17 Қазан, 22:10
RAST.kz
USD USD 452.12 ₸
EUR EUR 508.95 ₸
RUB RUB 5.41 ₸
Погода в Астане
Погода
Погода в Астане на 2 недели
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Ұлттық қауіпсіздік комитеті Әлия Мақаеваның қамалғанын расқа шығарды

1 Тамыз 2026 08:52
- Жаңалықтар, Қайнар
Ұлттық қауіпсіздік комитеті Әлия Мақаеваның қамалғанын расқа шығарды
Facebook-те бөлісу Twitter-де бөлісу

АСТАНА. 1 тамыз. Ұлттық қауіпсіздік комитеті Астана қаласы көші-қон қызметі басқармасы бастығының орынбасары Әлия Мақаеваға қатысты тергеу жүріп жатқанын айғақтады. Бұл туралы BES.media ақпарына сілтеме жасаған rast.kz хабарлайды.

Ведомство сотқа дейінгі тергеудің құпиялылығына сілтеме жасап, тексеру ісінің мән-жайын ашып айтпады.

Қазақстан Ұлттық қауіпсіздік комитетіндегілер агенттік сұрауына жауап қайтарып, бұдан бұрын Желіде пайда болған Астана қаласы полиция департаменті көші-қон қызметі басқармасы бастығының орынбасары, полиция полковнигі Әлия Мақаеваның ұсталғаны жайлы ақпарды растады.

Комитет берген жауапта қазір бұл іс бойынша «сотқа дейінгі тергеу жүріп жатқаны» айтылған. Ондағылар Қылмыстық-процессуалды кодекстің 201-бабы, 1-бөліміне сілтеме жасап, басқа ақпар беруден бас тартты.

Бұдан бұрын Кozachkow offside тelegram-арнасында Астанада Астана қаласы полиция департаменті көші-қон қызметі басқармасы бастығының орынбасары Әлия Мақаеваның құлып астына алынғаны хабарланған еді. Онда полиция полковнигінің «заңсыз көші-қонды ұйымдастыру» ісі бойынша қозғалғаны белгілі болды.

Енді бұл іс бойынша басқа да фигуранттардың шығуылары әбден мүмкін.

Козачковтың мәліметтеріне сәйкес, күдіктілер «басқа елдердің азаматтарына Қазақстан азаматтығын беру мақсатында заңсыз ықтиярхат жазып бергендері үшін» жауапқа тартылулары кәдік.

Осыған байланысты әлеуметтік желілерде Әлия Мақаева сияқтылардың істеріне қатты наразылық толқыны туындады. Олар мыңдаған қандастарымыз тарихи отандарына жете алмай жүргенде, қазақша бір ауыз сөз білмейтін көптеген ресейлік азаматтардың Қазақстанға көшіп келулеріне жол ашып беріп отырған шенеуніктердің жазаға тартылуларын талап етеді.

Ulysmedia.kz порталының жазуынша, жұтаң инсайдерлік хабарламаларға қарағанда, аталмыш полковникті жоқ дегенде заңсыз көші-қонды ұйымдастыру жөнінде ұйымдасқан қылмыстық топқа мүше болды деген күдікпен Ішкі істер министрлігі өзіндік қауіпсіздік департаменті мен Ұлттық қауіпсіздік қызметінің қызметкерлері «ұстаған».

Тағы бір айта кетерлігі, жағдайға байыптап қарағанда, Әлия Мақаева үшін Қазақстанның азаматтығын алу ісінің қитұрқылықтары оншалықты құпия емес сияқты. Себебі, оның өзі Ресейдің Нижний Новгород облысының тумасы болып табылады. Ол жоғары білімді Екатеринбург қаласындағы Орал мемлекеттік заң академиясынан алыпты. Содан кейін әлдеқандай мүмкіндіктерді пайдаланып, Қазақстанға көшіп келген.

 

Енді осы оқиғадан кейін әлеуметтік желіде белгілі журналист Ауытбек Мұқибек жариялаған жазбаны сол қалпында назарларыңызға ұсынғанды жөн көрдік:

Мақаеваны мұрттай ұшырған – қандастардың көз жасы!

Бір айдың алдында Қытайдан келген бір жігіт телефон шалып, көмек сұрады.

Аты-жөні есімде қалмапты.

Сөйтсем, анау жылы Астана қаласынан ықтиярхат алған екен.

Сосын, Қытайға барып, белгілі себептермен Қазақстанға қайта алмай қалған. Арада бірнеше жыл өткенде, Қытайдан Төлқұжатын әрең алып, Астанаға оралады. Астана қалалық Көші-қон қызметі полиция басқармасына барып, сол ықтиярхатын тірілтеді.

Енді соны осы Астанадағы полиция департаментінің Көші-қон қызметі басқармасы тұрақты тіркеуге алмай, қан сигізеді ғой.

Анау байқұс әрең келгенін айтып зарлаған соң, Астана Қаласының Көші-қон қызметі полиция басқармасына бардым.

Барсам, Астанаға тіркеуге алмай, қақсатып отырған осы Әлия Мақаева деген қатын екен!

Ана жігіттің құжаттары дұп-дұрыс!

Сөйлесейін десем, орысша сөйлеп, тікесінен тік шапшиды!

«Әй, көкетай! Маған Заңды көрсетіңіз алдымен, бұл азаматты қай Заңның қай бабына сүйеніп тұрақты тіркеуге алмай отырсыз?!», – десем, ешбір Заңды көрсете алмайды.

Құры байбалам…

Сосын, қағазға шығарып алған «Әркімнің заң жүзінде тыйым салынбаған кез келген тәсілмен еркін ақпарат алуға және таратуға құқығы бар» деген конституциялық құқығымды қолына ұстатып, видеоға түсіретінімді ескертіп, телефонымды іске қоса бастадым.

Дәл сол сәтте көрші бөлмеден тағы бір егделеу әйел полиция кіріп келіп, мені көріп, жылы шыраймен амандаса бастады. Хал-жағдайымды сұрап, мені сырттай танитынын айтты.

Сосын мен қасымдағы жігітті мына Әлия Мақаеваның тұрақты тіркеуге алмай жатқанын не оған қатысты Заңды көрсете алмағанын жеткіздім.

Мың болғыр әлгі егделеу полиция қызметкері Әлия Мақаеваға мені таныстыра бастады…

Сол-ақ екен, тікесінен тік шапшып тұрған Әлия Мақаеваның сылқ ете түскені.

Ана қандастың құжатын бірден қабылдады.

Анау көрші кабинеттен келген апай қарағандылық екен. Аты Роза екен. Ерлан Кошанов ағамыздың жерлесі болып шықты.

Розаның қандастарға деген мәмілесі Ерлан Жақанұлынан әлдеқайда жақсы екен. Тіпті, он есе артық деуге болады…

Бұндай жағдай одан кейін, жаңылмасам, екі мәрте қайталанды.

Соңғы рет айттым, «Әлия! Ертең қандастардың көз жасы сені мұраттай ұшырады!! Абайла!!!» деп.

Міне, мұрттай ұшырыпты…

Көресіздер, Ұлы көшке, қандастарға ҚИЯНАТ жасағандардың бәрі сазайын тартады әлі!!!

Ауыт МҰҚИБЕК

Таңбалар: Әлия Мақаевазаңсыз ықтиярхаткөші-қон

Ұқсас мақалалар

Үш министрлік Қазақстандағы көші-қон саясатын қатаңдатуға кірісті
Әлеумет

Үш министрлік Қазақстандағы көші-қон саясатын қатаңдатуға кірісті

10.07.2026
Солтүстік өңірлерге қоныс аудару шарасында 1 млрд теңге ұрланған
Жаңалықтар

Солтүстік өңірлерге қоныс аудару шарасында 1 млрд теңге ұрланған

12.09.2024
Түрікмендер Әзербайжан мен Ресейге көптеп кетіп жатыр
Жаңалықтар

Түрікмендер Әзербайжан мен Ресейге көптеп кетіп жатыр

07.02.2020

КӨП ҚАРАЛҒАНЫ

  • Бейсенбай СҮЛЕЙМЕНОВ: Сүйем мен сені, сүйем мен сені, көкірегі ыстық дүние!

    Бейсенбай СҮЛЕЙМЕНОВ: Сүйем мен сені, сүйем мен сені, көкірегі ыстық дүние!

  • Жаңақорған ауданында Машбек Нәлібаевтың 100 жылдығына арналған турнир басталды

  • Дусматовтың жекпе-жегіндегі нокаут үшін «Гелендваген» тігіледі

  • АҚШ Конгресі Трамптың Путинмен дизель жөнінде келісімге келуіне тыйым салды

  • Зеленський дизель жөнінде Путинді тыңдауды ұсынған Трампқа қатты айтты

  • Зеленськийдің Трампқа қатысты әрекеті ЕО басшыларын «естен тандырды» 

  • Зеленський Трамптың сөзіне еріп, Украинаны жауға бере салуға ықтияр емес

RAST.kz

Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси, ғылыми-көпшілік порталы

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде 23.01.2020 ж. тіркеліп, №KZ56VPY00019585 куәлігін алған.

Құрылтайшы:
«Даларус» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Яндекс.Метрика

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
HTML Weather widget for website by meteolabs.kz

USD USD 452.12 ₸
EUR EUR 508.95 ₸
RUB RUB 5.41 ₸

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру

Add New Playlist