АСТАНА. 2 маусым. Денсаулық сақтау министрлігі наркологиялық орталықтардың жұмысына ерекше көңіл бөліп, ұдайы жіті бақылауға алды. Бұл туралы vecher.kz ақпарына сүйенген rast.kz хабарлайды.
Заң бұзушылықтар анықталған жағдайда материалдар құқық қорғау органдарына беріледі.
Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова жүргізушілерге медициналық куәландыру жүргізу кезінде жекелеген наркологиялық орталықтар жіберетін заң бұзушылықтар мәселелері бойынша кеңес өткізді.
Кеңес барысында азаматтардың өтініштері, депутаттық сауалдар және мас күйіне куәландыру жүргізу кезінде белгіленген рәсімдерді сақтамау фактілері қаралды.
Министр медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетіне барлық өңірлік наркологиялық орталықтарға қолданыстағы стандарттар мен медициналық куәландыру жүргізу тәртібінің сақталуына кешенді тексеру жүргізуді тапсырды.
Ведомство басшысы бұзушылықтар анықталған жағдайда материалдар қолданыстағы заңнама шеңберінде іс жүргізу шешімдерін қабылдау үшін құқық қорғау органдарына берілетінін атап өтті.
Сондай-ақ, денсаулық сақтау министрлігі рәсімдердің ашықтығын арттыру, азаматтардың құқықтарын қорғау және даулы жағдайларды болдырмау мақсатында медициналық куәландыруды жүргізу тәртібін реттейтін министрліктің тиісті бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар дайындайтын болады.
Қазір Денсаулық сақтау министрлігі бұл мәселені ерекше бақылауда ұстауда.
USD




