9 Шілде, 10:07
RAST.kz
USD USD 467.98 ₸
EUR EUR 533.87 ₸
RUB RUB 6.11 ₸
Погода в Астане
Погода
Погода в Астане на 2 недели
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Украина Қарулы күштері Днепр облысын толық дерлік азат етті

10 Наурыз 2026 18:37
- Жаңалықтар, Жаһан
Өткен тәулікте Ресей армиясы 1140 жауынгерінен айырылды
Facebook-те бөлісу Twitter-де бөлісу

КИЕВ. 10 наурыз. Украина Қарулы күштері Днепр облысының барлық жерлерін жау шеңгелінен босатты. Бұл туралы Dialog.ua ақпарына сүйенген rast.kz хабарлайды.

Ресейдің басқыншы армиясы Днепр облысының әкімшілік шекарасында «буферлік» аймақ құру үшін жанталасып бақты. Бірақ ақыры дегеніне жете алмады.

Мұның орнына, 10 наурызда Украина қорғаныс күштері Днепр облысының бүкіл аумағынан дерлік ресейлік оккупанттарды түре қуып шықты. Украина Қарулы күштері бас штабы бас операциялық басқармасының бастығы, генерал-майор Олександр Комаренко бүгін «РБК-Украина» ресурсына берген сұхбатында осының жайын баян етті.

Комаренко Украина әскерлерінің Олександровск секторындағы (Запорожье және Днепр облыстарының түйіскен жері) операциясын шабуыл ретінде сипаттады. Ол осы жылдың ақпан айының басында басталған. Жорыққа әуе-шабуыл әскерлері мен штурм күштері қатысқан, оларға осы секторды қорғайтын механикаландырылған бригадалар қолдау көрсетуде.

Олександровск секторындағы шабуыл кезінде украин жауынгерлері 400 шаршы шақырымнан астам аумақты жаудан тазартты. Днепр облысы толығымен дерлік азат етілді. Генералдың айтуынша, Украина Қарулы күштері енді үш елді мекенде жүріп жатқан жұмыстарды «аяқтап» шығып, тағы екеуіне шабуыл жасауы қажет.

Комаренко Ресей оккупациялық армиясының Днепр облысында Ресей диктаторы Владимир Путин жиі айтатын «буферлік» аймақ құру үшін шабуыл бастағанына сенімді. Ол 2026 жылғы көктемгі науқан кезінде жау Олександровск, Покровское және Запорожье бағыттарына басымдық беруді жалғастырады деп санайды.

Айта кету керек, Олександровск секторындағы шабуылмен қатар, орыс оккупанттары Запорожье облысындағы Гуляйполье қаласының маңында да шабуыл жасауға ұмтылуда. Жау Орехово қаласының тылына жетуге де тырысуда. Наурыз айында Гуляйпольеге жақын жердегі Железнодорожне селосында да жау жиі көріне бастады.

Украина Қарулы күштері бас штабының мәліметі бойынша, кеше, 9 наурызда ресейлік басқыншылар Олександровск секторындағы Украина Қарулы күштері позицияларына бес рет шабуыл жасаған. Шайқастар Ивановка, Добропилля, Тернов және Новое Запорожье елді мекендерінің маңында өтті. Жау көршілес Мирное мен Гуляйполье маңдарында, сондай-ақ Зеленое, Варваровка және Староукраинка бағытында Украина Қарулы күштерінің позицияларына 28 рет шабуыл жасады.

Таңбалар: азат етуДнепр облысыУкраина

Ұқсас мақалалар

Журавлев «нацизмді» ауыздықтау үшін Украина халқының жартысын жоюды ұсынды
Жаңалықтар

Журавлев «нацизмді» ауыздықтау үшін Украина халқының жартысын жоюды ұсынды

07.07.2026
Соғыстағы стратегиялық сауаттылық сапаға соқпақ салады
Бас баған

Соғыстағы стратегиялық сауаттылық сапаға соқпақ салады

04.07.2026
Туск: Польша Киевке әскери көмек көрсету мәселесіне сақтықпен қарайды
Жаңалықтар

Туск: Польша Киевке әскери көмек көрсету мәселесіне сақтықпен қарайды

04.07.2026

КӨП ҚАРАЛҒАНЫ

  • Қызылордада Ұлттық домбыра күні «Домбыра – халық мұрасы» атты іс-шара өтті

    Қызылордада Ұлттық домбыра күні «Домбыра – халық мұрасы» атты іс-шара өтті

  • БЕЙІМБЕТТІҢ ІЗБАСАРЫ

  • НОҒАЙ АРУЫ

  • Украина Ярославльдегі МӨЗ-ге және Петербург порттарына шабуыл жасады

  • Соғыстағы стратегиялық сауаттылық сапаға соқпақ салады

  • Қадыровтың кісі өлімін әкелген апатқа кінәлі ұлы жол полициясынан медаль алды

  • Еркін форматтағы жүздесуде жастар саясатының басыңқы бағыттары талқыланды

RAST.kz

Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси, ғылыми-көпшілік порталы

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде 23.01.2020 ж. тіркеліп, №KZ56VPY00019585 куәлігін алған.

Құрылтайшы:
«Даларус» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Яндекс.Метрика

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
HTML Weather widget for website by meteolabs.kz

USD USD 467.98 ₸
EUR EUR 533.87 ₸
RUB RUB 6.11 ₸

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру

Add New Playlist