Денсаулық сақтау саласында жемқорлық тәуекелдері жойылды
НҰР-СҰЛТАН. 18 қыркүйек. Қазақстанның денсаулық сақтау саласында сыбайлас жемқорлықтың тәуекелі жойылды. Бұл туралы ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттінің елорда қалалық департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.
Баспасөз қызметінің хабарлауынша, бүкіл елді жайлаған пандемия денсаулық сақтаудың көптеген мәселелерін, соның ішінде сыбайлас жемқорлықты ашқан. Осының өзі денсаулық сақтау саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін сыртқы талдау циклын бастауға негіз болған.
Келітірілген дерекке қарағанда, өткен жылы әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры мен денсаулық сақтау министрлігінің орталық аппараты талдаумен қамтылған. Ал биыл медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті мен денсаулық сақтау министрлігінің санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінде толассыз сыртқы талдаулар аяқталған. Осы кезеңде барлығы 138 сыбайлас жемқорлық тәуекелі анықталған, олар бойынша 246 ұсыным әзірленген. Атап айтқанда, нысаналы индикатор – «пациенттердің медициналық көмек сапасына қанағаттануы» нәтижелерінің бұрмалануының жоғары тәуекелі белгіленді, бұл денсаулық сақтау жүйесінің сапасы бойынша объективті көріністі бұлдыратады.
Сол сияқты дәрі-дәрмекке олар болмаған кезде оларға маркетингтік, көліктік, кедендік шығыстарды қосу есебінен бағаны жасанды көтеру үшін жағдайлар анықталды.
Бір айта кетерлігі, қауіптерге санитарлық-эпидемиологиялық қызметтің бақылау-қадағалау функциялары жатады, олар бүгінгі күнге дейін цифрландырылмаған. Осыған сәйкес, тексері кезінде анықталған барлық сыбайлас жемқорлық тәуекелдері бойынша ұсыныстар жасалып, Денсаулық сақтау министрлігіне жолданды.
Бұл ретте агенттіктің өткен жылғы ұсынымдарын іске асырудың оң мысалдарының бірі «СК-Фармация» ЖШС ТМККК шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде дәрілік заттарды, медициналық бұйымдарды сатып алуды ұйымдастыру және өткізу қағидаларын жаңартқанын атап өткен жөн. Тиісінше, тендерлік рәсімдерді өткізу мерзімі 2 есеге жуық қысқартылды, дәрі-дәрмектер мен медициналық бұйымдардың азаймайтын қорын сатып алу 25% – ға дейін ұлғайды, Халықаралық фармацевтикалық ұйымдардан дәрі-дәрмектер мен медициналық бұйымдарды сатып алу көзделген.
Мұның бәрі өткен жылы коронавирустық инфекцияның таралуы кезінде халық тап болған медициналық мекемелердегі дәрі-дәрмек тапшылығының жағдайын болдырмайды.