Әли Алтынбаев – Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары
АСТАНА. 10 маусым. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың өкімімен Әли Сапарғалиұлы Алтынбаев Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары болып тағайындалды. Бұл туралы Ақордағы сілтеме жасаған rast.kz хабарлады.
Әли Алтынбаев 1979 жылы 22 ақпанда Алматы облысы Балқаш ауданы «Бақбақты» ауылында туған. Қазақ мемлекеттік басқару академиясын (2000 ж.), «Тұран» университетін (2015 ж.), РФ президенті жанындағы Ресей халық шаруашылығы және мемлекеттік басқару академиясын (2019) бітірген. Бухгалтерлік есеп және аудит, юриспреденция маманы, мемлекеттік және мунициалдық басқару магистрі.
Жаңа тағайындауға дейін Қаржы министрлігі мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы болып қызмет атқарды.
Әли Алтынбаев еңбек жолын 2001 жылы Еңбекшіқазақ ауданы бойынша салық комитетінің жанама салықтар бөлімінің салық инспекторының міндетін атқарушы. қызметінен бастаған.
2001-2009 жылдары Еңбекшіқазақ ауданы бойынша салық комитетінде түрлі қызметтер атқарған.
2009-2010 жылдары – Алматы облысы бойынша салық департаментінің салық аудиті басқармасы заңды тұлғалар аудиті бөлімінің басшысы.
2010 жылы – Алматы қаласы Түрксіб ауданы бойынша салық басқармасының жеке кәсіпкерлердің ақпаратын қабылдау және өңдеу орталығының бөлім басшысы.
2010-2014 жылдары Алматы қаласы бойынша салық департаментінде түрлі лауазымдарды атқарған.
2014-2015 жылдары Алматы қаласы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінде басшылық қызметтер атқарған.
2015-2017 жылдары – Алматы қаласы Алатау ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы.
2017-2019 жылдары – Алматы қаласы Наурызбай ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы.
2019-2020 жылдары – ҚМ МКК Алматы қаласы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары.
2020-2021 жылдары – ҚМ Қаржы мониторингі комитеті Алматы қаласы бойынша экономикалық тергеу департаментінің басшысы.