25 Тамыз, 08:08
RAST.kz
USD USD 457.99 ₸
EUR EUR 534.15 ₸
RUB RUB 5.47 ₸
Погода в Астане
Погода
Погода в Астане на 2 недели
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Назарбаевтың шет елдерге өз бетінше сапарға шығуына тыйым салу ұсынылды

29 Желтоқсан 2025 18:24
- Жаңалықтар, Құқық
Назарбаевтың шет елдерге өз бетінше сапарға шығуына тыйым салу ұсынылды
Facebook-те бөлісу Twitter-де бөлісу

АСТАНА. 29 желтоқсан. Қазақстан Парламентінде экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың Мәскеуге барып, РФ президенті Владимир Путинмен кезекті мәрте кездесуіне орай мәселе көтерілді. Бұл туралы Adyrna.kz ақпарына сүйенген rast.kz хабарлайды.

Онда Нұрсұлтан Назарбаевтың өз бетінше шет елдерге емін-еркін барып-келе беруіне белгілі бір тәртіппен шектеу қоюды қарастыру жайы ұсынылып жатыр.

«Парламент Мәжілісінің депутаты Ермұрат Бапи ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттік құпияларға қол жеткізген бұрынғы жоғары лауазымды тұлғалардың шетелге шығуын заңнамалық тұрғыда реттеуді ұсынды», – делінген хабарламада.

Депутат жұрттың көбінің көкейіндегі ойды дұрыс қозғап отыр.

Кезінде «Елбасы» деген қосымша атақ алып алған Қазақстанның бұрынғы басшысы өзі тақтан кеткеннен кейін, 2020 жылдан бері көрші мемлекеттің көсемімен 6 мәрте кездесті. Олардың бірінші ұшырасулары 2020 жылдың наурызында Мәскеуде, Кремльде өтті. Бұл жұп екінші рет 2021 жылдың маусым айында Мәскеудің сыртында оңаша кездесті. Үшінші кездесу 2021 жылы 28 желтоқсанда Санкт-Петербургте өткен саммиттер аясында орын алды. Оның артынша, яғни келесі жылдың 2 қаңтарында Қазақстан қалаларында тура 10 күнге созылатын әйгілі Қаңтар қақтығысы басталып кетті.

Бұлар өздерінің төртінші кездесулерін 2024 жылдың желтоқсанында Путиннің Мәскеу түбіндегі Ново-Огарево резиденциясында өткізді. Бесінші беттесу биылғы 2025 жылғы 29 мамырда Кремльде тіркелді. Ал соңғы – алтыншы гәплашу 27 желтоқсан күні  тағы да Кремльдің қабырғасында қаз тұрды.

Жасыратыны жоқ, өзі айтатындай, «зейнеткер қарияның» Мәскеуге арнайы барып, Кремльдің қожайынымен жеке кездесуі әр жолы қазақ қоғамында дүрбелең мен наразылық туғызып келеді. Бұл жолы да әлеуметтік желіде мына ұшырасуға қарсы тасқынның нөпірі қатты болып тұр. Оған және саяси тұрғыда баға беруге бет бұрғандардың қарасы да едәуір көбейе түскен.

Мұның бәрін байқап жүрген Ермұрат Бапи нысанасына қатты шүйлігіп, сөзін батыра айтыпты. «Бұл не қылған сүмеңдеген жүріс?! Кезінде жеке өзі билеп-төстеп, бір шыбықпен айдаған халқы пана болмайтынын сезген сорақының қорлығы ғана ма? Әлбетте, бұл тіленшектік Қазақстанға, қазаққа қарайлас қарекет емес, әдеттегідей тойымсыз жеке бастың қамы болса керек! Сондықтан елдің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттік құпияны білетін тұлғаның (экс-президент болсын, министр немесе басқа да лауазымгер болсын) шет елге шығу мүмкіндігін реттейтін заң қажет шығар. Қалай ойлайсыңдар, заңгер-депутат әріптестер, біз осындай заңға бастамашылық жасай аламыз ба?» – деп жазды ол Facebook парақшасында.

Мәжілісші бұл шетін мәселені Қытайдағы тәрізді эмиграцияны шектеу тетіктерінің халықаралық міндеттемелер мен мемлекетаралық конвенцияларға қаншалықты қайшы келуі мүмкін екені тұрғысынан көтеріп отырғанын атап өтті.

Таңбалар: Владимир ПутинМәскеуНұрсұлтан Назарбаев

Ұқсас мақалалар

Әскерилер күзде Мәскеуге 2 мың дрон шабуыл жасайтынын айтты
Жаңалықтар

Әскерилер күзде Мәскеуге 2 мың дрон шабуыл жасайтынын айтты

21.08.2026
«Ішкі жаулар Путинге сайлауға дейін соққы берулері әбден ықтимал»
Жаңалықтар

«Ішкі жаулар Путинге сайлауға дейін соққы берулері әбден ықтимал»

11.08.2026
Новосібір тұрғындарынан Путин келіп-кеткенше қозғалысты шектеу талап етілді
Жаңалықтар

Новосібір тұрғындарынан Путин келіп-кеткенше қозғалысты шектеу талап етілді

11.08.2026

КӨП ҚАРАЛҒАНЫ

  • Өмірдің өрінен тағы бір жайсаң, жақсы жан өтті

    Өмірдің өрінен тағы бір жайсаң, жақсы жан өтті

  • Аида Балаева: Біз «Қазақфильмнен» айырылып қала жаздадық

  • Алашқа аты аян айтулы ақын Елубай Әуезов ақтық сапарға аттанды

  • «Көршінің қызы» керемет еді (видео)

  • Мемлекет басшысы Үкімет құрамында бірқатар өзгерістер болатынын мойындады

  • Денсаулық министрі жеке азаматтарды қабылдап, мәселелерін шешуге ықпал етті

  • Путиннің кедейлерге арналған соғысы байларды байыта түседі

RAST.kz

Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси, ғылыми-көпшілік порталы

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде 23.01.2020 ж. тіркеліп, №KZ56VPY00019585 куәлігін алған.

Құрылтайшы:
«Даларус» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Яндекс.Метрика

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
HTML Weather widget for website by meteolabs.kz

USD USD 457.99 ₸
EUR EUR 534.15 ₸
RUB RUB 5.47 ₸

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру

Add New Playlist