АСТАНА. 12 қыркүйек. Денсаулық сақтау министрінің бұйрығымен Бауыржан Жүсіпов ведомство фармация комитетінің төрағасы лауазымына тағайындалды. Бұл туралы Үкімет баспасөз қызметі дерегіне сүйенген rast.kz хабарлайды.
Бауыржан Әлішерұлы Жүсіпов 1981 жылы 27 қарашада Шымкент қаласында туған. Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік медицина академиясын, Астана медицина университетін бітірген. Қоғамдық денсаулық сақтау магистрі академиялық дәрежесі бар.
Еңбек жолын 2002 жылы Шымкент қаласының жедел медициналық жәрдем стансасының фельдшері болып бастаған.
2007–2010 жылдары – Ұлттық ғылыми медициналық орталықтың хирург-дәрігері,
2010–2013 жылдары – Ұлттық медициналық холдинг медициналық көмекті ұйымдастыру департаментінің менеджері,
2013–2017 жылдары республикалық диагностикалық орталықта басшылық лауазымдарда жұмыс істеді.
2022 жылдан 2025 жылға дейін Президенті іс басқармасында басшылық қызмет атқарды.
2025 жылғы наурыздан қазіргі уақытқа дейін Денсаулық сақтау министрлігі медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің төрағасы болып қызмет етті.
USD




