18 Қазан, 11:10
RAST.kz
USD USD 452.12 ₸
EUR EUR 508.95 ₸
RUB RUB 5.41 ₸
Погода в Астане
Погода
Погода в Астане на 2 недели
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Қазақстанда өкпе обырын ерте анықтауды арттырудың апталығы аяқталды

21 Тамыз 2026 21:34
- Әлеумет, Жаңалықтар
Қазақстанда өкпе обырын ерте анықтауды арттырудың апталығы аяқталды
Facebook-те бөлісу Twitter-де бөлісу

АСТАНА. 21 тамыз. Қазақстанда өкпе обыры туралы хабардарлықты арттырудың апталығы айтарлықтай табысты аяқталып, өзінің белгілі бір нәтижелеріне қол жеткіздірді. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігі баспасөз қызметінің дерегіне сүйенген rast.kz хабарлайды.

Республикада өкпе обырын ерте анықтау мақсатында 914-тен астам адам төмен дозалы компьютерлі томографиядан өтті.

Онкологиялық аурулармен күрес жөніндегі Кешенді жоспардың шеңберінде халықтың ақпараттандырылуын арттыруға және өкпе ауруларын ерте анықтауға бағытталған іс-шаралар барысында 1 287 адам онколог дәрігерлердің кеңесін алды. Олардың 914-і кеуде қуысы ағзаларына төмен дозалы компьютерлік томографиядан (ТДКТ) өтті. Акцияға Қазақстан тұрғындарымен қатар, шетелде тұратын отандастарымыз да қатысты. Германиядан келген екі қазақстандық елімізде болған кезінде акцияға қатысып, медициналық тексеруден өтті.

Тексеру нәтижесінде 39 адамнан (4,3%) өкпеде қатерлі үдеріске күдік тудыратын ошақты өзгерістер анықталды. Барлық осы жағдайлар өзгерістердің сипатын нақтылау және диагнозды верификациялау үшін қосымша тексеруге жіберілді.

Сонымен қатар мамандар обыр алды өзгерістердің 70 жағдайын (7,7%) және басқа да аурулардың 433 жағдайын (47,4%) анықтады. Қатысушыларға қосымша 218 диагностикалық зерттеу және зертханалық талдау жүргізілді. Акция барысында онкологтар қатысушылармен жеке ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді: зерттеудің мақсаты мен маңызы, ерте диагностиканың маңыздылығы туралы айтып, пациенттердің сұрақтарына жауап берді. Осындай тәсілдің арқасында бастапқыда тексеруден өтуден бас тартқан көптеген қатысушы өз шешімін өзгертіп, зерттеуден өтті.

«Апта қорытындылары тек онкологиялық үдеріске күдік тудыратын өзгерістерді ғана емес, сонымен қатар әрі қарай медициналық бақылауды қажет ететін обыр алды жағдайлар мен басқа да ауруларды анықтауға мүмкіндік беретінін көрсетті», – деп атап өтті Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институтының радиология және ядролық медицина бөлімінің меңгерушісі Жандос Аманқұлов.

«Ерте диагностика мәселені дер кезінде анықтап, қажетті емді уақтылы бастауға мүмкіндік береді. Сондықтан жоғары қауіп тобына жататын адамдардың тексеруден өтуді кейінге қалдырмай, диагностиканың қажеттілігін дәрігермен талқылағаны маңызды», – делінген баспасөз қызметінің парақшасында.

Таңбалар: алдын алумедицинаөкпе аурулары

Ұқсас мақалалар

Қазақстанда 7 жылдың ішінде 1 259 медициналық нысан қатарға қосылды
Әлеумет

Қазақстанда 7 жылдың ішінде 1 259 медициналық нысан қатарға қосылды

02.10.2026
Медициналық көрсеткіштері бойынша 10 мыңнан астам жүргізу куәлігінен айырылды
Әлеумет

Медициналық көрсеткіштері бойынша 10 мыңнан астам жүргізу куәлігінен айырылды

11.09.2026
Үкіметте медициналық қызметтің сапасын бақылауды күшейту тапсырылды
Әлеумет

Үкіметте медициналық қызметтің сапасын бақылауды күшейту тапсырылды

28.08.2026

КӨП ҚАРАЛҒАНЫ

  • Бейсенбай СҮЛЕЙМЕНОВ: Сүйем мен сені, сүйем мен сені, көкірегі ыстық дүние!

    Бейсенбай СҮЛЕЙМЕНОВ: Сүйем мен сені, сүйем мен сені, көкірегі ыстық дүние!

  • Жаңақорған ауданында Машбек Нәлібаевтың 100 жылдығына арналған турнир басталды

  • АҚШ Конгресі Трамптың Путинмен дизель жөнінде келісімге келуіне тыйым салды

  • Дусматовтың жекпе-жегіндегі нокаут үшін «Гелендваген» тігіледі

  • Зеленський дизель жөнінде Путинді тыңдауды ұсынған Трампқа қатты айтты

  • Зеленськийдің Трампқа қатысты әрекеті ЕО басшыларын «естен тандырды» 

  • Зеленський Трамптың сөзіне еріп, Украинаны жауға бере салуға ықтияр емес

RAST.kz

Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси, ғылыми-көпшілік порталы

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде 23.01.2020 ж. тіркеліп, №KZ56VPY00019585 куәлігін алған.

Құрылтайшы:
«Даларус» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Яндекс.Метрика

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
HTML Weather widget for website by meteolabs.kz

USD USD 452.12 ₸
EUR EUR 508.95 ₸
RUB RUB 5.41 ₸

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру

Add New Playlist