МӘСКЕУ. 27 маусым. Кремль насихатшысы Маргарита Симоньян жүздеген мың армянды қорлап, оларды өмір бойы Ресейге кіргізбеуді талап етті. Бұл туралы Dialog.ua ақпарына сүйенген rast.kz хабарлайды.
Кремльдің «жалынды пропагандистерінің» бірі, «Russia Today» агенттігінің бас редакторы Маргарита Симоньян өзінің туған армян халқына қарсы әрекеттер жасап, жеккөрушілігін жалғастырудың жолдарын тауып жатыр. Ол Армения билігін қолдайтын армяндарға қатысты біраз ауыр сөздер айтты. Инцидент Ресей мемлекеттік телеарнасының эфирінде орын алды.
Симоньян өткен парламент сайлауында Никол Пашинянның еуропаға бүйрегі бұратын «Азаматтық келісім» партиясына дауыс берген 700 мыңнан астам Армения азаматын «жақсылықты ұмытып кететін (жаман адамдар – ред.)» деп атады. Ол бұл адамдарға Ресейге және неге екені белгісіз, тағы қандай бір себептермен болса да, Грузияға кіруге тыйым салуды талап етті.
«Мен әлеуметтік желілер арқылы мұндайлардың санын есептеп шығаруды ұсыынамын, қазір мұны істеу өте оңай. Шекарашылар оны әне шекарада оңай және ешкім мәжбүрлемей-ақ жасай салады, ал бізде де, Грузияда да Пашинянды қолдайтын армяндарды әлеуметтік желілер арқылы есептеп алу керек. Бітті сонымен. Ресей Федерациясына кіруге тыйым салынады. Мәңгі. Егер сіз Пашинянды қолдасаңыз, онда сіз русофобияны қолдайсыз. Егер сіз русофобияны қолдайтын болсаңыз, онда Ресейді жек көресіз», – деді Z-журналист.
Ол сондай-ақ армяндардың осыған дейін «бал сорып келгенін», енді олардың арқасына «қамшы осатын» уаықттың келгенін айтты.
РФ кезінде Украинаға басып кірер алдында алдымен көрші елдің халқын өз жұртының жеккөрушілігін қалыптастыру үшін оларға қарай жаулықтың неше түрлі қитұрқы түрлері мен әрекеттерін жасап бағып еді. Енді сол вариант Арменияға қарсы да қолданылып жатқан сияқты.
USD




