18 Қазан, 17:10
RAST.kz
USD USD 452.12 ₸
EUR EUR 508.95 ₸
RUB RUB 5.41 ₸
Погода в Астане
Погода
Погода в Астане на 2 недели
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Ресейліктердің болашаққа деген сенімі 90-шы жылдар деңгейіне түсіп кетті

21 Тамыз 2026 22:13
- Әлеумет, Жаңалықтар
Балиден кейін Таиландта да «Орыс деревнялары» таратыла бастады
Facebook-те бөлісу Twitter-де бөлісу

МӘСКЕУ. 21 тамыз. Ресейліктердің болашаққа деген сенімдерінің өлшемі өткен ғасырдың 90-шы жылдары деңгейіне дейін құлдырап кеткендері белгілі болды. Бұл туралы The Moscow Times ақпарына сілтеме жасаған rast.kz хабарлайды.

Ұзаққа созылған сұрапыл соғыс, экономикалық ахуалдың барған сайын нашарлай түсуі, дрондардың Мәскеуден Орал тауларына дейінгі атыраптағы мұнай зауыттары мен қоймаларын күнбе-күн шабуылдың астына алуы ресейліктердің ертеңгі бақытты күнге деген сенімдерінің тас-талқанын шығарды.

Мемлекеттік ВЦИОМ-ның 2026 жылғы шілдеде жүргізген сауалдамасы ел азаматтарының 66 пайызы алда Ресейді «қиын уақыттар» күтіп тұр деп есептейтінін көрсетті. Демек, жыл басынан бері күрделі кезең келетінін болжап отырған халықтың саны тағы 16 пайызға артқан.

Нәтижесінде қоғамның болашағы алдындағы пессимизм мен қорқыныштың деңгейі елдің қазіргі заманғы тарихындағы ең жоғары көрсеткішке жеткен.

ВЦИОМ-ның мәліметі бойынша 1991 жылы, КСРО тараудан бірнеше ай ғана уақыт бұрын оның халқының шамамен осыншама бөлігі (66-67%) өздерін «қиын уақыт» күтіп тұрғанын мәлімдеген. Ал 1992 жылы Одақ құлағаннан кейін жұрт жаппай жоқшылыққа ұшырап, 2500%-дық гиперинфляцияға ұрынған.

Украинаның алыстан берген соққылары Ресейді отын тапшылығына тап келтіріп жатыр. Олар осы кезге дейін Wildberries компаниясының 20 қоймасын өртеп жіберді. Оларды қалпына келтіріп беруге мемлекеттің мүлде шамасы жоқ. Бұл ресейліктердің психологиясына қатты әсер етіп отыр.

Парадокс мынада: бұдан ширек ғасыр уақыт бұрын билік басына келген Владимир Путин ең алдымен мемлекет қауіпсіздігін, жарылыстарсыз және кісі өлімдерінсіз тыныш өмірді қамтамасыз етуге уәде берген еді, бірақ ел тарихындағы ең қауіпті кезең тап осы Путиннің билігі тұсында орын алып отыр.

Таңбалар: болашақРесейсауалдамасенім

Ұқсас мақалалар

Билік ресейліктердің «ақылды үйлеріндегі» гаджеттерді бақылауға алады
Әлеумет

Билік ресейліктердің «ақылды үйлеріндегі» гаджеттерді бақылауға алады

06.10.2026
НАТО Ресейдің ықтимал соғысында жеңудің жоспарын жасап жатыр
Жаңалықтар

НАТО Ресейдің ықтимал соғысында жеңудің жоспарын жасап жатыр

06.10.2026
ДДҰ Ресейден обаға байланысты жаңа ақпарат пен түсініктеме күтіп отыр
Әлеумет

ДДҰ Ресейден обаға байланысты жаңа ақпарат пен түсініктеме күтіп отыр

06.10.2026

КӨП ҚАРАЛҒАНЫ

  • Бейсенбай СҮЛЕЙМЕНОВ: Сүйем мен сені, сүйем мен сені, көкірегі ыстық дүние!

    Бейсенбай СҮЛЕЙМЕНОВ: Сүйем мен сені, сүйем мен сені, көкірегі ыстық дүние!

  • Жаңақорған ауданында Машбек Нәлібаевтың 100 жылдығына арналған турнир басталды

  • Дусматовтың жекпе-жегіндегі нокаут үшін «Гелендваген» тігіледі

  • АҚШ Конгресі Трамптың Путинмен дизель жөнінде келісімге келуіне тыйым салды

  • Зеленський дизель жөнінде Путинді тыңдауды ұсынған Трампқа қатты айтты

  • Зеленськийдің Трампқа қатысты әрекеті ЕО басшыларын «естен тандырды» 

  • Зеленський Трамптың сөзіне еріп, Украинаны жауға бере салуға ықтияр емес

RAST.kz

Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси, ғылыми-көпшілік порталы

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде 23.01.2020 ж. тіркеліп, №KZ56VPY00019585 куәлігін алған.

Құрылтайшы:
«Даларус» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Яндекс.Метрика

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
HTML Weather widget for website by meteolabs.kz

USD USD 452.12 ₸
EUR EUR 508.95 ₸
RUB RUB 5.41 ₸

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру

Add New Playlist