РФ армиясы әр шақырым жер үшін 800 солдатын оққа байлады
ЛОНДОН. 16 наурыз. Ресей армиясы Бахмут үшін шайқаста әр шақырым ілгері жылжу үшін 800 жауынгерін майдан даласына қалдырып отырды. Бұл туралы шетел баспасөзіне шолу жасаған rast.kz хабарлайды.
Оккупанттар 2022 жылдың мамырынан 2023 жылдың ақпанына дейін Бахмут үшін болып жатқан ұрыс қимылдарында 20 мың мен 30 мыңның аралығындағы солдатынан өлідей және жаралы күйлерінде айырылды. Британияның ОБСЕ жанындағы делегациясының әскери кеңесшісі Ян Стаббс өзінің Венада өткен қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастық форумында жасаған баяндамасында осындай мәліметтер келтірді.
«Жау әскерлері Бахмут үшін 10 ай бойы жүрген соғыста орасан зор шығынға ұшырады. Осы уақытта олар 25 шақырым ғана ілгері жылжи алды», деп жазады «Укринформ».
Кейін мұқият шығарылған есептерге сәйкес, жау әр шақырым жер үшін 800 солдатының өмірін беріп кетіп тұрғаны анықталды. Қаза тапқандар мен жарақат алып қалғандардың басым бөлігі «вагнершілер» болып шықты.
Стаббстың сөзіне қарағанда, қазір РФ «ракета аштығына» тап бола бастаған. Бұған соңғы кездері олардың Украинаны атқылау мерзімдерінің интервалы да анық байқатып отыр.
Ресей армиясын қазір әскери техниканың жетіспеушілігі де тұйыққа тіреуде. Сондықтан ол 60 жылдан астам уақыт бұрын шығарылған совет заманының «Т-62» танкісі мен БТР-50-ді соғысқа салуға мәжбүр.
Осыған орай мынадай сұрақ туады: Сонда Мәскеу өзінің жауынгерлерін қазіргі заманғы қару-жарақпен қамтамасыз ете алмаған ба? Мысалға «Т-14» танкісін алайық. Былайынша тәуір сияқты болып көрінгенімен, сондай бір жақсы емес екен, ол тек Қызыл алаңдағы парадқа қатысуға ғана жарайтын машина болып шықты. Мәскеудің мақтаулы «Су-27» ұшағының 5-ші буыны да Украина аспанында айбатты болып көріне қоймады.
Британия әскери қызметкерінің сөзіне қарағанда, Ресейдің соғыс техникасы өнеркәсібі Украинаның ұрыс даласында толық жеңіліске ұшырайды.
Ескерту!
rast.kz сайтының кез келген материалын редакцияның арнайы рұқсатынсыз көшіріп алып жариялауға тыйым салынады. Плагиат жасаушы «Авторлық құқық туралы» Заңға сәйкес қудаланады.