9 Шілде, 08:07
RAST.kz
USD USD 467.98 ₸
EUR EUR 533.87 ₸
RUB RUB 6.11 ₸
Погода в Астане
Погода
Погода в Астане на 2 недели
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Майқайыңда қаза тапқандар отбасыларына ірі көлемде көмек беріледі

2 Ақпан 2024 09:58
- Жаңалықтар, Оқиға
Майқайыңда қаза тапқандар отбасыларына ірі көлемде көмек беріледі
Facebook-те бөлісу Twitter-де бөлісу

ПАВЛОДАР. 2 ақпан. Павлодар облысының Маңқайың кентінде іздестіру жұмысы аяқталған соң қаза тапқан құтқарушылардың отбасыларына ірі көлемде материалдық көмек берілгелі жатыр. Бұл туралы «Халық үні» ақпарына сүйенген rast.kz хабарлайды.

Бүгінде қаза тапқан құтқарушылардың отбасыларына 4,5 млн теңге көлемінде материалдық көмек көрсетілген. Оның ішінде 2 млн теңгені «Майқайыңалтын» АҚ төлеген.

Сондай-ақ кәсіби әскерилендірілген апаттық-құтқару қызметінің республикалық орталығы оларға 1 млн 846 мың теңге мөлшерінде материалдық көмек көрсеткен.

Сонымен қатар отбасыларға жерлеу рәсімдеріне 369 200 теңге, Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан жерлеуге 347 мың теңге берілген.

«Бұл төлемдерді денелері табылған 2 құтқарушының отбасылары алды. Іздестіру жұмысы аяқталғаннан кейін жоғалған адамдардың (1 құтқарушы, 1 жүргізуші) денесі табылған жағдайда немесе қайтыс болды деп танылса, қалған отбасыларға да осындай сома тағайындалады», – делінген хабарламада.

Бұдан бөлек, отбасыларға асыраушысынан айырылу бойынша әлеуметтік жәрдемақы (18 жасқа толғанға дейін отбасындағы әрбір балаға берілетін ай сайынғы төлем) тағайындалады.

Отбасыларға берілетін көмек тек осымен шектелмейді.

«Жергілікті атқарушы орган кәсіби әскерилендірілген апаттық-құтқару қызметінің республикалық орталық штабынан қосымша сақтандыру төлемдері және «Майқайыңалтын» АҚ-дан ірі материалдық көмек көрсету туралы мәселе пысықталып жатыр. Бұл төлемдер төленген сомадан бірнеше есе көп. Төлемдердің нақты сомасы іздестіру жұмысы аяқталғаннан кейін хабарланады», – делінген хабарламада.

Еске сала кеткйік, биығы жылғы 4 қаңтар күні сағат 01:25 шамасында «Майқайыңалтын» АҚ аумағындағы шұңқырға 4 жолаушысы бар автобус құлап кетті. Опырылған жердің ұзындығы – 150-200 метр, ені – 500 метр, тереңдігі – 150 метр.

Әзірге 2 құтқарушының денесі табылды. Қалған 2 адам әлі іздестіріліп жатыр. Сондай-ақ апат болған аумақтан құтқарушының сөмкесі табылғаны хабарланды. Одан бөлек, ТЖД автобустағы 2 адам тірі болуы мүмкін деген болжам жасады.

Арнайы комиссия апатқа кінәлі 7 адамды анықтады.

Журналист Оңғар Қабденнің мәліметінше, қаза тапқандар арасында құтқарушы болып жұмысқа кіргеніне екі жыл ғана болған 24 жастағы Бердіхан Сарқыт та, ал айыпталушылар сапында қызметке тұрғанына 4 күн болған маркшейдер Төлеубаев та бар. Үйленгеніне екі жыл болған Бердіханның артында екі ұлы мен 20 жастағы келіншегі қалған.

 

 

Таңбалар: апаткөмекМайқайың

Ұқсас мақалалар

Туск: Польша Киевке әскери көмек көрсету мәселесіне сақтықпен қарайды
Жаңалықтар

Туск: Польша Киевке әскери көмек көрсету мәселесіне сақтықпен қарайды

04.07.2026
Қырым аспанында Ресейдің тағы бір истребителі құлап түсті
Жаңалықтар

Қырым аспанында Ресейдің тағы бір истребителі құлап түсті

04.04.2026
Трамп Қытайдан келетін тауарларға 100% баж салығын салды
Жаңалықтар

Трамп Украинаға қару-жарақ жеткізуді тоқтатамын деп әлек салды

02.04.2026
Талқылауға қосылу үшін жүйеге кіріңіз

КӨП ҚАРАЛҒАНЫ

  • Қызылордада Ұлттық домбыра күні «Домбыра – халық мұрасы» атты іс-шара өтті

    Қызылордада Ұлттық домбыра күні «Домбыра – халық мұрасы» атты іс-шара өтті

  • БЕЙІМБЕТТІҢ ІЗБАСАРЫ

  • НОҒАЙ АРУЫ

  • Украина Ярославльдегі МӨЗ-ге және Петербург порттарына шабуыл жасады

  • Соғыстағы стратегиялық сауаттылық сапаға соқпақ салады

  • Қадыровтың кісі өлімін әкелген апатқа кінәлі ұлы жол полициясынан медаль алды

  • Еркін форматтағы жүздесуде жастар саясатының басыңқы бағыттары талқыланды

RAST.kz

Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси, ғылыми-көпшілік порталы

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде 23.01.2020 ж. тіркеліп, №KZ56VPY00019585 куәлігін алған.

Құрылтайшы:
«Даларус» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Яндекс.Метрика

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
HTML Weather widget for website by meteolabs.kz

USD USD 467.98 ₸
EUR EUR 533.87 ₸
RUB RUB 6.11 ₸

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру

Add New Playlist