Навальныйдың өліміне алғашқы реакцияны Украина басшылығы білдірді
КИЕВ. 16 ақпан. Украина президенті Володимир Навальный ресейлік оппозиционер Алексей Навальныйдың жұмбақ қазасына байланысты өз пікірін ортаға салды. Бұл туралы УНИАН ақпарына сүйенген rast.kz хабарлайды.
Әлемнің барлық саясаткерлері оппозиционердің колонияда кенеттен орын алған өліміне бүгінгі Путин режимін айыптап жатыр.
Бұған орай алғашқылардың бірі болып Украина мемлекет басшысы тіл қатты. Ол бұл сұрқия да зымиян іске Кремль қожайынының тікелей қатысы бар екеніне күмән жоқ екенін айтты.
«Путин – кез келген бәсекелестіктен қорқатын мүттәйім зұлым. Ол үшін ресейліктердің өмірі түк те емес», – деп атап өтті Украина президенті офисінің жетекшісі Ондрий Ермак.
«Бізді келіссөз жүргізуге шақырып жатқандардың бәрі оған сенуге болмайтынын түсінуі керек. Ол түсінетін жалғыз тіл – күш қана», – дегенді қосты сосын Ермак.
Беларусьтің халық сайлаған заңды президенті Светлана Тихановская мен оның Біріккен өтпелі кабинеттегі орынбасары Павел Латушка Ресей оппозициясы лидері Алексей Навальныйдың колониядағы өліміне Кремльді айыптады.
«Бұл өлім – диктаторлар үшін адам өмірінің ешқандай құндылығы жоқ екендігінің кезекті айғағы. Путиннің режимі Лукашенконың режимі сияқты билігін сақтап қалу үшін оппоненттерінен кез келген тәсілмен құтылуға ұмтылады», – деді Светлана Тихановская.
«Путин режимінің тап сол үшін Навальныйды мақсатты түрде өлтіргеніне ешбір күмән жоқ», – деген ол марқұмның отбасына, туған-туыстарына көңіл айтты.
Тап осы сәтте Путиннің «марионетка театры» – мемлекеттік дума депутаттары «Навальныйдың өліміне Батыс мүдделі» деп, әдеттегідей бықсытып жатыр.