9 Шілде, 16:07
RAST.kz
USD USD 467.98 ₸
EUR EUR 533.87 ₸
RUB RUB 6.11 ₸
Погода в Астане
Погода
Погода в Астане на 2 недели
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Біртанов дәрігерлерге арнап үндеу жасады

14 Сәуір 2020 17:33
- Әлеумет, Жаңалықтар
Біртанов дәрігерлерге арнап үндеу жасады
Facebook-те бөлісу Twitter-де бөлісу

АСТАНА. 14 сәуір. Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов медицина саласындағы әріптестеріне үндеу тастады. Бұл туралы Azattyq ruhy.kz хабарлады.

Министр өз үндеуін коронавирус пандемиясы тарауына байланысты қаңтар айынан бастап үзіліссіз, тәулік бойы қызмет етіп жатқан барлық деңгейдегі медицина мамандарына, дәрігерлерге, медбикелерге, санитарларға, медициналық ұйым басшыларына, санитарлық қызметтегілерге, университтеттер мен ғылыми орталық қызметкерлеріне арнады.

«Шаршағандарыңызды білемін. Көпшілігінің үйіне барып, балаларын құшуға мүмкіндігі болмай отыр. Тіпті, коронавирус жұқтырған мамандар да аз емес. Бірақ соған қарамастан, сіздер күн сайын жұмысқа барып, науқастарды емдеп, адамдардың жанын алып қалып жатырсыздар. Сіздер оны ақша үшін істеп жатқан жоқсыздар. Өйткені, кәсіп сондай. Мен сіздермен мақтанамын», – деп жазды министр.

Министр осындай қиын кезеңде тек сөзбен емес, іспен көмек беріп жатқандарға да алғысын білдірді.

«Қарт кісілерге тамағы мен дәрісін апарып, қолдан маска тігіп, қажетті жүк тиелген әуе рейстері үшін қалтасынан қаржы шығарып, үйде концерт беріп жатқандармен, сондай-ақ тәртіпке бағынып, үйде отырған азаматтармен мақтанамын», – деді Біртанов.

Біртанов дәрігерлерді әлеуметтік желідегі псевдо-сарапшылардың пікіріне құлақ аспауға шақырды.

«Өкінішке қарай, әлеуметтік желіде оңды-солды ақпарат тарататын псевдо-сарапшылар көбейді. Олар өзінше баға беріп, әртүрлі болжамдар жасап, желіні қажетсіз ақпаратпен толтырып отыр. Бірақ оны жүрекке жақын қабылдамаңыздар. Бәріне шыдап, кәсібилік танытыңыздар. Қазір қиын шақ. Бізге керегі – төзім мен нақты кәсіби іс-әрекет. Ештеңеге алаңдамай, назарымыз тек жұмыста болатын шақ. Қазір біреуге ренжіп, салғыласатын кез емес. Оның бәрін жағдай оңалып, эпидемия саябырсығанда реттеп үлгереміз», – деп министр дәрігерлерді сабырға шақырды.

Ол медицина қызметкерлері бастан кешіп жатқан қазіргі эпидемиялық ахуалдың уақытша қиындық екенін айтты.

«Уақыт өтеді, эпидемия да аяқталады. Бұл туралы фильмдер түсіріліп, кітаптар жазылар. Көп нәрсе ұмытылады. Бірақ сіздер коронавируспен ауруханаларда күні-түні күрескен сәтіңізді есіңізге аласыз. Нағыз батыр – сіздер. Мен бұл вирусты жеңеміз деп сенем. Бізді бұл қиындықтан алып шығатын – сіз бен біздің кәсіби әрекетіміз, ғылым және тәртіп», – деді Біртанов.

Еске сала кетейік, кеше тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің төрайымы Людмила Бұйрабекова Қазақстанда коронавирус жұқтырғандардың 20,5  пайызы дәрігерлер екенін айтқан болатын.

Таңбалар: Елжан Біртанов

Ұқсас мақалалар

«Біртановтың қамалғаны – жалған». Қаржы комитеті осылай деді
Жаңалықтар

«Біртановтың қамалғаны – жалған». Қаржы комитеті осылай деді

31.10.2020
Экс-министр Елжан Біртанов талан-тараж фактісімен қамалды
Жаңалықтар

Экс-министр Елжан Біртанов талан-тараж фактісімен қамалды

31.10.2020
Біртанов қолды қалай жуу керек екенін көрсетті (видео)
Әлеумет

Біртанов қолды қалай жуу керек екенін көрсетті (видео)

23.03.2020
Талқылауға қосылу үшін жүйеге кіріңіз

КӨП ҚАРАЛҒАНЫ

  • Қызылордада Ұлттық домбыра күні «Домбыра – халық мұрасы» атты іс-шара өтті

    Қызылордада Ұлттық домбыра күні «Домбыра – халық мұрасы» атты іс-шара өтті

  • БЕЙІМБЕТТІҢ ІЗБАСАРЫ

  • НОҒАЙ АРУЫ

  • Соғыстағы стратегиялық сауаттылық сапаға соқпақ салады

  • Украина Ярославльдегі МӨЗ-ге және Петербург порттарына шабуыл жасады

  • Қадыровтың кісі өлімін әкелген апатқа кінәлі ұлы жол полициясынан медаль алды

  • Еркін форматтағы жүздесуде жастар саясатының басыңқы бағыттары талқыланды

RAST.kz

Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси, ғылыми-көпшілік порталы

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде 23.01.2020 ж. тіркеліп, №KZ56VPY00019585 куәлігін алған.

Құрылтайшы:
«Даларус» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Яндекс.Метрика

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
HTML Weather widget for website by meteolabs.kz

USD USD 467.98 ₸
EUR EUR 533.87 ₸
RUB RUB 6.11 ₸

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру

Add New Playlist