18 Қазан, 21:10
RAST.kz
USD USD 452.12 ₸
EUR EUR 508.95 ₸
RUB RUB 5.41 ₸
Погода в Астане
Погода
Погода в Астане на 2 недели
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Зеленскийдің бұйрығынан соң Украина Жаңа Каховкаға шабуыл бастады

12 Шілде 2022 09:12
- Жаңалықтар, Жаһан
Зеленскийдің бұйрығынан соң Украина Жаңа Каховкаға шабуыл бастады
Facebook-те бөлісу Twitter-де бөлісу

КИЕВ. 12 шілде. Украина әскерлері ел президенті Владимир Зеленскийдің бұйрығы бойынша кеше кешке басқыншылар қол астындағы Херсон облысына жойқын қарсы шабуылға шықты. Бұл туралы Times Moskow News хабарлады.

«Украина Қарушы күштері дүйсенбі күні кешке Ресей оккупациялық әкімшілік орнатып, рубльді айналымға енгізген және аннексия туралы «референдум» өткізуді жоспарластырып отырған Херсон облысының Жаңа Каховка ауданынан соққы жасады», – делінген хабарламада.

«Зарптың мақсаты, әлеуметтік желілерде жарияланып жатқан рәсімдердегідей, қару-жарақтар қоймасын жою болды», – деп баяндады Одесса облысы әскери әкімшілігінің спикері Сергей Братчук.

Бұған дейін Херсон облысы әскери әкімшілігі төрағасының кеңесшісі лауазымын атқарып келген Сергей Хлань наурыз айының басынан бері Ресей армиясының бақылауында болып тұрған Жаңа Каховкаға америкалық жаңа артиллериялық жүйемен жойқын соққылар берілгенін растады.

«Соққылар жергілікті тұрғындардың үйлері терезелерін ұшырып түсіруде. Олар сонда да қуануда… Себебі, Украина Қарулы күштерінің жақын маңда екеніне сүйініш білдіріп жатыр», – деді Сергей Хлань.

Украина телеграм-каналдары Жаңа Каховкадағы оккупанттардың базасына соққы берілген кезде онда кемінде 50 бензовоз, сондай-ақ 200-ге жуық РСЗО «Смерч» ракетасы болғанын хабарлады.

Ал оккупациялық билік соққының Жаңа Каховка ГЭС-і тоғанының жанына түскенін мәлімдеді. Бірақ кейінірек селитра қойылған қойманың жарылып кеткенін мойындады.

Өзін Каховка ауданы әскери-азаматтық әкімгершілігінің басшысы деп таныстырған Владимир Леонтьев деген біреу ТАСС тілшісіне берген сұхбатында атқылаудың америкалық ракеталы-залпты HIMARS отты жүйесінен берілгенін айтты.

Мұның алдында Украина Қорғаныс министрі Алексей Резников президент Владимир Зеленскийдің бас штабқа елдің оңтүстігіндегі экономика үшін барынша маңызды территорияны қайтарып алу шабуылына шығатын уақыт келгенін айтып, іске кірісуге бұйрық бергенін баяндаған болатын.

«Украинаның соғыса алатын қабілеті бар екеніне көздері жеткен, ал Ресей армиясының қуаты жөніндегі әңгіменің артық айтылған сөздер екенін білген батыс елдері бізге керекті осы заманғы үздік қару-жарақтарды жеткізіп тұруды арттыра бастады», – деді ол.

Осы шамада Украина президенті Владимир Зеленский Украина Қарулы күштері үшін соғыстың ел территориясын түгел қайтарып алғанға дейін созылатынын, одан басқаның өздерін қанағаттанырмайтынын мәлімдеген еді.

«Біздің Лондондағы, Вашингтондағы және басқа да астаналардағы әріптестеріміз біздің Кремльді жеңіп шығуымыз үшін тек ақшаны ғана емес, сонымен бірге қару-жарақты да аямайтындарын білдіріп отыр. Біз қалайда жеңеміз. Себебі, әділдік те, шындық та біздің жағымызда», – деді Резников.

Америкалық HIMARS қаруының арқасында украин әскерилері екі аптаның ішінде жаудың 10-нан астам қару-жарақ қоймаларын жойып жіберген. Тек соңғы тәуліктерде ғана оккупанттарға 30 соққы берілген.

Британия премьер-министрлігіне түсіп жатқан Элизабет Трасс Украинаға көмектің бұған дейінгі Борис Джонсонның кезіндегіден де артық болатынын айтып жатыр.

Таңбалар: HIMARSЖаңа КаховкасоққыУкраина

Ұқсас мақалалар

Германия Украинаға шабуыл жасау үшін қажетті қару-жарақтарды бере бастайды
Жаңалықтар

Германия Украинаға шабуыл жасау үшін қажетті қару-жарақтарды бере бастайды

05.09.2026
Қасым-Жомарт Тоқаев Украинаны Тәуелсіздік мерекесімен құттықтады
Жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Украинаны Тәуелсіздік мерекесімен құттықтады

24.08.2026
Украина Подольскідегі ең үлкен Wildberries қоймасына шабуыл жасады
Жаңалықтар

Украина Подольскідегі ең үлкен Wildberries қоймасына шабуыл жасады

16.08.2026
Талқылауға қосылу үшін жүйеге кіріңіз

КӨП ҚАРАЛҒАНЫ

  • Бейсенбай СҮЛЕЙМЕНОВ: Сүйем мен сені, сүйем мен сені, көкірегі ыстық дүние!

    Бейсенбай СҮЛЕЙМЕНОВ: Сүйем мен сені, сүйем мен сені, көкірегі ыстық дүние!

  • Жаңақорған ауданында Машбек Нәлібаевтың 100 жылдығына арналған турнир басталды

  • Дусматовтың жекпе-жегіндегі нокаут үшін «Гелендваген» тігіледі

  • АҚШ Конгресі Трамптың Путинмен дизель жөнінде келісімге келуіне тыйым салды

  • Зеленський дизель жөнінде Путинді тыңдауды ұсынған Трампқа қатты айтты

  • Зеленськийдің Трампқа қатысты әрекеті ЕО басшыларын «естен тандырды» 

  • ҚАСІРЕТТІ ҚЫРЫҚ КҮН

RAST.kz

Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси, ғылыми-көпшілік порталы

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде 23.01.2020 ж. тіркеліп, №KZ56VPY00019585 куәлігін алған.

Құрылтайшы:
«Даларус» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Яндекс.Метрика

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
HTML Weather widget for website by meteolabs.kz

USD USD 452.12 ₸
EUR EUR 508.95 ₸
RUB RUB 5.41 ₸

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру

Add New Playlist