Жаңалықтар жаңғырығыҚұқық

Екатеринбург соты Әзербайжанның бірнеше азаматын соттауға кірісті

ЕКАТЕРИНБУРГ. 29 маусым. Екатеринбург қаласы Ленин аудандық соты бірнеше Әзербайжан азаматының үстінен қылмыстық іс қарап жатыр. Бұл туралы Haqqin.az ақпарына сүйенген rast.kz хабарлайды.

Мұның алдында Ресей мәтбұғаты Екатеринбург соты әзербайжан қылмыстық топтарының бірнеше кісі өлтірген және өлтіруге әрекет жасаған мүшелерін қамауға алғанын жазған еді.

Ресейлік бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша, ұдайы жанында «бандиттер стрелкалары» ұйымдастырылатын танымал «Каспий» кафесінің директоры Мазахир Сафаровқа қатысты құлып астына алу шарасы тағайындалған.

Әзербайжан баспасөзі өз кезегінде Аяз Сафаров пен Шахид Лалаевты да қамауға алу жөнінде шешім шығарылғанын атап өтті.

Бүгін Ленин аудандық соты тұтқын Ахлиман Гәнжиевке қатысты 3 күн мерзімге қамау шарасын қолданды. Сотталушының адвокаты журналистерге өз қорғауындағы адамның әрең қозғалып жүретінін жеткізді. Құқық қорғау органдарының қызметкерлері Гәнжиевті электр шокермен азаптап, ауыр заттармен ұрған. «…Менің қорғауымдағы адамның қылмысқа қатысы жоқ. Ол кінәлі емес. Ол тіпті өзін азапқа салып, ұрып соққаннан кейін де ештеңені мойындаған жоқ», – дейді адвокат.

Қорғаушы Әмиров қылмыстық істі тексеру шеңберінде барлығы 15-ке жуық адамның ұсталғанын айтты, күдіктілердің екеуі қақтығыс кезінде қаза тапқан. «Біз қаза тапқандардың созылмалы сырқаттың салдарынан емес, азаптаудың нәтижесінде өліп кеткендерін дәлелдеуге бар күшімізді саламыз», – деді ол сосын.

Сот бүгін сондай-ақ қаза тапқан ағайынды Зияддин және Гусейн Сафаровтардың бауыры Багир Сафаровты да 72 сағатқа құлып астында ұстауға қаулы етті.

Екатеринбургте ұсталған кездерінде қатты соққыға жығылған Кямал Сафаров пен Әзиз Аббасов ауруханадан шықты.

Айта кетейік, Ресей федералды қауіпсіздік қызметінің (ФСБ) қызметкерлерін 27 маусым күні Екатеринбургтегі этникалық әзербайжандар тұратын үйлерге арнайын рейд жүргізген. Операция кезінде белгілі публицист және аудармашы Сейфеддин Гусейнлидің екі інісі атып өлтірілді. Полиция бөліміне 50-ден аса адам әкелінген. Соңынан олардың 10-ы қамауға алынған.

Тағы көрсету

Ұқсас мақалалар

Back to top button