АСТАНА. 7 қазан. Қасым-Жомарт Тоқаевтың өкімімен Татьяна Савельева Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің орынбасары лауазымы орынтағына отырды. Бұл туралы Ақорда баспасөз қызметінің дерегіне сүйенген rast.kz хабарлайды.
«Мемлекет басшысының өкімімен Татьяна Михайловна Савельева Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің орынбасары лауазымына тағайындалды», – делінген хабарламада.
Қорғаныс ведомствосы басшысының жаңа орынбасары бұған дейін жеті жыл бойы қаржы вице-министрі қызметін атқарған, соңғы жылдары Мәжіліс пен Құрылтай депутаты болған.
Бүгін мұның алдына Мемлекет басшысының өкімімен бұл қызметтен Әскер Құрманғалиұлы Бейсенов босатылды. Ол 2023 жылдың сәуірінен бері осы лауазымды атқарып келген.
Осылайша, Савельева Қорғаныс министрлігіне Құрылтайдан келді. Ақорданың хабарлауынша, жаңа тағайындауына байланысты оның депутаттық өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылды.
Бұған дейін, 3 қазан күні Мемлекет басшысының өкімімен Айтқұрман Жоламанұлы Омарбеков Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қарулы күштері бас штабының бастығы болып тағайындалған болатын.
USD




