КӨКШЕТАУ. 9 шілде. Бокстан әлем чемпионы Теміртас Жүсіповтің сериялы соққыларына қарсы тұра алмаған жұбайы ес-түссіз хәлде кеселханадан бір-ақ шықты. Бұл туралы Toppress ақпарына сілтеме жасаған rast.kz хабарлайды.
Әйел миына су жиналған, басына жарақат түскен, денесінің көп жері көгеріп кеткен қалпында жеткізілген.
Пабликтің хабарлауынша, кейінірек есін жинағаннан кейін ол күйеуімен мәмілеге келіп, татуласқандарын мәлімдеген.
Қазір Теміртас Жүсіпов ешқайда кетіп қалмайтыны жайында қолхат беріп, бақылауға алынған. Сот оған әйелдің келісімінсіз онымен байланыс жасауға тыйым салған. Бірақ 7 шілде күні әйелдің өзі полицияға қарсы мәлімдеме беріп, күйеуін жауапкершілікке тартпауды сұраған.
Іс барысына мұның ешқандай әсері болған жоқ. Ақмола облыстық полиция департаменті заңға сәйкес жанжал фактісі бойынша қылмыстық іс қозғап қойды, қазір тергеу жалғасып жатыр.
Әпшесінің күйеуі тарапынан қатты соққылар алып, зардап шеккені жайлы сіңлісі жазған. Жүсіпов отбасында дағдарыс бар екенін мойындаған, алайда әйелінің сол жанжал барысында ауыр жарақат алғанын жасырып қалған.
Танымал талант, баһадүр боксшы, атақты атлет Теміртас Жүсіпов күнделікті тіршілікте, отбасындағы ортада абьюздікпен, яғни өзінің жақындарына зәбір-жапа көрсетумен шұғылданады деп кім ойлаған!
Енді жұбайын өзінің «қапшығына» айналдырған боксшы заң алдында жауап береді.
USD




