УАШИНГТОН. 17 қазан. АҚШ Конгресінде Трамптың Путинмен дизель отыны жөнінде келісім жасасуына тыйым салатын заң жобасы енгізілді. Бұл туралы The Moscow Times ақпарына сілтеме жасаған rast.kz хабарлайды.
АҚШ Өкілдер палатасы сыртқы істер жөніндегі комитеті төрағасының орынбасары, демократ Григорий Микс АҚШ президенті Дональд Трамптың Ресей президенті Владимир Путинмен ресейлік дизель отынын жеткізу жөнінде «РФ-мен сыбайлас жемқорлық сипатында мұнай келісімін жасасуына тыйым салуға» арналған заң жобасын ұсынды. Өкілдер палатасы сыртқы істер жөніндегі комитеті сайтында хабарланғандай, бұл құжат сондай-ақ АҚШ-тың Ресей энергетикасына инвестиция жасауына тыйым салуды қарастырады және Ақ үйді осы секторға қарсы санкциялар енгізуге міндеттейді.
Заң жобасы АҚШ-тың халықаралық дамуын қаржыландыру корпорацияларына (DFC) Ресейдің энергетикалық секторына инвестиция салуларына тыйым енгізеді, АҚШ Қаржы министрлігінің шетелдік активтерді бақылау басқармасының (OFAC) ресейлік энергия тасымалдаушыларын сатып алуға рұқсат беретін бас лицензияларын алып тастайды және болашақта мұндай лицензияларды беруге тыйым салады. Бастаманың авторлары 16 демократ және республикалық Дон Бейкон болды.
Бұған дейін, 11 қазанда республикашыл Брайан Фицпатрик Ресей мұнайын кез-келген сатып алуға тыйым салатын жеке екі жақты заң жобасын дайындағанын хабарлады. Бейкон өз кезегінде Трамптың ресейлік дизель отынынан санкцияларды алып тастау туралы шешімін «масқара» және «әлсіздік» деп бағалады. Оның айтуынша, АҚШ Путинге жалпақтаудың орнына Украинаға қолдау көрсетуі тиіс.
Дональд Трамптың бастамашылығымен қолға алынған қитұрқы мәміле Еуропада да зор наразылық толқынын тудырды. Politico мәліметтері бойынша, Еурокомиссия Ресейге қарсы мұнай кірістерін одан әрі қысқартуға бағытталған 23-ші санкциялар пакетін дайындауды бастады.
USD




