8 Қыркүйек, 02:09
RAST.kz
USD USD 454.31 ₸
EUR EUR 528.04 ₸
RUB RUB 5.25 ₸
Погода в Астане
Погода
Погода в Астане на 2 недели
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Украина Подольскідегі ең үлкен Wildberries қоймасына шабуыл жасады

16 Тамыз 2026 12:59
- Жаңалықтар, Жаһан
Украина Подольскідегі ең үлкен Wildberries қоймасына шабуыл жасады
Facebook-те бөлісу Twitter-де бөлісу

МӘСКЕУ. 16 тамыз. Өткен түнде Украина Қарулы күштерінің ұшқышсыз ұшақтары Мәскеу түбіндегі Подольскінің ең үлкен Wildberries қоймасына, Домодедоводағы логистикалық орталыққа оқ жаудырды. Бұл туралы «Новая газета – Европа» ақпарына сілтеме жасаған rast.kz хабарлайды.

«16 тамызға қараған түні Украина Мәскеу маңындағы Подольскінің Wildberries қоймасының ту-талақайын шығарды. Ғимараттың ауданы 200 мың шаршы метрден асады – бұл компанияның ең аса ірі қоймасы», – делінген хабарламада.

Astra өртті екі тікұшақ сөндіріп жатқанын жеткізді.

Бұдан бөлек, Домодедоводағы логистикалық орталық та Украина Қарулы күштерінің соққылары астында қалды, ол жақта да қатты өрт болды. Astra жазғандай, әңгіме «Солтүстік Домодедово» сұрыптау-логистикалық кешеніндегі №15 қойма туралы болып отыр. Губернатордың сөзінше, онда дәрі-дәрмектер сақталған.

Қиратулар сондай-ақ Каширада да тіркелді, онда полиция бөлімінің жаңа ғимараты зардап шекті. Өнеркәсіптік нысанның жекелеген құрылымдары зақымдалуы Воскресенск де тіркелді. Подольскіде Wildberries қоймасындағы өрттен басқа, «Лесной» СНТ-дағы жеке үй, Климовскідегі жеңіл автомобиль және «Матвеевское» коттедждер қалашығындағы электр беру желісі зақымданды. Домодедово мен Чеховода бірнеше тұрғын үйге залал келген.

Губернатор Воробьевтің айтуынша, түнде Мәскеу облысы соңғы кездергі ең зор дрондар шабуылдарының біріне ұшыраған. Бір түнде Әуе қорғанысы күштері мен РЭБ құралдары Домодедово, Подольск, Ступино, Одинцово, Наро — Фоминск, Раменский, Чехов, Коломна, Кашира және Егорьевск қалаларында 187 ұшқышсыз ұшақ аппаратын атып түсірген.

Елорда мэрі Сергей Собянин бір түнде Мәскеуге қарай ұшып келе жатқан 201 дрон атып құлатылғанын айтты.

Таңбалар: дрондарПодольскУкраинашабуыл

Ұқсас мақалалар

Германия Украинаға шабуыл жасау үшін қажетті қару-жарақтарды бере бастайды
Жаңалықтар

Германия Украинаға шабуыл жасау үшін қажетті қару-жарақтарды бере бастайды

05.09.2026
Қасым-Жомарт Тоқаев Украинаны Тәуелсіздік мерекесімен құттықтады
Жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Украинаны Тәуелсіздік мерекесімен құттықтады

24.08.2026
Әскерилер күзде Мәскеуге 2 мың дрон шабуыл жасайтынын айтты
Жаңалықтар

Әскерилер күзде Мәскеуге 2 мың дрон шабуыл жасайтынын айтты

21.08.2026

КӨП ҚАРАЛҒАНЫ

  • «Дала күні-2026»: Сыр бойында ақ күрішке орақ түсті

    «Дала күні-2026»: Сыр бойында ақ күрішке орақ түсті

  • Тілге тірелген түйсіктер тіні

  • Дәрі-дәрмектер мен медициналық бұйымдар сапасын мемлекеттік орган тексереді

  • Башқұрттың «Ватан» батальонының командирі жауыздығы үшін жаза алған жоқ

  • Университетте Қалқабай Әбенов атындағы журналистік шеберлік зертханасы ашылды

  • Белгілі журналист, ақын Жоламан Бошалақ өмірден өтті

  • Ағат пікірге – адаспас ақиқат

RAST.kz

Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси, ғылыми-көпшілік порталы

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде 23.01.2020 ж. тіркеліп, №KZ56VPY00019585 куәлігін алған.

Құрылтайшы:
«Даларус» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Яндекс.Метрика

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
HTML Weather widget for website by meteolabs.kz

USD USD 454.31 ₸
EUR EUR 528.04 ₸
RUB RUB 5.25 ₸

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру

Add New Playlist