9 Шілде, 14:07
RAST.kz
USD USD 467.98 ₸
EUR EUR 533.87 ₸
RUB RUB 6.11 ₸
Погода в Астане
Погода
Погода в Астане на 2 недели
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Елордада Есіл ауданының даму перспективалары талқыланды

12 Ақпан 2021 09:36
- Дәулет, Жаңалықтар
Елордада Есіл ауданының даму перспективалары талқыланды
Facebook-те бөлісу Twitter-де бөлісу

АСТАНА. 12 ақпан. Кеше елордадағы Есіл ауданының Берік Жәкенов пен Нұр-Сұлтан қаласы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті басшысының бірінші орынбасары Бақытжан Ниязов аудан әкімдігінде жүргізіліп жатқан жұмыстар мен ағымдағы жылға жоспарланған іс-шаралар туралы онлайн диалог жүргізді. Бұл туралы қалалық сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті баспасөз қызметінің дерегіне сүйенген rast.kz хабарлады.

Шара #ANTIKOR.LIVE жобасы аясында өтті.

Әкім  алдымен Есіл ауданының аумағында «Астана – адалдық алаңы» жобасының іске асырылуы, нақты айтқанда, «OPEN AKIMAT» тұжырымдамасы туралы айтып берді. Онда тұрғындарға «бір терезе» қағидаты бойынша қызмет көрсетілетіні сөз болды. Сол арқылы азаматтар электрондық кезек тәртібімен ХҚКО, тұрғын үй құрылыс жинақ банкі, тұрғын үй қоры, халықты жұмыспен қамту орталығы, мемлекеттік кірістер басқармасы, «Атамекен» ҰКП және аудан әкімдігі қызметкерлерінен мемлекеттік қызметтерді тегін ала алады.

Айта кету керек, 2019 жылдың қыркүйек айынан бастап «OPEN AKIMAT» аймағы ашылғаннан бері «OPEN AKIMAT» енгізілуіне байланысты 18 804-тен астам қала тұрғынына көмек көрсетілді. Есіл ауданының әкімдігі басқару мәдениетінің жаңа стандарттарына көшу бойынша жұмысты табысты ілгерілетуде.

Халық арасында ең өзекті мәселелер көлік құралдарына, мүлікке және жер салығына салық, азаматтық хал актілерін тіркеу, тұрғын үй, жұмыспен қамту және т. б. болды.

2019 жылмен (16 581 мемлекеттік қызмет) салыстырғанда көрсетілген мемлекеттік қызметтердің 30 пайызға артқаны байқалады.

Жалпы, ашықтық қағидаттарына негізделе отырып, біз 2019 жылы «Бюджетке қатысу» жобасын енгіздік, Есіл ауданында барлық шешімдер қоғамдық тыңдаулар, халықпен кездесулер өткізілгеннен кейін қабылданады, 109 «Ikomek» Call – орталығының жұмысына талдау жүргіземіз және т. б.

Мәселен, 2020 жылы 31 жоба қарауға енгізілді. Сараптамалық кеңес мүшелерінің қарау нәтижелері бойынша 183 млн.теңге сомасына 8 жобаны іске асыру шешілді. Биылғы жылы бұл тәжірибе кеңейтіліп, жалғастырылатын болады.

Сондай-ақ, «Есіл» ауданының тұрғын үй алаптарында азаматтарға ыңғайлы болу үшін «Үркер» шағын ауданда әкім инспекторының қосымша кабинеті ашылды. Осы жылдың ақпан айындағы есеп беру кездесулерінде 200-ден астам өтініш түсті. Халықпен кері байланыс орнату мақсатында өтініштерді қарау және орындау бойынша арнайы жоспар әзірленді, мерзімдері бекітілді. Бұл шаралар ауданымыздың жүйелі жұмысына ықпал етеді.

Сонымен қатар, әкім «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы аясында өткен жылдан бастап «Адал көмек» жобасы аясында жұмыс жүргізіліп жатқанын, онда әкімдік қызметкерлері халықты толғандыратын ТКШ, аудан инфрақұрылымы, санитарлық тазалау, абаттандыру, әлеуметтік сала және кәсіпкерлік және т. б. мәселелер бойынша онлайн консультациялар өткізетінін айтты.

Эфир барысында әкім Есіл ауданы әкімдігінің 2020 жылы атқарған жұмысы және ағымдағы жылға арналған жоспарлары туралы айтып берді.

Диалог барысында әкім желі қолданушыларының сұрақтарына да жауап берді. Мысалы, шағын аудан тұрғын алабын су басуына жол бермеу бойынша қабылданып жатқан шараларға қатысты. Әкім «Үркер» тұрғын алабында екі мердігер ұйым жұмыс істейтінін айтты. Қар полигонына тәулік бойы шығарылады. Күн сайын 5 бригада және 20 самосвал жұмыс істейді. Өткен жылдың күзінде біз ұзындығы 8.5 км үйінді бөгетті нығайту бойынша жұмыстар жүргізілді, 15 ақпаннан бастап су тасқынына қарсы іс-шаралар аясында қар барынша шығарылады.

Сондай-ақ, әкім оңалту орталығының ашылуына қатысты сұраққа жауап берді. «Үркер» шағын ауданында мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған оңалту орталығын ашу үшін үй-жай қажет. Биылғы жылы «Үркер» аумағында дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысы жоспарлануда. Осы кешен негізінде осы әлеуметтік жобаны іске асыру мәселесін қарастыруға болады.

Таңбалар: АстанаәкімЕсіл ауданы

Ұқсас мақалалар

Бүгін Астанада «Әбіл» көркем фильмінің премьерасы көрсетіледі
Жаңалықтар

Бүгін Астанада «Әбіл» көркем фильмінің премьерасы көрсетіледі

26.06.2026
Министр Астана емханаларындағы реформалар барысын бағалады
Әлеумет

Министр Астана емханаларындағы реформалар барысын бағалады

08.06.2026
Энергетика, сауда және Амур жолбарыстары. Путин мен Тоқаевтың мәлімдемелері
Жаңалықтар

Энергетика, сауда және Амур жолбарыстары. Путин мен Тоқаевтың мәлімдемелері

28.05.2026
Талқылауға қосылу үшін жүйеге кіріңіз

КӨП ҚАРАЛҒАНЫ

  • Қызылордада Ұлттық домбыра күні «Домбыра – халық мұрасы» атты іс-шара өтті

    Қызылордада Ұлттық домбыра күні «Домбыра – халық мұрасы» атты іс-шара өтті

  • БЕЙІМБЕТТІҢ ІЗБАСАРЫ

  • НОҒАЙ АРУЫ

  • Соғыстағы стратегиялық сауаттылық сапаға соқпақ салады

  • Украина Ярославльдегі МӨЗ-ге және Петербург порттарына шабуыл жасады

  • Қадыровтың кісі өлімін әкелген апатқа кінәлі ұлы жол полициясынан медаль алды

  • Еркін форматтағы жүздесуде жастар саясатының басыңқы бағыттары талқыланды

RAST.kz

Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси, ғылыми-көпшілік порталы

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде 23.01.2020 ж. тіркеліп, №KZ56VPY00019585 куәлігін алған.

Құрылтайшы:
«Даларус» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Яндекс.Метрика

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
HTML Weather widget for website by meteolabs.kz

USD USD 467.98 ₸
EUR EUR 533.87 ₸
RUB RUB 6.11 ₸

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру

Add New Playlist