23 Қазан, 02:10
RAST.kz
USD USD 447.94 ₸
EUR EUR 502.32 ₸
RUB RUB 5.52 ₸
Погода в Астане
Погода
Погода в Астане на 2 недели
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Ақмарал Әлназарова Денсаулық сақтау министрі болып қайта тағайындалды

3 Қыркүйек 2026 13:10
- Әлеумет, Жаңалықтар
Ақмарал Әлназарова Денсаулық сақтау министрі болып қайта тағайындалды
Facebook-те бөлісу Twitter-де бөлісу

АСТАНА. 3 қыркүйек. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бүгін, 3 қыркүйек күні Ақмарал Әлназарованы Денсаулық сақтау министрі етіп қайта тағайындау жөніндегі Жарлыққа қол қойды. Бұл туралы Ақорда баспасөз қызметінің дерегіне сүйенген rast.kz хабарлайды.

«Мемлекет басшысының Жарлығымен Ақмарал Шәріпбайқызы Әлназарова Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі лауазымына тағайындалды», – делінген Ақорданың Telegram арнасында жарияланған ресми ақпаратта.

Ақмарал Шәріпбайқызы 1971 жылы 16 ақпанда Қызылорда қаласында туған.

Алматы мемлекеттік медицина институтын (1994), Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетін (2006) бітірген. Дәрігер-педиатр. Медицина ғылымдарының докторы. Денсаулық сақтау ісінің үздігі.

Қызмет жолдары:

1994 жылы еңбек жолын Қызылорда қалалық балалар ауруханасы қабылдау бөлімшесінің дәрігері болып бастаған.

1997–1999 жылдары – Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығы Қызылорда филиалының кіші ғылыми қызметкері,

1999–2001 жылдары – Қызылорда облысы денсаулық сақтау басқармасының бөлім бастығы, бастығының орынбасары,

2001–2003 жылдары – Қызылорда облыстық балалар ауруханасының бас дәрігері,

2003–2004 жылдары – Қызылорда облысы денсаулық сақтау басқармасының басшысы,

2005–2007 жылдары – Денсаулық сақтау министрлігі медициналық қызметтер көрсету саласындағы бақылау комитеті облыстық басқармасының басшысы,

2007–2013 жылдары – Қызылорда медициналық колледжінің директоры,

2013–2014 жылдары – Қызылорда облысы әкімінің орынбасары,

2014–2015 жылдары – Қызылорда облыстық мәслихатының хатшысы,

2015–2019 жылдары – Қызылорда облысы денсаулық сақтау басқармасының басшысы,

2019–2020 жылдары – «Нұр Отан» партиясы Қызылорда облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары,

2020–2024 жылдары – Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты,

2024 жылдың 6 ақпанынан бері Денсаулық сақтау министрі болып қызмет атқарып келеді.

«Парасат», «Құрмет» ордендерімен, «Шапағат», «Астанаға – 10 жыл» медальдарымен наградталған.

Таңбалар: Ақмарал Әлназароваденсаулық сақтауминистртағайындау

Ұқсас мақалалар

Саят Исанов Қазақстан Арнайы операциялар күштерінің қолбасшысы болды
Жаңалықтар

Саят Исанов Қазақстан Арнайы операциялар күштерінің қолбасшысы болды

10.10.2026
Татьяна Савельева Қорғаныс министрінің орынбасары болып тағайындалды
Жаңалықтар

Татьяна Савельева Қорғаныс министрінің орынбасары болып тағайындалды

07.10.2026
Бауыржан Жүсіпов республикалық фармация комитетінің төрағасы болып бекітілді
Әлеумет

Бауыржан Жүсіпов республикалық фармация комитетінің төрағасы болып бекітілді

12.09.2026

КӨП ҚАРАЛҒАНЫ

  • Бейсенбай СҮЛЕЙМЕНОВ: Сүйем мен сені, сүйем мен сені, көкірегі ыстық дүние!

    Бейсенбай СҮЛЕЙМЕНОВ: Сүйем мен сені, сүйем мен сені, көкірегі ыстық дүние!

  • Жаңақорған ауданында Машбек Нәлібаевтың 100 жылдығына арналған турнир басталды

  • Дусматовтың жекпе-жегіндегі нокаут үшін «Гелендваген» тігіледі

  • АҚШ Конгресі Трамптың Путинмен дизель жөнінде келісімге келуіне тыйым салды

  • ҚАСІРЕТТІ ҚЫРЫҚ КҮН

  • Нұрлыбек Нәлібаев Қызылорда облысында жол құрылысымен танысты

  • Бірінші вице-премьер Қызылорда облысындағы құрылыс нысандарын аралады

RAST.kz

Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси, ғылыми-көпшілік порталы

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде 23.01.2020 ж. тіркеліп, №KZ56VPY00019585 куәлігін алған.

Құрылтайшы:
«Даларус» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Яндекс.Метрика

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
HTML Weather widget for website by meteolabs.kz

USD USD 447.94 ₸
EUR EUR 502.32 ₸
RUB RUB 5.52 ₸

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру

Add New Playlist