10 Қазан, 05:10
RAST.kz
USD USD 453.93 ₸
EUR EUR 508.72 ₸
RUB RUB 5.35 ₸
Погода в Астане
Погода
Погода в Астане на 2 недели
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Жазушы Бейсенбай Сүлейменов балалармен кездесті

14 Қыркүйек 2021 21:14
- Жаңалықтар, Таным
Жазушы Бейсенбай Сүлейменов балалармен кездесті
Facebook-те бөлісу Twitter-де бөлісу

АЛМАТЫ. 14 қыркүйек. Қазақстан Республикасы Президенті сыйлығының лауреаты, белгілі балалар жазушысы, журналист, баспагер Бейсенбай Сүлейменов бүгін өзінің сүйікті оқырмандары – жас жеткіншектермен кездесті. Бұл туралы rast.kz хабарлады.

Кездесу ерекше жағдайда – Панфиловшылар паркіндегі даңқты қолбасшы, Кеңес Одағының Батыры Бауыржан Момышұлының ескерткіші жанында өтті. Себебі, кездесудің пәні батырлық тақырыбына, соның ішінде аталмыш батыр атаның ерлік істеріне және бейбіт өмірдегі тіршілігіне арналған еді. Кездесуге қаладағы әйгілі білім ордасы – Ш. Уәлиханов атындағы №12 қазақ мектеп-гимназиясының 5-сынып оқушылары қатысты.

Қаламгер балалармен ұшырасу барысында Бауыржан Момышұлының бұдан 80 жыл бұрын Мәскеуді қорғаудан басталатын барша жанқиярлық ерліктеріне шолу жасап өтті. Осының ыңғайында оның белгілі орыс-кеңес жазушысы Александр Бектің «Волоколам тас жолы» атты романындағы прототипіне тоқталды. Бұдан кейін жазушы-журналист өзінің атақты батырмен жеке араластығы жөнінде кеңінен айтып берді.

«Мен Бауыржан Момышұлымен журналист ретінде бірнеше рет кездесіп, ол туралы арнайы мақала да жазғанмын, – деді Бейсенбай Сүлейменов. – Ол кезде қазіргідей жазба құралдары жоқ, кейіпкеріміздің бар айтқандарын қаламмен қойын кітапшаға қолма-қол жазып аламыз. Батырмен кездесу кезінде мен де солай оның айтқандарын қағаз жүзіне жедеғабыл жазып алып отырдым. Соңынан үйге келіп, солардың бәрін жинақтап, көлемді мақала етіп жазып шықтым. Ертеңіне сол жазғандарымды Баукеңнің өзіне алып барып, оқып бердім. Ол мақаламды солайым ұнатты. Сосын бірден қолын қойды. Сонымен бірге, бұдан былай өзі туралы қандай бір шығарманы да еркін жаза беруіме болатынын айтты. Шынында мен жазған мақалаға оның бар айтқандары толық кірмеген еді. Өзі де жазушы Бауыржан аға менің бұл тақырыпқа соңыра қайта оралатынымды анық білді. Анығында солай болды, мен кейін ол кісі туралы бірнеше рет жаздым. Оған батырмен кейін өткен кездесулерім кезінде алған деректерім де қосылды. Жалпы, бұл тақырыпқа менің әлі де қайта соққым бар. Себебі, бұған дейін жазылғандарға кірмей қалған фактілерім жеткілікті екенін байқап жүрмін».

Балалар жазушының сөзін мұқият ұйып тыңдады. Соңынан олар кезектесіп сұрақ қойып, оларға толыққанды жауаптар алды. Осы жерде Бейсенбай Сүлейменов жақында ғана баспа жүзінен шыққан «Хан шатырдан Күн шатырға саяхат» атты жинағын мектеп-гимназия кітапханасына сыйға тартса, «Горилла-адам», «Туған күніңмен, Айтұмсық!» деген екі кітапшасын кездесуге келген оқушыларға таратып берді. Кездесу соңында оқушы балаларды бастап келген мектеп-гимназияның қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Абылай Сайлаухан қаламгерге алғыс сезімін жеткізіп, оған шығармашылық табыс тіледі.

Биыл елімізде балалар әдебиетінің жылы басталғаны белгілі. Ол бес жылға созылады. Осы шараның аясында жазушы Бейсенбай Сүлейменов күні бүгінге дейін осындай бірнеше кездесу өткізіп үлгерді. Жақын арада сондай пікір алмасу Қарағанды қаласындағы бір мектеп оқушыларымен онлайн форматында қанат жайды. Алдағы аптада жазушыны тағы бір кездесу күтіп тұр.

Жазушы Бейсенбей Жолдасбекұлы Сүлейменов 1951 жылы 27 қыркүйекте Түркістан облысының Мақтаарал ауданында туған. 1973 жылы ҚазМУ-дың журналистика факультетін бітірген. 1976-1980 жылдары республикалық «Қазақстан пионері» («Ұлан») газетінің тілшілігінен бастап бас редакторы лауазымына дейінгі сатылардан өткен. Оның қаламынан туған туындылар кезінде «Кечуа тайпасының үндістері» (1985), «Қуанышты күн» (1989), «Бес ғасыр атылмаған садақ» (1992) деген кітаптар болып жарыққа шықты. Оларға жазушының балаларға арналған повестері мен әңгімелері енгізілген.

 

Таңбалар: Бейсенбай Сүлеймановжазушыкездесу

Ұқсас мақалалар

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Елена Рыбакинамен кездесті
Жаңалықтар

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Елена Рыбакинамен кездесті

28.09.2026
КҮН ШАТЫРЫНА БАСТАҒАН ЖОЛ
Жаңалықтар

КҮН ШАТЫРЫНА БАСТАҒАН ЖОЛ

27.09.2026
Бейсенбай СҮЛЕЙМЕНОВ: Сүйем мен сені, сүйем мен сені, көкірегі ыстық дүние!
Жаңалықтар

Бейсенбай СҮЛЕЙМЕНОВ: Сүйем мен сені, сүйем мен сені, көкірегі ыстық дүние!

20.09.2026
Талқылауға қосылу үшін жүйеге кіріңіз

КӨП ҚАРАЛҒАНЫ

  • Сыр бойының белгілі перзенті Шахизат Төребаев өмірден өтті

    Сыр бойының белгілі перзенті Шахизат Төребаев өмірден өтті

  • «Өз еліме керек емеспін»: Тәжірибелі төрешіге қысым жасаған кім?

  • Мерекелік іс-шарада Сыр өңірінің үздік ұстаздарына құрмет көрсетілді

  • Қазақстан Ресейдің Иркутск облысындағы ахуалды бақылауында ұстайды

  • НАТО Ресейдің ықтимал соғысында жеңудің жоспарын жасап жатыр

  • Қызылордада «Анаға тағзым» ІІІ республикалық форумы өтті

  • Қазақстан Әскери-теңіз күштерінің экс-бас қолбасшысы Қанат Ниязбеков ұсталды

RAST.kz

Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси, ғылыми-көпшілік порталы

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде 23.01.2020 ж. тіркеліп, №KZ56VPY00019585 куәлігін алған.

Құрылтайшы:
«Даларус» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Яндекс.Метрика

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
HTML Weather widget for website by meteolabs.kz

USD USD 453.93 ₸
EUR EUR 508.72 ₸
RUB RUB 5.35 ₸

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру

Add New Playlist