9 Шілде, 10:07
RAST.kz
USD USD 467.98 ₸
EUR EUR 533.87 ₸
RUB RUB 6.11 ₸
Погода в Астане
Погода
Погода в Астане на 2 недели
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Блогер сауалы: Назарбаев сонда нені айтқысы келеді?

Желідегі жеке пікір

13 Қараша 2020 19:24
- Әлеумет, Жаңалықтар
Блогер сауалы: Назарбаев сонда нені айтқысы келеді?
Facebook-те бөлісу Twitter-де бөлісу

Facebook әлеуметтік желісінде бүгін Санат СҮГІРӘЛІ есімді блогер ақсақалдың осындай посты жарияланды. Біз бұл қоғамды толғандырып жүрген мәселелердің бірі болғандықтан, оны көшіріп алып, оқырман назарына ұсынғанды жөн көрдік.

Соңғы уақытта Назарбаев мырзаның баспасөз, телеарна төріндегі белсенділігі арта түскен сияқты. Оның артында не жатыр?.

Мен екі-ақ нәрсе туралы айтайын. Біріншісі – Нұрекеңнің жастарды «ксенофобияға бет бұрып бара жатыр» деп кінәләуі.

Алдымен ксенофобия деген не?

Ксенофобия, үргедектік (грек. xenos «жат»+phobos «қорқыныш») – толерантылыққа мүлде қарама-қайшы ұғым. Этноәлеуметтану ғылымында «ксенофобия – діні, салт-дәстүрі, ұлты бөлек жандардан қорқу, оларды жек көру» деп түсіндіріледі (мысалы, русофобия – орыстармен жауласу, орыстарды жек көру, антисемитизм – еврейлерге өштесу және т.б).

Ал осы пікірімен Нұрекең нені айтқысы келеді?

Менің ойымша бұл – ұлтшылдыққа шабуылға дайындық. Себебі, билік те, шовинистер де қазақ национализмін нацизммен, фашизммен, расистік идеологиямен теңестіргісі келеді. Оның да себебі белгілі, билік қазақ тілді ұлтшылдарды мемлекет, Парламент, Үкімет маңайына жолатпауды көздейді. Билік осы арқылы бодандық идеологиясынан әлі де айырылмағандығын, декоммунизация жасалмағандығын, орыс тілінде қалып, өздерінің орыс тіліндегі ұрпақтарының мүддесін халық мүддесінен жоғары қоятындығын білдіріп отыр. Әйтпесе, биліктің түрлі сылтау айтып, 30 жылда қазақ тілін, Конституция бойынша мемлекет тілін өз орнына қоя алмауы не себепті? Бұл – масқарашылық! Қазақ Республикасы атала отырып, қазақ тілінде емес, шетел тілінде сөйлеу деген таза масқарашылық.

Ұлтшылдар туралы айтсам, ұлтшылдардың мақсаты ұлттық демократиялық мемлекет құру болғанымен, Қазақстандағы басқа ұлттар диаспораларын кемсіту, жек көру емес, керісінше қазақ тілін өз орнына қоя отырып, басқа ұлт өкілдерін мемлекет тілінің маңайына топтастыру пиғылы бар. Біз басқа ұлттар диаспораларының құқықтық праволарын шектемейміз, қайта олармен біріге отырып, Қазақстанның өркендеуіне үлесін қосуды, олардың Қазақстанды өз Отаным, өз елім деп түсінулерін қалаймыз.

Біздің талабымыз – олардың мемлекет тілін сыйлауы, мемлекет құраушы халықтың әдет-ғұрпына, салт-дәстүріне, ұлттық құндылықтарына достық көзқараспен қарауы, олардың «ұлыдержавалық орыс шовинизімінен» аулақ болуы. Қай ұлт болса да, өз ұлтын басқа ұлттардан артық көрмеуін қалаймыз.

Ұлтшылдар – мемлекетшілдер, бірақ олар тіпті де шовинистер, нацистер, фашистер, расистер емес.

Екінші мәселе, Нұрекеңнің білім министрі Аймағамбетовті сынауына байланысты.

Ағайындар-ау, өзі президент болып тұрғанда, 28 жылда Нұрекең 14 министрді ауыстырған жоқ па? Кімдер келіп, кімдер кетпеді білім министрлігіне, көбісі алатындарын алып, қалталарына салып жөндеріне кетті. Бір Сағадиевтің өзі неге тұрады?! Кімнің баласы ол, қалай тағайындалды, ол жайлы да баршаңыз жақсы білесіздер.

Әкесі Ғылым академиясын жоқ қылса, баласы оқу білім саласын құртты.

Ал енді ғана келген Аймағамбетовке Нұрекеңнің шүйлігуінің себебі не?

Шамасы, өзінің уақытында кең өріс алған жеке университеттердің жұмысын қолға алып, білімсіз кадрлар дайындаушылықпен, сыбайлас жемқорлықпен, жалған диплом беретіндермен күресі шығар шымбайына батып жатқаны (қалтаға түсетін ақшалар азайды ма?). Аймағамбетовтің не кінәсі бар, ендеше, бұл кісінің алдында?

Болмаса, өзі мен қызының (Дариға) қалай академик, саясат және экономика саласы докторлары болғандығы ашылып қалады деп қорқа ма? Қазақстанға қандай саяси-экономикалық көмек берді әкесі мен қызының сол ғылыми атақ-дәрежелері?.. Мен айтпасам да, оны өздерің білесіңдер..

Бұл менің екі мәселе бойынша өз ойым, өз тұжырымым, сіздер қалай ойлайсыздар, бауырлар?..

P.S. Бастарыңды ауыртпайын деп қысқаша жаздым. Пікірлеріңізді балапыт сөздерсіз, кертартпа, «олай емес пе, былай емес пе, соны да білмейсің бе, тәубе, шүкіршілік, елде тыныштық» демей, саяси мәдениеттіліктеріңізді көрсете отырып, жазуға болады. Менімен келіспеуіңіз – ол өз тұжырымыңыз, өз құқығыңыз, тек оны тықпаламаңыз. Ортаға ой салыңыз, халық өз қалауын таңдайды, қолдайды деп түсінемін.

Санат СҮГІРӘЛІ

 

Ескерту: Автор пікірінің редакция көзқарасымен сәйкес келуі міндетті емес.

 

Таңбалар: жеке пікірНұрсұлтан НазарбаевСанат Сүгірәлі

Ұқсас мақалалар

Назарбаевтың шет елдерге өз бетінше сапарға шығуына тыйым салу ұсынылды
Жаңалықтар

Назарбаевтың шет елдерге өз бетінше сапарға шығуына тыйым салу ұсынылды

29.12.2025
Назарбаев дүние жүзінің ең бай адамдары рейтингісіне кірді
Әлеумет

Назарбаев дүние жүзінің ең бай адамдары рейтингісіне кірді

25.07.2025
Бүгін Назарбаев 85 жасқа толды, бірақ мерейтой ел ішінде атап өтілмейді
Жаңалықтар

Бүгін Назарбаев 85 жасқа толды, бірақ мерейтой ел ішінде атап өтілмейді

06.07.2025
Талқылауға қосылу үшін жүйеге кіріңіз

КӨП ҚАРАЛҒАНЫ

  • Қызылордада Ұлттық домбыра күні «Домбыра – халық мұрасы» атты іс-шара өтті

    Қызылордада Ұлттық домбыра күні «Домбыра – халық мұрасы» атты іс-шара өтті

  • БЕЙІМБЕТТІҢ ІЗБАСАРЫ

  • НОҒАЙ АРУЫ

  • Украина Ярославльдегі МӨЗ-ге және Петербург порттарына шабуыл жасады

  • Соғыстағы стратегиялық сауаттылық сапаға соқпақ салады

  • Қадыровтың кісі өлімін әкелген апатқа кінәлі ұлы жол полициясынан медаль алды

  • Еркін форматтағы жүздесуде жастар саясатының басыңқы бағыттары талқыланды

RAST.kz

Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси, ғылыми-көпшілік порталы

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде 23.01.2020 ж. тіркеліп, №KZ56VPY00019585 куәлігін алған.

Құрылтайшы:
«Даларус» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Яндекс.Метрика

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
HTML Weather widget for website by meteolabs.kz

USD USD 467.98 ₸
EUR EUR 533.87 ₸
RUB RUB 6.11 ₸

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру

Add New Playlist