18 Қазан, 17:10
RAST.kz
USD USD 452.12 ₸
EUR EUR 508.95 ₸
RUB RUB 5.41 ₸
Погода в Астане
Погода
Погода в Астане на 2 недели
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Ақтөбеде көмек сұраған әйелдің шағымын ескермеген ТЖД қызметкері сотталды

18 Қыркүйек 2024 09:56
- Жаңалықтар, Құқық
Еркін күрестен Ресей құрамасының бапкері терроризм ісі бойынша ұсталды
Facebook-те бөлісу Twitter-де бөлісу

АҚТӨБЕ. 18 қыркүйек. Ақтөбеде өзін өлтіргелі жатқанын айтып, қоңырау шалған әйелдің шағымына құлақ аспаған ТЖД қызметкері сот жүзінде жаза алды. Бұл туралы Azattyq Rýhy ақпарына сүйенген rast.kz хабарлайды.

Ақтөбе қаласының №2 сотында абайсызда ауыр зардаптарға әкеліп соққан салғырттық айыбымен ТЖД қызметкеріне қатысты қылмыстық іс қаралды. Оған екі жылға бас бостандығынан айыру жазасы берілді.

Сотталушы Қ. Ақтөбе облысының Төтенше жағдайлар департаментінің Дағдарыс жағдайлары басқармасының жедел кезекшісінің көмекшісі болып жұмыс істеген.

«Қайғылы оқиға орын алған күні, 2024 жылы 9 маусымда ол тәулік бойғы кезекшілікте болған. Сол күні шамамен сағат 12.18-де жәбірленуші С. 112 нөміріне қоңырау шалып, «Мені өлтіргелі жатыр» деп айтқан. Сотталушы Қ. мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адам бола тұра, аталған хабарламаны елемей, ішкі істер органдарының жасақтарын қылмыс орнына жұмылдыруға бағытталған шұғыл әрекеттер жасамаған, осылайша өзінің орындауға тиіс функционалдық міндеттеріне салғырттық танытқан. Салдарынан С-тің өлімі орын алған», – делінген сот хабарламасында.

Жәбірленушінің өкілі сотталушы Қ-ға қатысты 300 000 теңге көлеміндегі материалдық және 5 000 000 теңге көлеміндегі моральдық шығындарды өндіру жөніндегі азаматтық талап-арыз ұсынды. Сотталушы мен жәбірленушінің арасында медиациялық келісім бар.

Сотталушы сот отырысында кінәсін толық мойындады.

«Сот Қ-ны ҚР ҚК-нің 371-бабының 2-бөлігі бойынша кінәлі деп танып, оған мемлекеттік қызметте және құқық қорғау органдарында қызмет ету құқығынан 3 жылға айыра отырып, 2 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Жәбірленушінің азаматтық талап арызы өтініші бойынша қараусыз қалдырылды. «Ақтөбе облысының Төтенше жағдайлар департаменті» РММ басшысына тиісті шара қолдану үшін сотпен жекеше қаулы шығарылды», – делінген хабарламада.

Соттың үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Таңбалар: АқтөбесотТЖМ қызметкері

Ұқсас мақалалар

Ақтөбеде заман талабына сай футбол стадионының құрылысы басталды
Дәулет

Ақтөбеде заман талабына сай футбол стадионының құрылысы басталды

12.09.2026
Түркістан облысында тойда діни уағыз айтқан тұрғынның ісі сотқа жолданды
Жаңалықтар

Түркістан облысында тойда діни уағыз айтқан тұрғынның ісі сотқа жолданды

08.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Ақтөбеде стратегиялық жобалардың іске асырылу барысымен танысты
Дәулет

Нұрлыбек Нәлібаев Ақтөбеде стратегиялық жобалардың іске асырылу барысымен танысты

05.08.2026

КӨП ҚАРАЛҒАНЫ

  • Бейсенбай СҮЛЕЙМЕНОВ: Сүйем мен сені, сүйем мен сені, көкірегі ыстық дүние!

    Бейсенбай СҮЛЕЙМЕНОВ: Сүйем мен сені, сүйем мен сені, көкірегі ыстық дүние!

  • Жаңақорған ауданында Машбек Нәлібаевтың 100 жылдығына арналған турнир басталды

  • Дусматовтың жекпе-жегіндегі нокаут үшін «Гелендваген» тігіледі

  • АҚШ Конгресі Трамптың Путинмен дизель жөнінде келісімге келуіне тыйым салды

  • Зеленський дизель жөнінде Путинді тыңдауды ұсынған Трампқа қатты айтты

  • Зеленськийдің Трампқа қатысты әрекеті ЕО басшыларын «естен тандырды» 

  • Зеленський Трамптың сөзіне еріп, Украинаны жауға бере салуға ықтияр емес

RAST.kz

Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси, ғылыми-көпшілік порталы

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде 23.01.2020 ж. тіркеліп, №KZ56VPY00019585 куәлігін алған.

Құрылтайшы:
«Даларус» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Яндекс.Метрика

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
HTML Weather widget for website by meteolabs.kz

USD USD 452.12 ₸
EUR EUR 508.95 ₸
RUB RUB 5.41 ₸

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру

Add New Playlist