Ақтөбе облысындағы жол апатында қаза тапқандардың аты-жөндері анықталды
АҚТӨБЕ. 6 наурыз. Ақтөбе облысындағы трассада тіркелген жол-көлік оқиғасында жантәсілім еткен 8 адамның аты-жөндері белгілі болды. Бұл туралы «Мой город» ақпарына сүйенген rast.kz хабарлайды.
Апат бүгін, 6 наурыз күні сағат 8:36-да Ақтөбе – Атырау магистралі бойындағы Мұғалжар ауданының Сагашвили ауылының тұсында орын алды. Онда «Ларгус» және «Тойота Хайлюкс» маркалы жеңіл көліктер бір-бірімен бетпе-бет соғысты. Нәтижесінде бірінші машина тұтанып отқа оранып кетіп, сегіз адам қаза тапты. Анықталғандай, көлік Темір ауданынан Ақтөбе қаласына бет алып бара жатыр екен.
Тағы белгілі болғанындай, апатқа қарсы жолға шығып кеткен «Тойота Хайлюкс» кінәлі болып шықты.
Кейінірек жанып кеткен «Ларгустың» ішінде 58 жастағы әйелдің бірі 9-дағы, екіншісі 8 наурызда 12-ге толатын екі немересімен бірге, 46 жастағы ер кісінің оқушы ұлымен бірге, оның 45-тегі қарындасының 6 жасар баласымен бірге болғаны анықталды. Бұларға қоса, жүргізуші опат болып кетті.
«Сегіз адам қаза тапты, олардың алған жарақаттары тірі қалуға мүмкіндік бермеді. Үш пациент – «Тойота Хайлюкс» автомашинасының жүргізушісі мен екі жолаушысы Мұғалжар аудандық орталық ауруханасына жеткізілген, бірақ олар мұнда жатып емделуден бас тартты», – деп баяндады Ақтөбе облыстық денсаулық сақтау басқармасындағылар.
Ақтөбе облыстық прокуратурасы аталмыш факт негізінде ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы («Жол-көлік тәртібін бұзу») бойынша қылмыстық іс қозғалғанын атап өтті. Тергеп-тексеру облыс прокурорының жеке бақылауына алынды.