11 Қазан, 04:10
RAST.kz
USD USD 453.93 ₸
EUR EUR 508.72 ₸
RUB RUB 5.35 ₸
Погода в Астане
Погода
Погода в Астане на 2 недели
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Түркістан облысында тойда діни уағыз айтқан тұрғынның ісі сотқа жолданды

8 Қыркүйек 2026 20:48
- Жаңалықтар, Қайнар
Түркістан облысында тойда діни уағыз айтқан тұрғынның ісі сотқа жолданды

Wooden brown judge gavel on the table, copy space, banner background.

Facebook-те бөлісу Twitter-де бөлісу

ТҮРКІСТАН. 8 қыркүйек. Түркістан облысында той үстінде діни уағыз айтқан тұрғынның ісі сот қаралып жатыр.  Бұл туралы Kazinform.kz ақпарына сілтеме жасаған rast.kz хабарлайды.

Түркістан облысының 66 жастағы тұрғынына қатысты қылмыстық іс сотқа жолданды. Оның тойда әйелдер мен әншілерді кемсітіп сөйлеген видеосы әлеуметтік желіде тарап, қоғамның наразылығын тудырған еді.

Түркістан облысы полиция департаментінің ресми сауалға берген жауабына сәйкес, сотқа дейінгі тергеу аяқталған.

«К. Қанаевқа қатысты қылмыстық іс сотқа дейінгі тергеу басталған сәттен бастап аяқталғанға дейін Қылмыстық кодекстің 174-бабы 1-бөлігі бойынша тергелді. Қылмыстық құқық бұзушылықтың саралануы өзгертілген жоқ және қосымша баппен толықтырылмады», – деді Түркістан облысы полиция департаменті тергеу басқармасының бастығы Мұхтар Сейділдаев.

Күдіктіге қатысты екі ай мерзімге қамауда ұстау түріндегі бұлтартпас шара қолданылған. Оның мерзімі ұзартылмаған.

Ведомствоның мәліметінше, қылмыстық іс бойынша кешенді сот дінтану, саясаттану және психологиялық-филологиялық сараптамасы тағайындалып, аяқталған.

«2026 жылғы 26 тамызда қылмыстық іс Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексінің 190-бабында көзделген тәртіппен сотқа жолданды. Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің өзге де мәліметтері ҚР ҚПК-нің 201-бабының талаптарына сәйкес жария етуге жатпайді», – деді Мұхтар Сейділдаев.

Қылмыстық кодекстің 174-бабының 1-бөлігіне сәйкес, әлеуметтік, ұлттық, рулық, нәсілдік немесе діни алауыздықты қоздыруға бағытталған қасақана жария әрекеттер үшін 2 мыңнан 7 мыңға дейінгі АЕК мөлшерінде айыппұл немесе екі жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеу көзделген. Сондай-ақ осы мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы да қарастырылған.

2026 жылы 1 АЕК мөлшері – 4 325 теңге. Осылайша, айыппұл көлемі 8 млн 650 мың теңгеден 30 млн 275 мың теңгеге дейін болуы мүмкін. Сотталушы кінәлі деп танылған жағдайда қандай жаза тағайындалатынын сот шешеді.

Еске сала кетейік, тамыз айының басында Түркістан облысының Жетісай қаласында өткен тойдан түсірілген видео әлеуметтік желілерде тараған еді. Той қонағы әншілерді «шайтанның азаншылары» деп атап, әйелдер мен ер адамдар бөлек отыруы керек екенін айтқан. Сондай-ақ әйелдерді «ұрғашылар» деп кемсіткен. Осыдан кейін полиция қылмыстық іс қозғады.

Вице-президент Ерлан Қарин Қазақстанның зайырлы мемлекет екенін атап өтіп, дінді өнер мен мәдениетке қарсы қоюға болмайтынын айтқан. Оның пікірінше, әйелдерді кемсіту, әншілерге, музыка өнеріне қатысты теріс пікір білдіру болмысымызға мүлдем жат.

Сондай-ақ Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы ислам дінінде ана мен әйел адамға құрмет көрсету талап етілетінін және адам қадір-қасиетін қорлауға қатаң тыйым салынатынын атап өтті.

Таңбалар: соттойТүркістан облысыуағыз

Ұқсас мақалалар

Үйлену тойында уағыздың уытын шашқан қарияның қызы сауға сұрады
Жаңалықтар

Үйлену тойында уағыздың уытын шашқан қарияның қызы сауға сұрады

10.08.2026
Зорланғанын айтқан қыздың арызын қараусыз қалдырған полицейге сот үкімі шықты
Жаңалықтар

Зорланғанын айтқан қыздың арызын қараусыз қалдырған полицейге сот үкімі шықты

31.07.2026
Симоньянға қастандық жасаушылардың алды 20 жылға сотталды
Жаңалықтар

Симоньянға қастандық жасаушылардың алды 20 жылға сотталды

04.07.2026

КӨП ҚАРАЛҒАНЫ

  • Сыр бойының белгілі перзенті Шахизат Төребаев өмірден өтті

    Сыр бойының белгілі перзенті Шахизат Төребаев өмірден өтті

  • «Өз еліме керек емеспін»: Тәжірибелі төрешіге қысым жасаған кім?

  • Мерекелік іс-шарада Сыр өңірінің үздік ұстаздарына құрмет көрсетілді

  • Қызылордада Қала күніне арналған үлкен мерекелік концерт қойылды

  • Қазақстан Ресейдің Иркутск облысындағы ахуалды бақылауында ұстайды

  • Қызылордада «Анаға тағзым» ІІІ республикалық форумы өтті

  • Қазақстан Әскери-теңіз күштерінің экс-бас қолбасшысы Қанат Ниязбеков ұсталды

RAST.kz

Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси, ғылыми-көпшілік порталы

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде 23.01.2020 ж. тіркеліп, №KZ56VPY00019585 куәлігін алған.

Құрылтайшы:
«Даларус» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Яндекс.Метрика

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
HTML Weather widget for website by meteolabs.kz

USD USD 453.93 ₸
EUR EUR 508.72 ₸
RUB RUB 5.35 ₸

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру

Add New Playlist