18 Қазан, 21:10
RAST.kz
USD USD 452.12 ₸
EUR EUR 508.95 ₸
RUB RUB 5.41 ₸
Погода в Астане
Погода
Погода в Астане на 2 недели
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

АҚШ Украинаға Қырымды толық қамтитын ракета беруге келіскелі отыр

1 Шілде 2023 22:04
- Жаңалықтар, Тіршілік
АҚШ Украинаға Қырымды толық қамтитын ракета беруге келіскелі отыр
Facebook-те бөлісу Twitter-де бөлісу

УАШИНГТОН. 1 шілде. АҚШ радиусы 300 шақырымға баратын, Қырымды түгел ұрып шыға алатын ATACMS ракеталарын Украинаға беруге келісіп қалатын түрі бар. Бұл турады The Moscow News ақпарына сүйенген rast.kz хабарлайды.

Америка мен Еуропаның ресми тұлғалары АҚШ-тың Украинаға алысқа атылатын ATACMS ракеталарын жақын арада беруді қолдағалы отырғанын жеткізді. The Wall Street Journal (WSJ) басылымына деректер берген тұлға Киевке аталмыш зымыран жеткізу мәселесі жоғары деңгейде шешілгелі тұрғанын айтты. Бұрын Ақ үй бұл идеяға сенімсіздікпен қарайтын еді, алайда қазір Украинаға көмектесудің ең бір шешуші кезеңі келгенін мойындай бастады. Сондықтан жақындағы апталарда мәселе оңынан шешіліп қалатын түрі бар. Президент Джо Байден әкімшілігінің мұндай қадамға баруына «Вагнер» ЖӘК басшысы көтерген бүліктің көп әсері болған сияқты.

Ресейдің әскери қылмыскері, диверсант Игорь Гиркин (Стрелков) алдағы уақыттарда мұндай бүліктердің барынша жиілей түсетенін алға тартады. Ал Украина Қарулы күштерінің шабуылды неғұрлым күшейген сайын РФ армиясында Кремльге қарсылар қарасы көбейе түспек. Қазір түрмеде отырған Грузияның бұрынғы президенті Михеил Саакашвили өзінің Twitter-дегі парақшасында РФ диктаторы Владимир Путинде кейінгі кездері бұрын болмаған күйгелектіктің күшейіп кеткенін жазды. Бұған, әлбетте, украин армиясының там-тұмдап болса да, күнде ілгері қарай жылжып келе жатқаны да әсер етуде.

ATACMS ракеталары 300 шақырымдағы нысаналарға емін-еркін жетеді, Украина онымен Қырым көпірін тас-талқан ете алған болар еді. Украина Қарулы күштері онымен Ресейдің Воронеж, Ростов, Смоленск, Брянск, Курск, Рязань, Белгород секілді қалаларын да алыстан атқылай алады. Сол кезде соғыста үлкен бетбұрыс басталатынын сарапшылар да айтып отыр.

РФ-ның басқыншылар армиясы өздері тастап шыққан жерлердің бәріне мина қойып кетіп барады. Украина президенті Володимир Зеленьский қарсы шабуылдың қарқынды жүруіне мұның өзі кедергі болып тұрғанын баяндай келіп, «Мен өз жауынгерлерімді күмәнсіз өлімге айдап сала алмаймын, сондықтан жолдар мен алқаптарды миналардан тазартып барып, алға жылжимыз» деді. Ал ATACMS ракеталары жауды туы сыртынан атқылап, қирата отырып, жолды тазартып алып, ілгері жүре беруге көп септігін тигізер еді.

Таңбалар: ATACMSсоғысУкраина

Ұқсас мақалалар

Лукашенка армияның соғысқа қаншалықты дайын екенін тексеруді бұйырды  
Жаңалықтар

Лукашенка армияның соғысқа қаншалықты дайын екенін тексеруді бұйырды  

12.09.2026
Мәскеу жақтан бір дабыл күтеді жұрт…
Жаңалықтар

Мәскеу жақтан бір дабыл күтеді жұрт…

05.09.2026
Германия Украинаға шабуыл жасау үшін қажетті қару-жарақтарды бере бастайды
Жаңалықтар

Германия Украинаға шабуыл жасау үшін қажетті қару-жарақтарды бере бастайды

05.09.2026
Талқылауға қосылу үшін жүйеге кіріңіз

КӨП ҚАРАЛҒАНЫ

  • Бейсенбай СҮЛЕЙМЕНОВ: Сүйем мен сені, сүйем мен сені, көкірегі ыстық дүние!

    Бейсенбай СҮЛЕЙМЕНОВ: Сүйем мен сені, сүйем мен сені, көкірегі ыстық дүние!

  • Жаңақорған ауданында Машбек Нәлібаевтың 100 жылдығына арналған турнир басталды

  • Дусматовтың жекпе-жегіндегі нокаут үшін «Гелендваген» тігіледі

  • АҚШ Конгресі Трамптың Путинмен дизель жөнінде келісімге келуіне тыйым салды

  • Зеленський дизель жөнінде Путинді тыңдауды ұсынған Трампқа қатты айтты

  • Зеленськийдің Трампқа қатысты әрекеті ЕО басшыларын «естен тандырды» 

  • ҚАСІРЕТТІ ҚЫРЫҚ КҮН

RAST.kz

Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси, ғылыми-көпшілік порталы

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде 23.01.2020 ж. тіркеліп, №KZ56VPY00019585 куәлігін алған.

Құрылтайшы:
«Даларус» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Яндекс.Метрика

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
HTML Weather widget for website by meteolabs.kz

USD USD 452.12 ₸
EUR EUR 508.95 ₸
RUB RUB 5.41 ₸

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру

Add New Playlist