9 Шілде, 05:07
RAST.kz
USD USD 467.98 ₸
EUR EUR 533.87 ₸
RUB RUB 6.11 ₸
Погода в Астане
Погода
Погода в Астане на 2 недели
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Министр Астана емханаларындағы реформалар барысын бағалады

8 Маусым 2026 11:50
- Әлеумет, Жаңалықтар
Министр Астана емханаларындағы реформалар барысын бағалады
Facebook-те бөлісу Twitter-де бөлісу

АСТАНА. 8 маусым. Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова Астана қаласындағы бірқатар емханалар жұмысымен жан-жақты танысты. Бұл туралы министрлік баспасөз қызметінің дерегіне сүйенген rast.kz хабарлайды.

Денсаулық сақтау министрі Астана емханаларында жүріп жатқан реформалар нәтижелерін бағалады. Ол, атап айтқанда, №1, №13 қалалық емханалар мен City жеке емханасына барып, денсаулық сақтаудың бастапқы буынында жүргізіліп жатқан реформалардың нәтижелерімен, халыққа медициналық көмек көрсету ісінің ұйымдастырылуымен және медицина қызметкерлерінің жұмысымен танысты.

Министр осының барысында қарапайым дәрігерлермен, мейіргерлермен және медициналық ұйымдардың басшыларымен кездесіп, медициналық-санитариялық алғашқы көмекті дамыту, профилактикалық жұмысты жетілдіру, үдерістерді цифрландыру және қаржыландыру жүйесін одан әрі реформалау мәселелерін талқылады.

«Біз үшін статистика мен есептерді ғана емес, жергілікті жерлердегі нақты өзгерістердің нәтижелерін көру маңызды. Кез келген реформа медициналық көмектің сапасын арттырып, оны халық үшін қолжетімді етіп, медицина қызметкерлеріне қолайлы еңбек жағдайларын жасаған кезде ғана өз мәніне ие болады», – деп атап өтті Ақмарал Әлназарова.

Ведомство басшысы балаларға медициналық көмек көрсету мәселелері мен педиатриялық қызметті дамыту перспективаларына ерекше назар аударды. Оның айтуынша, қазіргі уақытта министрлік тарапынан педиатриялық көмекті ұйымдастырудың әртүрлі модельдерінің тиімділігіне кешенді талдау жүргізілуде.

«Біз халықаралық тәжірибені мұқият зерттеп жатырмыз. Алайда шешім қабылдау кезінде ең алдымен балаларымыздың мүдделерін, практикалық дәрігерлердің пікірін және Қазақстанның нақты жағдайларын басшылыққа аламыз», – деді Ақмарал Шәріпбайқызы.

Емханаларды аралау барысында профилактикалық жұмыстар мен ауруларды ерте анықтау нәтижелері таныстырылды. Атап айтқанда, №1 қалалық емханада бірінші тоқсанның қорытындысы бойынша скринингтік тексерулермен қамту деңгейі 60 пайыздан асты. 10 мыңнан астам адам профилактикалық тексеруден өтіп, олардың нәтижесінде шамамен 200 түрлі ауру анықталған.

Министрдің айтуынша, мұндай көрсеткіштер профилактикалық медицинаның тиімділігі артып келе жатқанын көрсетеді және ауруларды дер кезінде анықтап, ауыр асқынулардың алдын алуға мүмкіндік береді.

«Бүгінде халықты скринингтік тексерулермен қамту, созылмалы аурулары бар пациенттерді диспансерлік бақылауды ұйымдастыру және профилактикалық жұмысты дамыту бағытында оң динамиканы байқап отырмыз. Дәл осы бастапқы буын ауруларды ерте анықтаудың және халық денсаулығын сақтаудың негізіне айналуы тиіс», – деді Ақмарал Әлназарова.

Медицина қызметкерлерін ынталандыру мәселелеріне де ерекше назар аударылды. Емханалар басшылығы нақты сапа және тиімділік көрсеткіштеріне қол жеткізуге бағытталған ынталандырушы төлемдер жүйесін енгізу нәтижелерін таныстырды.

«Еңбекке ақы төлеу жүйесі медицина қызметкерлерін көрсетілген қызмет көлеміне емес, медициналық көмектің сапасына, профилактикалық белсенділігіне және қол жеткізілген нәтижелерге ынталандыруы өте маңызды. Түптеп келгенде, бұдан пациенттер де, жалпы денсаулық сақтау жүйесі де ұтады», – деп ой қорытты министр.

Ұжымдармен кездесулер барысында медициналық-санитариялық алғашқы көмекті қаржыландыру жүйесін жетілдірудің алдағы қадамдары да талқыланды. Соның ішінде 2027 жылдан бастап енгізу жоспарланып отырған толыққанды сақтандыру үлгісіне көшуге дайындық мәселесі сөз болды.

Ақмарал Әлназарова сақтандырылмаған халықпен жұмысты жандандыру және әлеуметтік қызметтермен ведомствоаралық өзара іс-қимылды күшейту қажеттігіне ерекше тоқталды.

«Сақтандыру моделіне толық көшу бүгіннен бастап жан-жақты дайындықты талап етеді. Біздің ортақ міндетіміз – әрбір азаматтың медициналық көмекке қол жеткізуін қамтамасыз ету және оның міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі құқықтары мен мүмкіндіктерін түсінуіне жағдай жасау», – деді министр келесі сөздің кезегінде.

Жұмыс барысында бастапқы буынды цифрландыру, пациенттердің бағытталу маршрутын жетілдіру, кеңейтілген практика кабинеттерін дамыту және жалпы практика дәрігерлерінің жұмыс тиімділігін арттыру мәселелері де талқыға түсті.

Ведомство басшысы сапары қорытындысын шығара отырып, бастапқы буындағы реформалардың нақты нәтижелер көрсетіп отырғанын, алайда денсаулық сақтау жүйесін жетілдіру бағытындағы жанды жұмыстардың жалғаса беретінін айтты.

«Біздің мақсатымыз – реформаны реформа үшін жүргізу емес. Кез келген өзгерістің басты көрсеткіші – халықтың денсаулығы, ауруларды дер кезінде анықтау, медициналық көмектің қолжетімділігі және пациенттердің көрсетілетін қызмет сапасына қанағаттануы», – деп сөзін тиянақтады министр.

Таңбалар: Ақмарал ӘлназароваАстанаденсаулық сақтауреформа

Ұқсас мақалалар

Бүгін Астанада «Әбіл» көркем фильмінің премьерасы көрсетіледі
Жаңалықтар

Бүгін Астанада «Әбіл» көркем фильмінің премьерасы көрсетіледі

26.06.2026
Денсаулық сақтау министрі Таразда аналар өліміне қатысты тапсырма берді
Әлеумет

Денсаулық сақтау министрі Таразда аналар өліміне қатысты тапсырма берді

06.06.2026
Денсаулық сақтау министрі Таразда бірқатар мекеме жұмысымен танысты
Әлеумет

Денсаулық сақтау министрі Таразда бірқатар мекеме жұмысымен танысты

05.06.2026

КӨП ҚАРАЛҒАНЫ

  • Қызылордада Ұлттық домбыра күні «Домбыра – халық мұрасы» атты іс-шара өтті

    Қызылордада Ұлттық домбыра күні «Домбыра – халық мұрасы» атты іс-шара өтті

  • БЕЙІМБЕТТІҢ ІЗБАСАРЫ

  • НОҒАЙ АРУЫ

  • Украина Ярославльдегі МӨЗ-ге және Петербург порттарына шабуыл жасады

  • Соғыстағы стратегиялық сауаттылық сапаға соқпақ салады

  • Қадыровтың кісі өлімін әкелген апатқа кінәлі ұлы жол полициясынан медаль алды

  • Еркін форматтағы жүздесуде жастар саясатының басыңқы бағыттары талқыланды

RAST.kz

Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси, ғылыми-көпшілік порталы

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде 23.01.2020 ж. тіркеліп, №KZ56VPY00019585 куәлігін алған.

Құрылтайшы:
«Даларус» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Яндекс.Метрика

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
HTML Weather widget for website by meteolabs.kz

USD USD 467.98 ₸
EUR EUR 533.87 ₸
RUB RUB 6.11 ₸

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру

Add New Playlist