17 Қазан, 13:10
RAST.kz
USD USD 452.12 ₸
EUR EUR 508.95 ₸
RUB RUB 5.41 ₸
Погода в Астане
Погода
Погода в Астане на 2 недели
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Белгілі ғалым, абайтанушы Мекемтас Мырзахметұлы өмірден өтті

11 Қаңтар 2025 14:31
- Жаңалықтар, Қайнар
Белгілі ғалым, абайтанушы Мекемтас Мырзахметұлы өмірден өтті
Facebook-те бөлісу Twitter-де бөлісу

АЛМАТЫ.11 қаңтар. Белгілі абайтанушы, әдебиеттанушы ғалым, филология ғылымдарының докторы, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Мекемтас Мырзахметұлы 95-ке қараған шағында дүние салды. Бұл туралы kursiv.kz ақпарына сүйенген rast.kz хабарлайды.

Қаралы хабарды Мұхтар Әуезов атындағы әдебиет және өнер институты жеткізді.

«Бүгін белгілі абайтанушы, әдебиеттанушы ғалым, филология ғылымдарының докторы, профессор, ҚР Мемлекеттік сыйлығының және «Түркі әлеміне қызмет» халықаралық сыйлығының иегері Мекемтас Мырзахметұлы өмірден өтті», – делінген хабарламада.

Абай атындағы Қазақ педагогикалық институтының (қазіргі Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті) филология факультетін (1953), аспирантурасын (1964) бітірген.

Еңбек жолын 1953–1961 жылдары Низами атындағы Ташкент педагогикалық институтында кафедра меңгерушісі болудан бастады, бұдан кейін онда декан, проректор болды. 1969–1975 жылдары ҚазПИ-де доцент, 1975–1991 жылдары Қазақстан Ғылым академиясы Әдебиет және өнер институтында ғылыми қызметкер, абайтану бөлімінің меңгерушісі қызметтерін атқарды. Ал 1991–2000 жылдары арасында Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің кафедра меңгерушісі‚ Иасауи ғылыми лабораториясының меңгерушісі, әдебиет және этнофилология ғылыми-зертттеу орталығының директоры, 2002–2003 жылы Түркітану ғылыми-зертттеу институтының директоры,. 2000 жылдан М.Х. Дулат атындағы Тараз мемлекеттік университетінде қазақ әдебиеті кафедрасының меңгерушісі және «Түркі халықтары әдебиетінің тарихы» ғылыми-зертттеу орталығының директоры, «Бауыржантану» ғылыми-зертттеу орталығының бас ғылыми қызметкері болды.

Мекемтас Мырзахметұлы Абай мұрасын зерттеп, шығармаларындағы философияның Жүсіп Баласағұн және Қожа Ахмет Яссауи философиясымен байланыстырған. «Абай» энциклопедиясын құрастырып, Мұхтар Әуезовтің 20 томдық, 50 томдық шығармалар жинағын шығаруға атсалысқан. Ол сондай-ақ қазақ тарихы мен руханиятына қатысты көптеген еңбектер жазып, олардың бірқатарын кітап етіп шығарған.

Ғасырға жуық уақыт ғұмыр кешкен Мекемтас аға өткен жүзжылдықтың  30-жылдары совет өкіметінің  қолдап ұйымдастыруымен қазақ даласын жайлаған кең ауқымды ашаршылықтың жанды куәгері еді. Отбасындағы 12 баланың кенжесі болған ол бір құдыреттің күшімен аман шыққан. Ал 1933 жылы әкесі қайтыс болғаннан кейін анасы бір ұл, бір қызбен қалған. Аштықтан қашып, ен далада келе жатқанда қыз баласын қасқырға тастап, ұлын сақтап қалған анасы туралы ғалымның өзі талай рет баяндап берген.

Тіршілігінде қазақ руханияты үшін орасан зор еңбек сіңірген абзал адам, ғұлама ғалым, кемел кісі, толық тұлға арамыздан кетіп бара жатыр.

Алла алдыңыздан жарылқасын, профессор!

Таңбалар: ғалымқазаМекемтас Мырзахметұлы

Ұқсас мақалалар

Сыр бойының белгілі перзенті Шахизат Төребаев өмірден өтті
Әлеумет

Сыр бойының белгілі перзенті Шахизат Төребаев өмірден өтті

05.10.2026
Каспийдегі қайғылы оқиғаның қыспағында 5 әскери басшы қамауға алынды
Жаңалықтар

Каспийдегі қайғылы оқиғаның қыспағында 5 әскери басшы қамауға алынды

25.09.2026
Есімі елге танымал спорт журналисі Ғалым Сүлейменов қайтыс болды
Жаңалықтар

Есімі елге танымал спорт журналисі Ғалым Сүлейменов қайтыс болды

18.09.2026

КӨП ҚАРАЛҒАНЫ

  • Бейсенбай СҮЛЕЙМЕНОВ: Сүйем мен сені, сүйем мен сені, көкірегі ыстық дүние!

    Бейсенбай СҮЛЕЙМЕНОВ: Сүйем мен сені, сүйем мен сені, көкірегі ыстық дүние!

  • Қызылордада ағза донорлығы мен трансплатация жөнінде іс-шара өткізілді

  • Дусматовтың жекпе-жегіндегі нокаут үшін «Гелендваген» тігіледі

  • Зеленський дизель жөнінде Путинді тыңдауды ұсынған Трампқа қатты айтты

  • Зеленськийдің Трампқа қатысты әрекеті ЕО басшыларын «естен тандырды» 

  • Қазақстандағы автожол саласына реформа жүргізетін жұмыс тобы құрылды

  • ҚАСІРЕТТІ ҚЫРЫҚ КҮН

RAST.kz

Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси, ғылыми-көпшілік порталы

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде 23.01.2020 ж. тіркеліп, №KZ56VPY00019585 куәлігін алған.

Құрылтайшы:
«Даларус» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Яндекс.Метрика

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
HTML Weather widget for website by meteolabs.kz

USD USD 452.12 ₸
EUR EUR 508.95 ₸
RUB RUB 5.41 ₸

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру

Add New Playlist