17 Қазан, 08:10
RAST.kz
USD USD 452.12 ₸
EUR EUR 508.95 ₸
RUB RUB 5.41 ₸
Погода в Астане
Погода
Погода в Астане на 2 недели
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Тәжік футболының жарық жұлдызы Владимир Гулямхайдаров қайтыс болды

16 Маусым 2026 19:40
- Жаңалықтар, Сайыс
Тәжік футболының жарық жұлдызы Владимир Гулямхайдаров қайтыс болды
Facebook-те бөлісу Twitter-де бөлісу

МӘСКЕУ. 16 маусым. Белгілі тәжік-кеңес футболшысы және жаттықтырушы Владимир Гулямайдаров кеше, 15 маусым күні 81 жасында қайтыс болды. Бұл туралы тәжіктің Asia-plus порталы ақпарына сүйенген rast.kz хабарлайды.

«Тәжікстан тарихындағы ең көрнекті футболшылардың бірі Владимир Алексеевич (Алиппоевич) Гулямхайдаров 15 маусымда 81 жасқа қараған шағында Мәскеуде өмірден өтті. Оның есімі тек қана тәжік емес, сонымен қатар бүкіл кеңес футболының жылнамасында мәңгіге жазылып қалды», – делінген хабарламада.

Ол соңғы жылдары отбасымен бірге Мәскеу қаласында тұрып жатқан болатын.

Гулямхайдаров Душанбенің «Памир» командасының символы еді. Доп тебуді аулада бастаған ол осы команда арқылы өсіп, КСРО-ның олимпиялық құрамасы сапына дейін жетті.

Владимир Гулямхайдаров 1946 жылы 26 ақпанда Душанбе (ол кезде – Сталинабад) қаласында туған. Он жасынан футболды таңдап, «Спартак» стадионындағы секцияда жаттықты. Ал 18 жасында, яғни 1964 жылы Душанбенің «Энергетик» командасы сапында бірінші рет чемпионат ойынына қатысты. 60-жылдардың ақырында республиканың ең күшті ойыншыларының біріне айналды, 1968 жылы КСРО олимпиялық құрамасы сапына шақырылды. Екі жылда оның құрамында 10 ойынға қатысып, 3 гол соқты.

Владимир Гулямхайдаров 1969-1970 жылдары Мәскеудің «Торпедо» командасының футболшысы ретінде КСРО жоғары лигасында өнер көрсетті. Содан кейін Душанбеге қайтып оралды. Ол футболшылық өмірбаянын аяқтағаннан кейін, Мәскеуде жоғары жаттықтырушылар мектебін бітіріп, 1978 жылдан бастап бапкерлікпен айналысты. Көп ұзамай «Памирдің» тізгінін ұстады. Кейінірек «Вахш» командасын, Тәжікстан құрамасын жаттықтырды. Содан кейінгі мансабы ұзақ жылдар бойы Қазақстанда жалғасты. Мұнда «Екібастұз», «Қайрат», «Тараз», «Жетісу», «Мегаспорт», «Локомотив» (Астана) және «Сұңқар» командаларын баптады. Сөйтіп, біздің еліміздің футболына да көп еңбек сіңірді.  Ол әріптестері арасында зор беделге ие болды.

Марқұмның жарқын жүзі, жақсы істері оны білетіндердің жады мен жүрегінде ұзақ уақыт сақталады.

Қош бол, футбол мэтрі!

Таңбалар: Владимир ГулямхайдаровқазаТәжікстанфутбол

Ұқсас мақалалар

Сыр бойының белгілі перзенті Шахизат Төребаев өмірден өтті
Әлеумет

Сыр бойының белгілі перзенті Шахизат Төребаев өмірден өтті

05.10.2026
Каспийдегі қайғылы оқиғаның қыспағында 5 әскери басшы қамауға алынды
Жаңалықтар

Каспийдегі қайғылы оқиғаның қыспағында 5 әскери басшы қамауға алынды

25.09.2026
Есімі елге танымал спорт журналисі Ғалым Сүлейменов қайтыс болды
Жаңалықтар

Есімі елге танымал спорт журналисі Ғалым Сүлейменов қайтыс болды

18.09.2026

КӨП ҚАРАЛҒАНЫ

  • Қызылордада ағза донорлығы мен трансплатация жөнінде іс-шара өткізілді

    Қызылордада ағза донорлығы мен трансплатация жөнінде іс-шара өткізілді

  • Бейсенбай СҮЛЕЙМЕНОВ: Сүйем мен сені, сүйем мен сені, көкірегі ыстық дүние!

  • Зеленський дизель жөнінде Путинді тыңдауды ұсынған Трампқа қатты айтты

  • Ердоған 2028 жылы өтетін Түркия президентін сайлауға қатысады

  • Президент барлық деңгейдегі мәслихаттар өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтатты

  • Зеленський Трамптың сөзіне еріп, Украинаны жауға бере салуға ықтияр емес

  • Берлиннің төрінде Сыр өңірі өнерінің хас шеберлері өнер көрсетті

RAST.kz

Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси, ғылыми-көпшілік порталы

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде 23.01.2020 ж. тіркеліп, №KZ56VPY00019585 куәлігін алған.

Құрылтайшы:
«Даларус» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Яндекс.Метрика

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
HTML Weather widget for website by meteolabs.kz

USD USD 452.12 ₸
EUR EUR 508.95 ₸
RUB RUB 5.41 ₸

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру

Add New Playlist