18 Қазан, 01:10
RAST.kz
USD USD 452.12 ₸
EUR EUR 508.95 ₸
RUB RUB 5.41 ₸
Погода в Астане
Погода
Погода в Астане на 2 недели
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Пригожин президенттік рейтинг жариялап, Путинге ашық қарсы шықты

11 Мамыр 2023 12:56
- Жаңалықтар, Қайнар
Пригожин президенттік рейтинг жариялап, Путинге ашық қарсы шықты
Facebook-те бөлісу Twitter-де бөлісу

МӘСКЕУ. 11 мамыр. «Вагнер» әскери компаниясының қожайыны Евгений Пригожин президенттік рейтингті жария етіп, РФ президентін жауласуға шақырды. Бұл туралы шетелдік ресурстарға сілтеме жасаған rast.kz хабарлайды.

Сұрау салудың нәтижесі бойынша, «вагнершілер» кураторы Кремльдің қазіргі қожайынынан небәрі 3 пайыз ғана қалып қойған.

РФ қорғаныс министрлігімен және бас штабымен ұдайы шәлкем-шәліс келіп қалып жүрген Евгений Пригожин, шамасы, енді ресейлік генералдардың ғана емес, одан да әрі кетіп, Кремльдің басшысы Путиннің өзінің шабынан түртіп көрмекші болған сияқты.

Әңгіменің төтесі: «вагнершілер» кураторымен байланысы бар мәнбелер кеше жариялап жіберген «телефон арқылы 2023 жылғы 10 мамырда жүргізілген сауалдама» нәтижелеріне сәйкес, Пригожин Путиннен 3 пайызға да жетпейтін мөлшерде қалып тұр екен. Аталмыш мәліметке сенсек, алдағы жексенбілердің бірінде президент сайлауы өтіп жатса, сайлаушылардың 42,5 пайызы – Путинге, ал 39, 7 пайызы Пригожинге дауыс бермекші. Демек, екеуі сайлаудың екінші кезеңінде бір-бірлерімен президент орынтағына таласа алады.

Сауалдама қорытындысы бойынша үшінші орынды үкімет басшысы Михаил Мишустин алуға тиіс. Ал қалғандары 1 пайыздық та деңгейге жете алмайды. Айтқандай, Пригожин ұдайы сынап жүрген РФ қорғаныс министрі Сергей Шойгу бар болғаны 0,1 пайыздық дауысқа ие болады.

«Пригожин өзінің Путинге деген ашық оппозициялық позициясын көрсете бастады. Бұл өмір мен өлімнің айқасқа түскенін байқатады. Өйткенің, Путин де, Пригожин де әдетте өздерімен жауласқан адамдарды өлтірмей тынбайды. Ресейдегі жағдайдың астаң-кестең болып дүрбелеңге түсетіні мейлінше шындыққа айналып келе жатқан сияқты немесе көп тармақты партизандық шабуылдар осымен басталып кетті ме екен?», – деп жазды швед экономисі және дипломаты Андерс Ослунд өзінің Twitter-акканутында.

Ресейдің Пригожинмен байланысы бар телеграмм-каналдары жоғарыда айтылған сауалдама қорытындылары жайлы хабарлап қана қоя салған жоқ, сонымен бірге оны 2024 жылы өткізу жоспарланған президент сайлауына кандидат ретінде үгіттеуге кірісіп кетті.

Осымен бір мезгілде «Медуза» Кремльге жақын мәнбелерге сілтеме жасап, Пригожиннің қорғаныс министрлігінің мәнзіліне айтқан сындарының «РФ-ның жоғары басшылығын едәуір алаңдатып» отырғанын атап өтті.

Мұның алдында Пригожин Путиннің 9 мамыр парадында сөйлеген сөзіне қатысты біраз ащы мысқылдар мен кекесіндер білдірген еді.

Таңбалар: Владимир ПутинЕвгений Пригожинрейтингсайлау

Ұқсас мақалалар

Президент барлық деңгейдегі мәслихаттар өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтатты
Жаңалықтар

Президент барлық деңгейдегі мәслихаттар өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтатты

12.10.2026
Қазақстандағы ең ықпалды болып саналатын 25 әйелдің аты-жөндері анықталды
Әлеумет

Қазақстандағы ең ықпалды болып саналатын 25 әйелдің аты-жөндері анықталды

10.09.2026
Байқоңырда ғарышкер киімін киген сайлаушы сайлау учаскесіне келді
Әлеумет

Байқоңырда ғарышкер киімін киген сайлаушы сайлау учаскесіне келді

23.08.2026
Талқылауға қосылу үшін жүйеге кіріңіз

КӨП ҚАРАЛҒАНЫ

  • Бейсенбай СҮЛЕЙМЕНОВ: Сүйем мен сені, сүйем мен сені, көкірегі ыстық дүние!

    Бейсенбай СҮЛЕЙМЕНОВ: Сүйем мен сені, сүйем мен сені, көкірегі ыстық дүние!

  • Жаңақорған ауданында Машбек Нәлібаевтың 100 жылдығына арналған турнир басталды

  • Дусматовтың жекпе-жегіндегі нокаут үшін «Гелендваген» тігіледі

  • АҚШ Конгресі Трамптың Путинмен дизель жөнінде келісімге келуіне тыйым салды

  • Зеленський дизель жөнінде Путинді тыңдауды ұсынған Трампқа қатты айтты

  • Зеленськийдің Трампқа қатысты әрекеті ЕО басшыларын «естен тандырды» 

  • Зеленський Трамптың сөзіне еріп, Украинаны жауға бере салуға ықтияр емес

RAST.kz

Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси, ғылыми-көпшілік порталы

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде 23.01.2020 ж. тіркеліп, №KZ56VPY00019585 куәлігін алған.

Құрылтайшы:
«Даларус» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Яндекс.Метрика

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
HTML Weather widget for website by meteolabs.kz

USD USD 452.12 ₸
EUR EUR 508.95 ₸
RUB RUB 5.41 ₸

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру

Add New Playlist