2026 жылдың жазына қарай Украина майданындағы соғыс Донбасс пен Запорожьедегі позициялық шайқастардың классикалық көрінісінен асып түсті. Мәскеуде үлкен үміт артқан Ресейдің көктемгі-жазғы шабуылы іс жүзінде шын мәнінде жедел сәтсіздікке ұшырады.
АҚШ-тың Соғысты зерттеу институтының (ISW) мәліметтері бойынша, 2026 жылдың маусымында Ресей күштері небәрі 30,42 шаршы шақырым жерді басып алған немесе орташа есеппен тәулігіне 1,01 шаршы шақырым ғана ішкері енген. Салыстыру үшін айтайық, 2025 жылдың маусымында басқыншылар тәулігіне 16 шаршы шақырым жылдамдықпен ілгері жылжып, 481 шаршы шақырым аумақты өзіне қаратса, 2026 жылдың алғашқы алты айында бір жыл бұрын осы кезеңдегі аумақтың шамамен 28%-ын ғана басып ала алды.
Ресей әскери құрамаларының негізгі соққысы Константиновка мен Донбасстың «қамалдық белдеуінің» іргелес телімдеріне бағытталды. Онда сүзгілік сынақтармен қатар, ауыр ұрыс қимылдары жүріп жатты, бірақ бірде-бір қала алынбады, ал украин бөлімшелері сол тұста дәл сондай қарсы шабуылдарға ерік берді. Оңтүстік бағытта (Орехов, Степногорск, Гуляйполье ауданы) Украина күштік құрылымдары алға жылжуға қол жеткізіп, белсенді қарсы шабуылдарды ұйымдастырды. Ресей шабуылдарының қарқыны тек ретсіз шығындар мен украин дрондарының шабуылдарына байланысты ғана емес, сонымен қатар логистикалық мәселелердің, соның ішінде отын тапшылығының өсуіне байланысты баяулады.
Украиндардың соңғы айлардағы қорғанысты бұзып-жарып шығып жатқан нағыз серпілісі майдан шебіндегі аумақтарды жаулап алуда емес, шабуылдың алысқа құлаш сермеген тереңдігінен де көрінеді. Украин қарулы күштерінің ұшқышсыз ұшақтары Ресейдің майдан желісінен алыста орналасқан мұнай өңдеу саласына ұзақ мерзімді соққы жасаудың тұрақты науқанын жасап берді. 2026 жылдың ортасына қарай елдің еуропалық бөлігіндегі барлық ірі мұнай өңдеу зауыттары бірнеше рет шабуылға ұшырады. Олардың арасында Өфө, Краснодар, Ярославль, Рязань, Пермь, Сызрань, Волгоград, Түмен, Нижнекамск, Туапсе, Капотня (Мәскеу маңы) аталды, ал шілдеде тіпті майджан шебінен 2,5 мың шақырым шалғайды жатқан ең ірі Омбы мұнай өңдеу зауытының да түтіні будақтап ұшты.
Әзірге істен шыққан қуат көздерінің мөлшерін нақтылау да оңай емес. Шетел және Украина тәуелсіз сарапшылары бастапқы өңдеу өндірісінің 20-25%-ы жарамсыз хәлге жекткенін айтады. Шын мәнінде зауыттардың үштен бірі не одан жоғарысы талқандалған. Oxford Institute for Energy Studies және салалық мәнбелерінің мәліметтері бойынша, маусым айына қарай тәуліктік қайта өңдеу жиырма жылдан астам уақыт ішінде 3,7–3,9 миллион баррельге дейін төмендеп кеткен. Бензин өндірісі жылдық мөлшермен алғанда шамамен 24%-ға, дизель 20%-ға, авиакеросин 23%-ға қысқарған.
Мұның салдары салалық статистикадан әлдеқайда асып түсті. Ондаған аймақтарда – аннексияланған Қырым мен Краснодар өлкесінен Иркутск, Забайкалье және Қиыр Шығысқа дейін – жанармай сатуға шектеулер енгізілді. Оларда лимиттер – автомобильге 20-50 литр болып белгіленді, ал канистрлермен алуға тыйым салынды. Жанармай құю станцияларына, «Росгварди»я патрульдеріне, жергілікті жоғары дайындық режимдеріне кезекке тұру күнделікті үйреншікті тіргілікке айналды. Билік бензин мен авиакеросин экспортына тыйым салуға мәжбүр болды, содан кейін дизельге де шектеулер салу жайы талқыланды. Логистикалық теңгерімсіздіктің классикалық симптомы салдарынан Сібірдің мұнай өндіретін аймақтарында да қардарлықтың қағы пайда болды.
Астаналық аймақтың отынының едәуір бөлігін қамтамасыз етіп тұрған Капотнадағы Мәскеу мұнай өңдеу зауыты, қазіргі бағамдар бойынша, кемі 2027 жылға дейін іскеп қосыла алмайды. Жабдықтаушы және қажетті құралдар шетелдерден әкелінетін болғандықтан, санкцияларға ұшыраған оларды жеткізу мүмкін болмай тұр.
2026 жылдың шілдесінде украиндардың қарсы жорық жасау науқаны өрісін кеңейте түсті. Украина дрондары Ресейдің ең ірі Wildberries маркетплейсі логистикалық орталықтарына бірқатар сұрапыл соққылар жасады. Тәуелсіз мәнбелердің есептеулері бойынша, бір айдың ішінде компания қойма алаңының 15%-дай бөлігі жойылды немесе қатты зақымданған. Олар шамамен 5,6 млн-нан 860 мың шаршы метрге дейін барады. Мәскеу облысындағы (Электросталь), Рязань, Краснодар, Невинномысск, Санкт-Петербург, аннексияланған Симферополь мен басқа нүктелердегі нысандар зор зардап шекті. Қызметкерлер арасында қаза тапқандар мен жараланғандар бар.
Осылай Ресей біртіндеп құрдымға құлап келе жатыр. Әзірге оның армиясы әдепкі инерцияның серпуімен тіршілік етіп келеді. Бірақ оның да қуаты сарқылатын уақыт та жетеді. Оның ит-ырғылжыңмен әлі де біразға созылуы да, аяқ астынан, енді қайтып еңсе көтертпейтіндей болып орнай салуы да әбден мүмкін. Мұның екеуі де ақыр соңында Ресей үшін құрдым болып шығады. Сол кезде Кремль ештеңе істей алмайтын шарасыз күйге түседі. Бұл самсоздық пен қауқарсыздық империялық амбициядағы державаның күні анық батқанын айғақтайды. Осы тұста Ресей ішінде кезекті Азамат соғысы басталып кетуі де ғажап емес.
Осының бәрі Киевтің көп қозғалыстан кейін дұрыс дүрбі жолға түскенін тәкпір етеді. Украина Қарулы күштерінің ұшқышсыз ұшақтары өздерінің дітті нысандарын өте дәл тауып, қақырата қиратуды жалғастыру үстінде.
Соңғы айлардың үрдісі айқын: Ресей әлі де шабуыл жасауын тоқтатпай тұр, бірақ мұның құны барған сайын күрт көтеріліп, маневр жасау кеңістігін шұғыл тарылтып барады. Ұзақ мерзімді перспективада, майдандағы жеке тактикалық жетістіктер емес, осы тоқтаусыз динамика шешуші фактор бола алады.
Максуд САЛИМОВ,
саясаттанушы
БАКЫ
USD




