19 Қазан, 04:10
RAST.kz
USD USD 452.12 ₸
EUR EUR 508.95 ₸
RUB RUB 5.41 ₸
Погода в Астане
Погода
Погода в Астане на 2 недели
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Украина түстіктегі шепті бұзды, РФ армиясы қиын жағдайда қалды – Bild

31 Тамыз 2023 19:36
- Жаңалықтар, Тіршілік
Украина түстіктегі шепті бұзды, РФ армиясы қиын жағдайда қалды – Bild
Facebook-те бөлісу Twitter-де бөлісу

БЕРЛИН. 31 тамыз. Украина Қарулы күштері оңтүстік майданда Ресей армиясының қорғаныс бекінісін қирата бұзып шыққаннан кейін оккупанттар шұғыл шегінуге мәжбүр болып жатыр. Бұл туралы алманның Bild басылымы дерегіне сүйенген rast.kz хабарлайды.

«Украина армиясы Оңтүстік майданда ресейліктерді басқа учаскелерден күш әкелуге мәжбүр етіп, стратегиялық жағынан әлсіретіп жатыр», – деп жазды журнал.

Украин әскерлері Ресейдің Запорожье облысындағы басты қорғаныс шебін, атап айтқанда, осы өңірдегі «Суровикин желісін» бұзып шықты. Олар ауыр техникалардың көмегімен шабуыл жасау орнына, солдаттарын жаудың танкке қарсы қойылған темір кедергілері  мен терең траншеяларын жаяу айналып өтіп, басқыншылардың ту сыртынан соққы беруге жіберді. Операция сәтті аяқталып, оккупанттар қисапсыз шығынға ұшырады. Алман (неміс) журналистері мұның жайын егжей-тегжейлі жазды.

«Суровикин желісі» дегеннің өзі танктің жүріп өтуін қиындататын темір қада-кедергілер мен терең қазылған ор-траншеялардан тұрады. Мұндай қорғаныс бекіністері Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін бірінші рет осы жерде жасалып отыр.

Басылымның жазуынша, тұтқиылдан берілген найзағай шабуылдың салдарынан алдарынан шегіну немесе қайтпай шайқасу деген күрделі міндет шыға келген ресейліктер қорғаныс позицияларын қалдырып кетуге мәжбүр болған. Себебі, шайқасты жалғастыру сөзсіз олардың түгел қырылып қалуына апарып соқтыратын еді.

НАТО-ның жаяу әскерлер күштері және артиллерия жүйесі жөніндегі әскери сарапшысы Томас Тайнер Украинаның «басты соққысы» көп ұзамай беріледі деп есептейді, ол негізінен бұған дейін ұрыс қимылдары болмаған аумақта жүзеге асырылады.

Таңбалар: оңтүстік майданСуровикин желісіУкраина

Ұқсас мақалалар

Германия Украинаға шабуыл жасау үшін қажетті қару-жарақтарды бере бастайды
Жаңалықтар

Германия Украинаға шабуыл жасау үшін қажетті қару-жарақтарды бере бастайды

05.09.2026
Қасым-Жомарт Тоқаев Украинаны Тәуелсіздік мерекесімен құттықтады
Жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Украинаны Тәуелсіздік мерекесімен құттықтады

24.08.2026
Украина Подольскідегі ең үлкен Wildberries қоймасына шабуыл жасады
Жаңалықтар

Украина Подольскідегі ең үлкен Wildberries қоймасына шабуыл жасады

16.08.2026
Талқылауға қосылу үшін жүйеге кіріңіз

КӨП ҚАРАЛҒАНЫ

  • Бейсенбай СҮЛЕЙМЕНОВ: Сүйем мен сені, сүйем мен сені, көкірегі ыстық дүние!

    Бейсенбай СҮЛЕЙМЕНОВ: Сүйем мен сені, сүйем мен сені, көкірегі ыстық дүние!

  • Жаңақорған ауданында Машбек Нәлібаевтың 100 жылдығына арналған турнир басталды

  • Дусматовтың жекпе-жегіндегі нокаут үшін «Гелендваген» тігіледі

  • АҚШ Конгресі Трамптың Путинмен дизель жөнінде келісімге келуіне тыйым салды

  • Зеленський дизель жөнінде Путинді тыңдауды ұсынған Трампқа қатты айтты

  • Зеленський Трамптың сөзіне еріп, Украинаны жауға бере салуға ықтияр емес

  • Зеленськийдің Трампқа қатысты әрекеті ЕО басшыларын «естен тандырды» 

RAST.kz

Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси, ғылыми-көпшілік порталы

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде 23.01.2020 ж. тіркеліп, №KZ56VPY00019585 куәлігін алған.

Құрылтайшы:
«Даларус» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Яндекс.Метрика

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
HTML Weather widget for website by meteolabs.kz

USD USD 452.12 ₸
EUR EUR 508.95 ₸
RUB RUB 5.41 ₸

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру

Add New Playlist