17 Қазан, 23:10
RAST.kz
USD USD 452.12 ₸
EUR EUR 508.95 ₸
RUB RUB 5.41 ₸
Погода в Астане
Погода
Погода в Астане на 2 недели
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Елімізде пациенттерге дәрі-дәрмекті бірлесіп төлеу тетігі енгізіледі

7 Қазан 2025 20:20
- Әлеумет, Жаңалықтар
Елімізде пациенттерге дәрі-дәрмекті бірлесіп төлеу тетігі енгізіледі
Facebook-те бөлісу Twitter-де бөлісу

АСТАНА. 7 қазан. Қазір Қазақстанда пациенттер үшін дәрі-дәрмекті бірлесіп төлеу тетігі іс қосылып жатыр. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігі баспасөз қызметінің дерегіне сүйенген rast.kz хабарлайды.

Денсаулық сақтау министрлігі амбулаториялық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етудің жаңа тетігі – дәрілер үшін бірлесіп төлеу жүйесіне көшуде. Пилоттық жоба 2025 жылы Астанада басталып, қолданыстағы тегін дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету жүйесін толықтыратын болады.

Жаңа тетік қолданыстағы тегін рецепт арқылы дәрі алу тәртібін өзгертпейді. Азаматтар бұрынғыдай кепілдендірілген тегін медициналық көмек көлемі шеңберінде дәрі-дәрмектерін ақысыз ала алады. Сонымен қатар пациенттерге бірлесіп төлеу жүйесіне қатысушы дәріханалардан басқа препаратты таңдау мүмкіндігі беріледі. Бұл ретте тегін дәрі алу құқығы сақталады.

Бірлесіп төлеу тетігі пациенттерге дәріні тегін алуда немесе заманауи препаратты таңдап, оның құнының бір бөлігін өз есебінен төлеуде өз бетінше шешім қабылдауға мүмкіндік береді.

Төлем мөлшері халықаралық патенттелмеген атауы бойынша белгіленген шекті баға мен таңдалған препарат құнының айырмашылығы шегінде жүргізіледі.

Бірінші кезеңде тетік «артериялық гипертензия» ауруы бойынша енгізіледі. 2024 жылы амбулаториялық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету аясында 3,3 миллион пациент, оның ішінде 1,2 миллионы артериялық гипертензиямен ауыратындар дәрі алған.

Төлем «eGov» мобильді қосымшасындағы «Әлеуметтік әмиян» сервисі арқылы, QR-коды бар электрондық рецепт негізінде жүзеге асырылады. Пилоттық жобаны қаржыландыру амбулаториялық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуге арналған Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының бекітілген бюджеті шегінде жүргізіледі.

Бірлесіп төлеу тетігін енгізу емделу нәтижелілігін жақсартуға және ауру асқынуларын, мүгедектік пен өлім-жітімді азайтуға бағытталған.

Бірлесіп төлеу жүйесі мүмкіндіктерді шектемейді, керісінше кеңейтеді, пациентке таңдау еркіндігін беріп, дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету жүйесінің икемділігі мен ашықтығын арттырады.

Таңбалар: дәрі-дәрмекДенсаулық сақтау министрлігітегін жүйе

Ұқсас мақалалар

Дәрі-дәрмектер мен медициналық бұйымдар сапасын мемлекеттік орган тексереді
Әлеумет

Дәрі-дәрмектер мен медициналық бұйымдар сапасын мемлекеттік орган тексереді

01.09.2026
Қазақстандық дәрігерлер Тәжікстанда күрделі оталарға мастер-класс өткізді
Әлеумет

Қазақстандық дәрігерлер Тәжікстанда күрделі оталарға мастер-класс өткізді

29.08.2026
Министрлік наркологиялық орталықтарды қатаң бақылауда ұстайтын болады
Әлеумет

Министрлік наркологиялық орталықтарды қатаң бақылауда ұстайтын болады

02.06.2026

КӨП ҚАРАЛҒАНЫ

  • Бейсенбай СҮЛЕЙМЕНОВ: Сүйем мен сені, сүйем мен сені, көкірегі ыстық дүние!

    Бейсенбай СҮЛЕЙМЕНОВ: Сүйем мен сені, сүйем мен сені, көкірегі ыстық дүние!

  • Жаңақорған ауданында Машбек Нәлібаевтың 100 жылдығына арналған турнир басталды

  • Дусматовтың жекпе-жегіндегі нокаут үшін «Гелендваген» тігіледі

  • АҚШ Конгресі Трамптың Путинмен дизель жөнінде келісімге келуіне тыйым салды

  • Зеленський дизель жөнінде Путинді тыңдауды ұсынған Трампқа қатты айтты

  • Зеленськийдің Трампқа қатысты әрекеті ЕО басшыларын «естен тандырды» 

  • Зеленський Трамптың сөзіне еріп, Украинаны жауға бере салуға ықтияр емес

RAST.kz

Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси, ғылыми-көпшілік порталы

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде 23.01.2020 ж. тіркеліп, №KZ56VPY00019585 куәлігін алған.

Құрылтайшы:
«Даларус» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Яндекс.Метрика

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
HTML Weather widget for website by meteolabs.kz

USD USD 452.12 ₸
EUR EUR 508.95 ₸
RUB RUB 5.41 ₸

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру

Add New Playlist