БАЙҚОҢЫР. 23 тамыз. Бүкілқазақстандық мереке – Құрылтай сайлауына ғарышкер формасында келіп, дауыс берген сайлаушы де кездесті. Бұл туралы Қызылорда облысы әкімі баспасөз қызметінің дерегіне сүйенген rast.kz хабарлайды.
Құрылтай сайлауын зор көтеріңкі көңіл күймен қарсы алған жұртшылық арасында осы шаттық сезімін өз беттерінше бейнелеп көрсетуге әрекет жасаған сайлаушылар да көптеп ұшырасып жатыр. Солардың бірі – Қызылорда облысы Байқоңыр қаласындағы №122 сайлау учаскесіне ерекше киіммен келіп, көпшілік назарын өзіне ерекше аударды. Нақтырақ айтқанда, қаланың белсенді азаматы Құрылтай депутаттарының сайлауына ғарышкер кәстөмін киіп келіп, өзінің азаматтық таңдауын жасаған.
«Ғарыш әлемімен тығыз байланысты Байқоңыр қаласында мұндай бейненің сайлау учаскесінде көрініс табуы көпшіліктің қызығушылығын тудырып, көтеріңкі көңіл-күй сыйлады», – делінген хабарламада.
Мәнбелердің мәліметінше, тұрғындардың біразы скафандрлы сайлаушымен естелік суретке түсіп, жылы лебіздерін білдірген.
Байқоңыр – адамзаттың ғарышты игеру тарихында айрықша орны бар, алғашқы ғарыш сапары басталған тарихи мекен. Сондықтан да ғарышкер бейнесіндегі азаматтың дәл осы қаладағы сайлау учаскесіне келіп, дауыс беруі символдық мәнге ие болған.
USD




