18 Қазан, 19:10
RAST.kz
USD USD 452.12 ₸
EUR EUR 508.95 ₸
RUB RUB 5.41 ₸
Погода в Астане
Погода
Погода в Астане на 2 недели
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Нұрлыбек Нәлібаев Ақтөбеде стратегиялық жобалардың іске асырылу барысымен танысты

5 Тамыз 2026 16:39
- Дәулет, Жаңалықтар
Нұрлыбек Нәлібаев Ақтөбеде стратегиялық жобалардың іске асырылу барысымен танысты
Facebook-те бөлісу Twitter-де бөлісу

АҚТӨБЕ. 5 тамыз. Премьер-министрдің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаев Ақтөбе облысындағы жұмыс сапарының екінші күнін өңірдің стратегиялық жобаларды жүзеге асыруы барысымен танысуға арнады. Бұл туралы Ақтөбе облысы әкімі баспасөз қызметінің дерегіне сүйенген rast.kz хабарлайды.

Мәртебелі мейман бүгін аймақтың көлік инфрақұрылымы, өнеркәсіп, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, цифрландыру салаларындағы жобаларды және әлеуметтік нысандар құрылысын көрді.

Президент қолдауымен атқарылып жатқан жобалар ең алдымен халықтың жайлы тұрмысын, өңірдің әлеуметтік-экономикалық өркендеуін көздейді. Ауқымды жұмыстардың барлық кезеңі, мәселелері Үкімет бақылауында тұр.

Премьер-министрдің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаев бірқатар нысандарды аралап көргеннен кейін облыс активімен жиын өткізді. Онда өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы, инвестиция тарту, өнеркәсіпті дамыту және Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау мәселелері қаралды. Осының ауқымында аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуын жаңа деңгейге көтеру мүмкіндіктері талқыланды. Атап айтқанда, инвестициялық жобаларды уақытылы іске қосу, «Ақтөбе» арнайы экономикалық аймағына жаңа өндірістер тарту, ауыл шаруашылығын қаржыландыру және техникалық жаңғырту жұмыстары бойынша нақты міндеттер қойылды.

Әрі қарай «109» ахуалдық орталығында мемлекеттік ақпараттық жүйелермен ықпалдастырылған цифрлық платформа, «Қазхром» ТҰК» АҚ Ақтөбе ферроқорытпа зауытында өндірістің даму жоспары таныстырылды.

Сапар аясында «Ақтөбе ЖЭО» АҚ-ның алдағы жылу маусымына дайындығы да қаралды. Жауапты тұлғаларға жөндеу жұмыстарын уақытында аяқтап, жылу беру маусымын тұрақты өткізу тапсырылды. Жоспар бойынша дайындық қыркүйекте бітуі тиіс.

Ақтөбедегі «Қоныс» спорт сарайының жанынан жаңа демалыс саябағы салынуда. Аумағы 1,6 гектарды алады, онда серуендеу және жүгіру жолақтары, балалар мен спорт алаңдары, амфитеатр және демалыс аймақтары қарастырылған. Қазіргі кезде құрылысы аяқталуға жақын. Мұндай қоғамдық кеңістіктер «Таза Қазақстан» экологиялық акциясының мақсаттарына сай келеді.

Сапар соңында Премьер-министрдің бірінші орынбасарына «Алтын Орда» шағын ауданындағы экономикалық-іскерлік аумақта іске асырылатын жобалар, музыкалық драма театр, 35 мың көрерменге арналған жаңа футбол стадионының құрылысы таныстырылды.

Қорытындысында өңірде қолға алынған инфрақұрылымдық жобаларды, барлық нысанның құрылыс сапасын бақылау тапсырылды.

Таңбалар: АқтөбеіссапарНұрлыбек Нәлібаев

Ұқсас мақалалар

Нұрлыбек Нәлібаев Алматы облысының жолдары жағдайымен танысты
Әлеумет

Нұрлыбек Нәлібаев Алматы облысының жолдары жағдайымен танысты

10.10.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Алматыда ірі жобалардың орындалу барысымен танысты
Дәулет

Нұрлыбек Нәлібаев Алматыда ірі жобалардың орындалу барысымен танысты

08.10.2026
Нұрлыбек Нәлібаев шетелдік компаниялар басшыларымен инвестиция жайын талқылады
Дәулет

Нұрлыбек Нәлібаев шетелдік компаниялар басшыларымен инвестиция жайын талқылады

06.10.2026

КӨП ҚАРАЛҒАНЫ

  • Бейсенбай СҮЛЕЙМЕНОВ: Сүйем мен сені, сүйем мен сені, көкірегі ыстық дүние!

    Бейсенбай СҮЛЕЙМЕНОВ: Сүйем мен сені, сүйем мен сені, көкірегі ыстық дүние!

  • Жаңақорған ауданында Машбек Нәлібаевтың 100 жылдығына арналған турнир басталды

  • Дусматовтың жекпе-жегіндегі нокаут үшін «Гелендваген» тігіледі

  • АҚШ Конгресі Трамптың Путинмен дизель жөнінде келісімге келуіне тыйым салды

  • Зеленський дизель жөнінде Путинді тыңдауды ұсынған Трампқа қатты айтты

  • Зеленськийдің Трампқа қатысты әрекеті ЕО басшыларын «естен тандырды» 

  • Зеленський Трамптың сөзіне еріп, Украинаны жауға бере салуға ықтияр емес

RAST.kz

Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси, ғылыми-көпшілік порталы

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде 23.01.2020 ж. тіркеліп, №KZ56VPY00019585 куәлігін алған.

Құрылтайшы:
«Даларус» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Яндекс.Метрика

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
HTML Weather widget for website by meteolabs.kz

USD USD 452.12 ₸
EUR EUR 508.95 ₸
RUB RUB 5.41 ₸

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру

Add New Playlist