиясы басып алған Херсон, Запорожье, Донецк және Луганск облыстарының тұтас территорияларын Ресейге сөзсіз беруді және НАТО-ға мүше болудан бас тартуды ұсынды.

Бұған, әлбетте, Украина президенті Володимир Зеленьский келіскен жоқ. Ол мұны Ресей басшысы тарапынан жасалған «ультиматум» деп атап өтті.

Таңбалар: Дмитрий МедведевРесейсоғысУкраина

Ұқсас мақалалар

Қасым-Жомарт Тоқаев Украинаны Тәуелсіздік мерекесімен құттықтады
Жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Украинаны Тәуелсіздік мерекесімен құттықтады

24.08.2026
Ресейліктердің болашаққа деген сенімі 90-шы жылдар деңгейіне түсіп кетті
Әлеумет

Ресейліктердің болашаққа деген сенімі 90-шы жылдар деңгейіне түсіп кетті

21.08.2026
Сыртқы экономика банкінің бас экономисі Ресейдің жеңіске жете алмасын айтты
Дәулет

Сыртқы экономика банкінің бас экономисі Ресейдің жеңіске жете алмасын айтты

16.08.2026

КӨП ҚАРАЛҒАНЫ

  • Өмірдің өрінен тағы бір жайсаң, жақсы жан өтті

    Өмірдің өрінен тағы бір жайсаң, жақсы жан өтті

  • Аида Балаева: Біз «Қазақфильмнен» айырылып қала жаздадық

  • Алашқа аты аян айтулы ақын Елубай Әуезов ақтық сапарға аттанды

  • «Көршінің қызы» керемет еді (видео)

  • Мемлекет басшысы Үкімет құрамында бірқатар өзгерістер болатынын мойындады

  • Денсаулық министрі жеке азаматтарды қабылдап, мәселелерін шешуге ықпал етті

  • Путиннің кедейлерге арналған соғысы байларды байыта түседі

RAST.kz

Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси, ғылыми-көпшілік порталы

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде 23.01.2020 ж. тіркеліп, №KZ56VPY00019585 куәлігін алған.

Құрылтайшы:
«Даларус» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Яндекс.Метрика

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
HTML Weather widget for website by meteolabs.kz

USD USD 457.99 ₸
EUR EUR 534.15 ₸
RUB RUB 5.47 ₸

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру

Add New Playlist