25 Тамыз, 19:08
RAST.kz
USD USD 457.99 ₸
EUR EUR 534.15 ₸
RUB RUB 5.47 ₸
Погода в Астане
Погода
Погода в Астане на 2 недели
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Түркістанда екі баласын өлтірген әйел Шиелінің тұрғыны болып шықты

8 Ақпан 2024 21:53
- Жаңалықтар, Оқиға
Түркістанда екі баласын өлтірген әйел Шиелінің тұрғыны болып шықты
Facebook-те бөлісу Twitter-де бөлісу

ТҮРКІСТАН. 8 ақпан. Түркістанда екі баласын бірдей өлтіріп тастады деген күдікке іліккен келіншек Шиеліде мұғалім болып істейді екен. Бұл туралы «Халық үні» ақпарына сүйенген rast.kz хабарлайды.

Қанды оқиға 7 ақпан күні Түркістан қаласында орын алған. Осындағы жалдамалы пәтерлердің бірінен екі сәбидің өлі денесі табылған.

Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, осы оқиға бойынша жедел-тергеу іс-шарасы жүргізілген. Жедел уәкілдер күдіктіні Шымкенттегі мейманханалардың бірінде қолға түсірген.

Екі баласының өліміне күдікті деп танылған азаматша бұған дейін диспансерлік есепте тұрмаған. Ұжым, ата-ана және оқушылармен қарым-қатынасы бірқалыпты болған.

Dalanews.kz сайтының жазуынша, әйел Қызылорда облысының Шиелі кентіндегі А.С.Пушкин атындағы N46 мектеп-лицейде 2014 жылдан бері тәрбиеші болып жұмыс істеп келген. Мұны Шиелі аудандық білім бөлімі растаған.

Бұл деректі Қызылорда облыстық білім басқармасының басшысы Асқарбек Есжанов та расқа шығарды.

«Түркістан қаласында болған балалар өліміне қатысты күдікті деп танылған азаматша оқиға болған 7 ақпан күні жұмысқа бармаған. Мектеп әкімшілігіне бұл жөнінде ескертпеген. Мектеп әкімшілігі ол азаматшаның ұжым, ата-аналар және оқушылармен тіл табысуы, жайлы мінезімен ерекшеленгенін айтады. Сондай-ақ педагогикалық қызметінде балаларды оқыту мен тәрбиелеуде бірқатар жетістікке жеткен. Тиісті алғыс хаттармен марапатталған. Әріптестерінің айтуынша, мінезінде ешқандай ауытқу болмаған. Қандай да бір диспансерлік есепте тұрмайды. Өзі толыққанды отбасы, ата-енесі, жұбайымен бірге тұрған. Қазір ішкі істер органдарында бұл бойынша қылмыстық іс тіркелген. Қорытындысы тергеу амалдарынан кейін белгілі болады», – деді басқарма басшысы.

«Адам өлтіру дерегі бойынша барлық мән-жайды анықтау мақсатында тергеу жүргізіліп жатыр. Тиісті сараптамалар тағайындалды. Күдікті әйел қамауға алынды. Істің тергеу барысы менің жеке бақылауымда», – деп мәлімдеді Түркістан облысы полиция департаментінің бастығы Мұрат Қабденов.

Таңбалар: әйелбала өлтіруТүркістанШиелі кенті

Ұқсас мақалалар

Боксшы Теміртас Жүсіповтің сұрапыл соққыларынан соң әйелі ауруханаға түсті
Әлеумет

Боксшы Теміртас Жүсіповтің сұрапыл соққыларынан соң әйелі ауруханаға түсті

09.07.2026
Түркістанда Өзбекстан салған орасан зор мешіт ашылды
Жаңалықтар

Түркістанда Өзбекстан салған орасан зор мешіт ашылды

15.05.2026
Кореяның экс-президентінің әйелі бас бостандығынан айырылды
Жаңалықтар

Кореяның экс-президентінің әйелі бас бостандығынан айырылды

28.01.2026
Талқылауға қосылу үшін жүйеге кіріңіз

КӨП ҚАРАЛҒАНЫ

  • Өмірдің өрінен тағы бір жайсаң, жақсы жан өтті

    Өмірдің өрінен тағы бір жайсаң, жақсы жан өтті

  • Аида Балаева: Біз «Қазақфильмнен» айырылып қала жаздадық

  • Алашқа аты аян айтулы ақын Елубай Әуезов ақтық сапарға аттанды

  • «Көршінің қызы» керемет еді (видео)

  • Мемлекет басшысы Үкімет құрамында бірқатар өзгерістер болатынын мойындады

  • Денсаулық министрі жеке азаматтарды қабылдап, мәселелерін шешуге ықпал етті

  • Путиннің кедейлерге арналған соғысы байларды байыта түседі

RAST.kz

Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси, ғылыми-көпшілік порталы

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде 23.01.2020 ж. тіркеліп, №KZ56VPY00019585 куәлігін алған.

Құрылтайшы:
«Даларус» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Яндекс.Метрика

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
HTML Weather widget for website by meteolabs.kz

USD USD 457.99 ₸
EUR EUR 534.15 ₸
RUB RUB 5.47 ₸

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру

Add New Playlist