9 Шілде, 15:07
RAST.kz
USD USD 467.98 ₸
EUR EUR 533.87 ₸
RUB RUB 6.11 ₸
Погода в Астане
Погода
Погода в Астане на 2 недели
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Бейсенбай Сүлейменов. Туған күніңмен, Айтұмсық!

Ертегі

16 Мамыр 2020 20:19
- Қазына
Бейсенбай Сүлейменов.  Туған күніңмен, Айтұмсық!
Facebook-те бөлісу Twitter-де бөлісу

Хайуанаттар бағында сағына күткен жаңалық болды. Мүйізтұмсық кіп-кішкентайлығы болмаса, өзінен аумайтын, сүп-сүйкімді жануарды дүниеге әкелді. Ботақан әке-шесесі сияқты топырақ түсті қою қоңыр да, батпақ қара да емес, үлбіреген көгілдір еді. Тұмсығының ұшында нүктедей қара дақ «мен мұндалап» тұрды. Оған сәуле түссе болды, алтындай жалтырай, жауыннан кейінгі кемпірқосақтай мың түске айналып, құлпырып сала береді.

Жаңа туған ботақанға бәдіктің тілі, сұғанақтың көзі өтпесін деп, жан баласына көрсетпей, тығып ұстады. Күндіз Күннен қалқалады, түнде Айдан жасырды. Жақсы жаңалықты қанша құпия ұстағанмен гу-гу әңгіме басылған жоқ. Тышқандар жерді тесіп жетсе, Сауысқан шатырдың саңлауынан  сығалап, «бауы берік болсын» айтып та үлгерді. Ал қалған аң-құс сүйкімді жануарды бір көруді армандаумен жүрді.

Түн жарымы ауа, хайуанаттар бағындағы кілең кішкентай ботақандар, маймақ аяқ балапандар мен күшік тектілер түгел жиналды. Олар шәуілдей амандаса, қаңқылдап мауқын баса, өздерінің ең алғашқы танысу-кездесуін өткізді.

– Біз енді ту-ту, ту-ған күнімізді тойлайтын болайық, – деді тілі жаңа ғана шыққан пілдің баласы еттұмсыған ерсілі-қарсылы тербете.

– Ең алдымен менің туған күнімді тойлайық, – деді маймылдың баласы тілінің ерте шыққанын пайдаланып. – Шын айтамын.

– Мен де туған күнімді тойлағым келеді, – деді өткен аптада дүниеге келген кішкентай Қолтырауын. Жаңа ғана шығып келе жатқан өткір тістерін мақтана көрсетіп.

– Онда, дайындала беріңдер, – деді ес біліп, етек-жеңін жинап үлгерген кішкентай Керік майнының ұзындығын пайдаланып. – Ең адымен өмірге жаңа ғана келсе де, бәріміздің көзайымымызға айналған жұмбақ ботақаннан бастаймыз, – деді сөзін кесіп айтып.

– Оған, оған, ең керемет ат ойлап табайық, – деді кішкентай, сүп-сүйкімді аққудың Көгілдірі мойнын соза, күлімсіреген мөлдір көздерін қайта-қайта жыпылықтата.

– Сыйлық әкелуді ұмытып кетпеңдер, – деді әзілдей түйенің Ботасы.

– Келістік, келістік. Сенбі күні түн жарымы ауа осы жерде жиналамыз. Бұл туралы ешкімге тіс жарушы болмаңдар, – деді Алан. – Бұл – Жунгли заңы.

Сол сәттен бастап, хайуанаттар бағында құпия әрекеттер, астарлы әңгімелер жүре бастады. Бұрынғы айқай-шу, керіле-созылған жалқаулық су сепкендей басылып, тыныштық-үзіліс орнады. Күнделікті әкелінетін дастархан мәзірінің жартысы желінбей, қойын-қалталарына салынды…

Асыға күткен түн жарымы да келді. Олар келіскен жерге түгел жиналды. Әшейінде кешігіп жүретін кішкентай тасбақа, тыраштана қарбалақтап, бәрінен бұрын жетіпті

Барлығы жиналып, Мүйізтұмсықтың ауласына келді..

Міне, керемет! Мүйізтұмсық Ай сәулесіне маужырап, кішкентай ботақанын тұмсығына отырғызып алып, тербетіп, Саваннаның бесік жырын айтып тұр екен. Кішкентай ботақаны анасының жарты ай тұмсығынан құшақтап, ұстап алыпты.

– Таптым, таптым, оның есімі енді Айтұмсық болады, – деді кішкентай Керік.

– Айтұмсық!.. О, керемет!

– Айтұмсық, туған күніңмен! – Барлығы жиналып, көзін жаңа ғана ашқан кішкентай Мүйізтұмсықты  құттықтап жатты. Ал ана Мүйізтұмсық болса, жаңа достардың баласын іздеп келгеніне жүрегі жарыла қуанып, билеп жүр. Африканың ен жайлауы – Саваннасында жүргендей.

Сыйлықтар да тау-тау жиналды. Хайуанаттар бағындағылар өмірлерінде мұншама тәтті тағамдарды көрмеген еді. Қарындары да ашып қалыпты. Қомағайланып кеткендері-ай!  Сүйсіне жеді. Ойнады. Бірі атамекені аптап ыстық  Африканы, енді бірі ну орманды Американы сағынып қалыпты. Азияның тәтті, бал-шырын жеміс-жидектері шашудай шашылды. Олар дауыстары қарлыққанша ән айтты. Қарындары ашқанша, аяқтары талғанша биледі. Айқайлады, таласты. Бір-біріне еркеледі…

– Енді кімнің туған күнін тойлаймыз, – деді Керік қоштасар кезде. – Оған бұдан да керемет дайындалуымыз керек.

– Менің!

– Менің де!

– Мені маймылдың шақалағы деп мазақтағандарын қойсын!

– Мен, мен, атымды айтуға да ұяламын, – деді кішкентай Көртышқан.

– Той бәрімізге де же-те-ді-і,– деді қасқырдың Бөлтірігі әдемі ұлуына басып. – Бірақ, бірақ демалыс күндер аздық етеді.

– Онда туған күнді тойлауды қазақтар сияқты дүйсенбіден бастай берейік, – деді Торғайдың балапаны. Хайуанаттар бағында еркін жүріп үйреніп қалғандығын мақтан етіп. – Мен қонаққа барғанды, сыйлық алғанды жақсы көремін.

Хайуанаттар бағы бір сілкінді. Дүрлікті. Дәл мұндай мереке, туған күн еш жерде тойланбаған шығар. Олар үйлеріне қайтуға асыққан жоқ. Ата-аналары да еркетайларының кешіккеніне алаңдамады.

Қуаныштан  ешкім көз ілген жоқ…

Таңбалар: Бейсенбай Сүлейменов

Ұқсас мақалалар

«Балалар әдебиетінің бағбаны Бейсенбай Сүлейменов» атты мерекелік кездесу өтті
Қайнар

«Балалар әдебиетінің бағбаны Бейсенбай Сүлейменов» атты мерекелік кездесу өтті

02.06.2026
Мысық-махаббат
Қазына

Мысық-махаббат

08.08.2024
Проректор жазушымен балалар әдебиетін насихаттау жөнінде пікір алмасты
Жаңалықтар

Проректор жазушымен балалар әдебиетін насихаттау жөнінде пікір алмасты

05.08.2024
Талқылауға қосылу үшін жүйеге кіріңіз

КӨП ҚАРАЛҒАНЫ

  • Қызылордада Ұлттық домбыра күні «Домбыра – халық мұрасы» атты іс-шара өтті

    Қызылордада Ұлттық домбыра күні «Домбыра – халық мұрасы» атты іс-шара өтті

  • БЕЙІМБЕТТІҢ ІЗБАСАРЫ

  • НОҒАЙ АРУЫ

  • Соғыстағы стратегиялық сауаттылық сапаға соқпақ салады

  • Украина Ярославльдегі МӨЗ-ге және Петербург порттарына шабуыл жасады

  • Қадыровтың кісі өлімін әкелген апатқа кінәлі ұлы жол полициясынан медаль алды

  • Еркін форматтағы жүздесуде жастар саясатының басыңқы бағыттары талқыланды

RAST.kz

Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси, ғылыми-көпшілік порталы

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде 23.01.2020 ж. тіркеліп, №KZ56VPY00019585 куәлігін алған.

Құрылтайшы:
«Даларус» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Яндекс.Метрика

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
HTML Weather widget for website by meteolabs.kz

USD USD 467.98 ₸
EUR EUR 533.87 ₸
RUB RUB 6.11 ₸

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру

Add New Playlist