14 Қыркүйек, 01:09
RAST.kz
USD USD 450.91 ₸
EUR EUR 522.69 ₸
RUB RUB 5.33 ₸
Погода в Астане
Погода
Погода в Астане на 2 недели
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Армения бас прокуратурасы экс-президент Кочарянның үстінен іс қозғады

25 Тамыз 2026 19:42
- Жаңалықтар, Қайнар
Армения бас прокуратурасы экс-президент Кочарянның үстінен іс қозғады
Facebook-те бөлісу Twitter-де бөлісу

ЕРЕВАН. 25 тамыз. Армения бас прокуратурасы елдің екінші президенті Роберт Кочарянға қатысты тоғыз эпизодтан тұратын қылмыстық істер жүргізуді қолға алды. Бұл туралы «Новости-Армения» ақпарына сілтеме жасаған rast.kz хабарлайды.

Агенттік бұрынғы президенттің үстінен 24 тамызда бірнеше қылмыстық іс қозғады. Олардың үш эпизоды лауазымдық өкілдігін артық пайдалану, екі эпизоды аса ірі көлемде пара алу және төрт эпизоды ірі көлемдегі ақшаны зытыру, яғни қолма-қол ақшаға айналдыру баптарына арналды.

Қылмыстық қуғындауға тағы тоғыз адам ұшырады. Олардың арасында екінші президенттің үлкен ұлы Седрак Кочарян, Арменияның 2000-2007 жылдардағы премьер-министрі Андраник Маргарян, 2000-2007 жылдардағы қорғаныс министрі Серж Саргсян, Ереванның 2009-2010 жылдардағы мэрі Гагик Бегларян және басқалар бар.

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комитетінің тексеруі шеңберінде 1998-2008 жылдары Кочарянның мемлекет мүлкін өзімен байланыстағы тұлғалар мен компанияларға тиімді шарттармен, оның ішінде нарықтық құнынан едәуір төмен және жария сауда-саттықсыз беру үшін лауазымдық өкілеттіктерін жеке мүддесі үшін пайдаланғаны анықталды», – делінген ведомство мәлімдемесінде.

Тергеу сондай-ақ бұл мүліктің шығу тегін жасыру және келісімдерге заңды сипат берудің шаралары қабылданғанын айғақтайды. Іс материалдарына Ачарян және Царав Ахбюр көшелері аудандарындағы жер телімдері, «Каскад» кешені жанындағы аумақ, Паронян көшесіндегі жылжымайтын мүлік, «Капутак Севан» шипажайы, теннис спорт мектебінің мүлкі, сондай-ақ Еревандағы Вазген Саркисян және Налбандян көшелеріндегі нысандар тігілген.

Атап айтқанда, бас прокуратура болжамды сызбалардың бірінің нәтижесінде Кочарянға жалпы құны шамамен 2,63 миллиард драма болатын 56 жылжымайтын мүлік берілгенін мәлімдейді.

Тағы бір эпизод «Toyota Yerevan» компаниясына қатысты. Тергеудің болжамы бойынша, компанияның 30%-дық үлесі мемлекеттік жер учаскелерін олардың нарықтық құнынан едәуір төмен бағамен сатып алуға жәрдемдесуі үшін екінші президенттің ұлына пара ретінде берілген.

 

Таңбалар: Арменияқылмыстық ісРоберт Кочарян

Ұқсас мақалалар

Жат елдің «жарамазаншылары» үстерінен қылмыстық іс қозғалды
Жаңалықтар

Жат елдің «жарамазаншылары» үстерінен қылмыстық іс қозғалды

05.09.2026
Армения шетелде тұратын азаматтарының дауыс беруіне тыйым салды
Жаңалықтар

Армения шетелде тұратын азаматтарының дауыс беруіне тыйым салды

04.07.2026
ЕО Арменияны қолдау үшін шұғыл сауда шаралары пакетін дайындап жатыр
Дәулет

ЕО Арменияны қолдау үшін шұғыл сауда шаралары пакетін дайындап жатыр

17.06.2026

КӨП ҚАРАЛҒАНЫ

  • Ғалым «қыргүйек», «көгөніс», «шегара» сөздері неге өзгертілетінін түсіндірді

    Ғалым «қыргүйек», «көгөніс», «шегара» сөздері неге өзгертілетінін түсіндірді

  • Қазақстандағы ең ықпалды болып саналатын 25 әйелдің аты-жөндері анықталды

  • Алматыда дәрігерлер жаңа туған нәрестеден екі келілік ісікті алып тастады

  • Қызылордада отбасы күні қарсаңында тағылымды кездесу өтті

  • Тамырдан – туындыға… Сыр елінің өнері – елорда төрінде! (видео)

  • Алматыда «Барлық» базарына дейінгі метро желісінің құрылысы жүріп жатыр

  • Ерлан Қарин: «Орфографиялық сөздік» 13 жылдан кейін қайта жазылады

RAST.kz

Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси, ғылыми-көпшілік порталы

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде 23.01.2020 ж. тіркеліп, №KZ56VPY00019585 куәлігін алған.

Құрылтайшы:
«Даларус» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Яндекс.Метрика

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
HTML Weather widget for website by meteolabs.kz

USD USD 450.91 ₸
EUR EUR 522.69 ₸
RUB RUB 5.33 ₸

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру

Add New Playlist