Жаңалықтар жаңғырығыОқиға

16 жасар жасөспірім өзінің отбасын қырып салды

ПЕРМЬ. 4 наурыз. Ресейдің Пермь өлкесінде 16 жасар жасөспірім өзінің әкесін, анасын және 12 жасар қарындасын балтамен шауып өлтірді. Бұл туралы Lenta.ru хабарлады.

Мектеп жасындағы жасөспірім алдымен сабаққа барғысы келмеген. Осы үшін анасымен қырылысқан. Сосын қолына балта алып, оны шауып тастаған. Бұдан кейін әкесі мен қарындасын да осылай өлтіріп, оқиға болған жерден таксимен қашып шыққан.

Оқиғаның болған жайы Пермь өлкелік тергеу комитеті басқармасының сайтында жарияланды. Тергеудің болжамынша, қанды оқиға 1 наурыз күні кешке өлкенің Октябрск кентіндегі жер үйде орын алған. Балтамен шапқаннан кейін баланың әкесі, анасы және қарындасы сол жерде жан тәсілім еткен. Туғандарын өлтірген бала дереу такси шақырып, Пермь өлкесінің аумағынан кетіп қалуға тырысқан.

Құқық қорғаушылар басында бұл қылмысқа күдікті ретінде осы үйдің отағасын қарастырған. Олар қанға бөгіп жатқан ер адамды осы жасөспірім екен деп ойлап қалған. Себебі, мәйіттің беті адам танымастай болып мыжылған екен. Алайда, тәжірибелі қызметкерлер күдіктінің кім екенін көп ұзамай анықтаған.

Сот-медициналық сараптама барысында қаза тапқандардың кімдер екендері екшеленді. Олар 1979 жылғы әйел, 1980 жылғы ер кісі және 2008 жылы туған қыз екені айғақталды. Ал оларды өлтірген осы үйдің 2004 жылы туған баласы болып шықты.

Із кесушілер күдіктінің жүрген жерін таз анықтады. Ол Свердлов облысының Екатеринбург қаласында қолға түсті. Бала өзі жасаған қылмысты толық мойындады.

Тағы көрсету

Пікір қалдыру

Ұқсас мақалалар

Back to top button