АСТАНА. 23 наурыз. Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов коронавриустан сақтану үшін қолды қалай жуу керек екенін жұртшылыққа арнайы көрсетіп берді. Бұл туралы 365info.kz хабарлады.
Қазақстанның бас дәрігері #SafeHands челледжіне қосылды.
«Қымбатты достар! Мен ВОЗ-дың басшысы доктор Тедростан эстафетаны қабылдап аламын. Өзімізді коронавирус инфекциясынан қауіпсіз ету үшін мен сіздерден қарапайым ғана тазалық ережесін сақтауды өтінемін. Мұның негізі – қолды сабынмен кем дегенде 20 секунд жуып шығу. Мен мына бейнажазбада сіздерге қолды қалай мұқият жуу керек екенін көрнекі түрде көрсетіп беремін», – деді Елжан Біртанов.
https://youtu.be/1IPrcGAo3SE
USD




