18 Қазан, 11:10
RAST.kz
USD USD 452.12 ₸
EUR EUR 508.95 ₸
RUB RUB 5.41 ₸
Погода в Астане
Погода
Погода в Астане на 2 недели
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Армения Путинді Гаага ордері бойынша қамауға алатынын ескертті

29 Наурыз 2023 22:07
- Жаңалықтар, Жаһан
Армения Путинді Гаага ордері бойынша қамауға алатынын ескертті
Facebook-те бөлісу Twitter-де бөлісу

ЕРЕВАН. 29 наурыз. Арменияның билеуші партиясы өз елдеріне келіп жатса, Путиннің Халықаралық қылмыстық соттың ордеріне сай тұтқындалатынын растады. Бұл туралы армян пабликтеріне сілтеме жасаған rast.kz хабарлайды.

Армян премьер-министрі Никол Пашинянның партиясы Владимир Путинге Айастанға (Арменияға) келмеуге кеңес берді. «Әйтпесе, елдің басшылығы Ресей президентін тұтқындауға тиіс болады», – деп мәлімдеді Армения ұлттық жиналысындағы (парламент) билеуші партия фракциясының депутаты Гагик Мелконян (суретте) бұқаралық ақпарат құралдары өкілдеріне берген сұхбатында.

«Егер Путин Арменияға келсе, ол тұтқынға алынуы тиіс… Ең дұрысы, Путин ешқайда шықпай, өз елінде қала беруі керек… Егер біз бұл келісімге кіретін болсақ, онда өз міндеттемемізді орынауға тиіспіз. Ресей алдымен өзінің Украинамен арадағы проблемасын шешіп алсын… Мен Путиннің Арменияға келмегенін қалаймын», – деді депутат сосын.

Factor.am сайтының жазуынша, Айастанның Конституциялық соты өткен аптада парламенттің Рүм статутын ратификациялауын қолдады. Конституциялық сот райысы Арман Диланян статутта бекітілген міндеттемелер республиканың негізгі заңына толық сәйкес келетінін мәлімдеді. Оның айтуынша, Конституциялық соттың шешімі түпкілікті болып табылады, ол жария болған сәтінен бастап өзінің күшіне енеді.

Дүйсенбі күні Айастан парламенті Халықаралық қылмыстық соттың құжатын ратификациялап қойды. Содан кейін Ресей сыртқы істер министрлігі мұның Ереван үшін «кері әсер» етуі мүмкін. Министрлік өкілінің айтуынша, Мәскеу армян билігінің бұл қадамын қазір Халықаралық қылмыстық сот РФ президенті Владимир Путинді қамауға алу жөнінде ордер беріп жатқан кезде ешбір құптауға болмайтін іс деп есептейді.

Осы тұста News.am Ресей хайлары (армяндары) одағы Армения билігін Рүм статутын қабылдаудан бас тартуға шақырған үндеу таратқанын баяндады.

Еске сала кетейік, 17 наурызда Гаагадағы Халықаралық қылмыстық соттың сотқа дейінгі палатасы Ресей президенті Владимир Путин мен оның балалар омбудсмені Мария Львова-Белованы қамауға алу үшін ордер жазып берген еді. Оларға Украинада соғыс қылмысын жасады, соның ішінде оккупанттар армиясы басып алған украин территорияларынан украин балаларын күшпен депортациялап әкетті деген айып тағылды.

Қазір ХҚС-ның Рүм статуты негізінде қазір әлемнің 123 елі жұмыс істейді. Ордер жазылғаннан кейін осы мемлекеттердің кез келгені Ресей президентін тұтқынға алып, соттау үшін Гаагаға жөнелтулері тиіс.

Бұған дейін Германия, Оңтүстік Африка республикасы, Бразилия және Австрия сияқты бірқатар мемлекеттер өз территорияларына келе қалса, Путинді бірден тұтқындайтындарын мәлімдеді.

Таңбалар: АрменияВладимир ПутинГагик Мелконянордер

Ұқсас мақалалар

Армения бас прокуратурасы экс-президент Кочарянның үстінен іс қозғады
Жаңалықтар

Армения бас прокуратурасы экс-президент Кочарянның үстінен іс қозғады

25.08.2026
Путин Ресей жоғары оқу орындарын орыс тілін филологиядан бөлуге шақырды
Жаңалықтар

«Ішкі жаулар Путинге сайлауға дейін соққы берулері әбден ықтимал»

11.08.2026
Новосібір тұрғындарынан Путин келіп-кеткенше қозғалысты шектеу талап етілді
Жаңалықтар

Новосібір тұрғындарынан Путин келіп-кеткенше қозғалысты шектеу талап етілді

11.08.2026
Талқылауға қосылу үшін жүйеге кіріңіз

КӨП ҚАРАЛҒАНЫ

  • Бейсенбай СҮЛЕЙМЕНОВ: Сүйем мен сені, сүйем мен сені, көкірегі ыстық дүние!

    Бейсенбай СҮЛЕЙМЕНОВ: Сүйем мен сені, сүйем мен сені, көкірегі ыстық дүние!

  • Жаңақорған ауданында Машбек Нәлібаевтың 100 жылдығына арналған турнир басталды

  • АҚШ Конгресі Трамптың Путинмен дизель жөнінде келісімге келуіне тыйым салды

  • Дусматовтың жекпе-жегіндегі нокаут үшін «Гелендваген» тігіледі

  • Зеленський дизель жөнінде Путинді тыңдауды ұсынған Трампқа қатты айтты

  • Зеленськийдің Трампқа қатысты әрекеті ЕО басшыларын «естен тандырды» 

  • Зеленський Трамптың сөзіне еріп, Украинаны жауға бере салуға ықтияр емес

RAST.kz

Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси, ғылыми-көпшілік порталы

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде 23.01.2020 ж. тіркеліп, №KZ56VPY00019585 куәлігін алған.

Құрылтайшы:
«Даларус» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Яндекс.Метрика

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
HTML Weather widget for website by meteolabs.kz

USD USD 452.12 ₸
EUR EUR 508.95 ₸
RUB RUB 5.41 ₸

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру

Add New Playlist