9 Шілде, 08:07
RAST.kz
USD USD 467.98 ₸
EUR EUR 533.87 ₸
RUB RUB 6.11 ₸
Погода в Астане
Погода
Погода в Астане на 2 недели
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Алматыда аузына келгенін аталаған ресейлік қыз 10 тәулікке қамалды

15 Мамыр 2026 10:21
- Жаңалықтар, Оқиға
Алматыда аузына келгенін аталаған ресейлік қыз 10 тәулікке қамалды
Facebook-те бөлісу Twitter-де бөлісу

АЛМАТЫ. 15 мамыр. Алматыда бейпіл сөздерді боратып, жергілікті қызмет көрсету органдарын жерден алып, жерге салған шетелдік азаматша қамауға алынды. Бұл туралы rast.kz хабарлайды.

Алматы қалалық ішкі істер департаментінің баяндауынша, орыс тілінде боғауыз сөздерді қарша боратып, онда өзбектерді де кемсітіп өткен ресейлік қызға 10 тәулік қамау жазасы белгіленді. Оған бүгін, 15 мамыр күні өткен сот процесінде қоғамдық тәртіпті бұзды деген айып тағылды.

«Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының шешімімен құқық бұзушы 10 тәулікке әкімшілік қамауға алынды», – делінген хабарламада.

Сот барысында айыпталушының 1998 жылы 11 қазанда туған Ирина Игоревна Куликовская есімді азаматша екені анықталды. Ол Қазақстанға жұмыс істеу үшін келіпті.

Жанжал 14 мамыр күні ресейлік бойжеткеннің Instagram әлеуметтік желісінің мониторында жүргізген хабары тарауынан туындады. Онда шетелдік азаматша Қазақстанда құжат рәсімдеудің салғырттығына қатты ренжігенін, ондағылар төрешіл екенін айтып, біраз былапыт сөздердің иегін ағытады. Айтуынша, Алматыда банк картасын ашу үшін ЖСН алу, резидент емес мәртебесін растау секілді бірнеше мекеме арасында сабылуға тура келген.

Желі қолданушыларының ашуын қоздырған басты мәселе оның өзін Ресейдегі өзбек мигранттарымен салыстыруы болды.

«Екінші күн қатарынан шетелдік банк картасын алу үшін құжат жинадым. Өзімді Ресейдегі өзбек сияқты сезініп жүрмін. Мені ары-бері жібереді, біресе «сіз резидент емессіз» дейді. Футбол добындай әр мекеме бір-біріне сілтеп отыр», – дейді ол сөздерін боқтықпен тұздықтап.

Алматы қалалық полиция департаменті әлеуметтік желідегі бейәдеп балағат сөздер қоғамдық орында айтылған әрекет ретінде бағаланғанын мәлімдеді. Іс «Ұсақ бұзақылық» бабы бойынша сотқа жолданған.

 

Таңбалар: боғауызқамауресейлік азаматша

Ұқсас мақалалар

Семейдегі футбол матчынан кейін арбитрдың боқтығынан жанжал туып кетті
Әлеумет

Семейдегі футбол матчынан кейін арбитрдың боқтығынан жанжал туып кетті

15.06.2026
Ресейдің Украинадағы соғысын айыптаған діни қызметкер ұсталды
Әлеумет

Ресейдің Украинадағы соғысын айыптаған діни қызметкер ұсталды

13.02.2026
Orda.kz порталы Нұртілеу мен Гаджиевтің ұсталғандарын растады (видео)
Жаңалықтар

Orda.kz порталы Нұртілеу мен Гаджиевтің ұсталғандарын растады (видео)

05.09.2025

КӨП ҚАРАЛҒАНЫ

  • Қызылордада Ұлттық домбыра күні «Домбыра – халық мұрасы» атты іс-шара өтті

    Қызылордада Ұлттық домбыра күні «Домбыра – халық мұрасы» атты іс-шара өтті

  • БЕЙІМБЕТТІҢ ІЗБАСАРЫ

  • НОҒАЙ АРУЫ

  • Украина Ярославльдегі МӨЗ-ге және Петербург порттарына шабуыл жасады

  • Соғыстағы стратегиялық сауаттылық сапаға соқпақ салады

  • Қадыровтың кісі өлімін әкелген апатқа кінәлі ұлы жол полициясынан медаль алды

  • Еркін форматтағы жүздесуде жастар саясатының басыңқы бағыттары талқыланды

RAST.kz

Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси, ғылыми-көпшілік порталы

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде 23.01.2020 ж. тіркеліп, №KZ56VPY00019585 куәлігін алған.

Құрылтайшы:
«Даларус» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Яндекс.Метрика

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
HTML Weather widget for website by meteolabs.kz

USD USD 467.98 ₸
EUR EUR 533.87 ₸
RUB RUB 6.11 ₸

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру

Add New Playlist