25 Тамыз, 06:08
RAST.kz
USD USD 457.99 ₸
EUR EUR 534.15 ₸
RUB RUB 5.47 ₸
Погода в Астане
Погода
Погода в Астане на 2 недели
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Украина, Грузия, Польша Еуро-2024-ке шықты, ал Қазақстан тағы жеңілді

27 Наурыз 2024 13:16
- Жаңалықтар, Сайыс
Украина, Грузия, Польша Еуро-2024-ке шықты, ал Қазақстан тағы жеңілді
Facebook-те бөлісу Twitter-де бөлісу

Фото Prosports.kz порталынан алынды

АЛМАТЫ. 27 наурыз. Өткен түнде Украина, Сакартвело (Грузия), Польша құрамалары Еуропа чемпионатының финалына шықты, ал Қазақстан жолдастық кездесуде де ұтылды. Бұл туралы rast.kz хабарлайды.

Алдымен Қазақстан құрамасына келейік. Ол Люксембург қаласында Люксембург құрамасымен жолдастық кездесу өткізді. Өкінішке қарай, біздің жерлестеріміз тағы да ұтылып қалды.

Мұның алдында, 21 наурыз күні Ұлттар лигасының жартылай финалында Қазақстан Афинада Грекиядан 0:5 есебімен ойсырай жеңілген болса, Люксембург Тбилисиде Сакартвелоға 0:2 есебімен есе жіберіп қойған еді.

Сәтсіздікке ұшыраған екі құраманың ойыны айтарлықтай тартысты өтті. Ол алаң иелерінің шабуылымен басталғанымен, есепті қонақтар ашып кетті. Сөйтіп, кездесудің 2-минутында Асхат Тағыбергеннің қақпа алаңына қарай әуелетіп жіберген добына басын төсей қойған 21 жасар Әділет Сәдібеков алғашқы голдың авторы атанды.

Бірақ күтпеген жерден тез соғылып кеткен голдан ұнжырғалары түскен алаң иелері болмады. Олар қайта бұрынғыдан бетер өршелене алға ұмтылды. Сол жиі жасалып жатқан жойқын жорықтар ақыры өз нәтижесін берді. 24-минутта Братислава «Словананың» форварды Желсон Родригеш таразы басын теңестіріп тастады. Ал командалар үзіліске шығардың дәл алдында Данел Синани өз жасағын алға шығарып жіберді – 2:1!

Матчтың екінші бөлігінде қарсыластардың екеуі де гол соға алмады. Иә, ойынның өзінде ондай мүмкіндіктер аз болды. Осы уақытта алаңда бізден Исламбек Қуат, Ян Вороговский, Эльхан Астанов, Бағдат Қайыров, Абат Айымбетов, Ислам Чесноков секілді ойыншылар өнер көрсетті.

Осымен, соңғы 5 күнде 2 ойын ойнап үлгерген Қазақстан құрамасы оның екеуінде де жеңіліске ұшырады.

Құрама енді маусым айында жиналады. Ол Армения құрамасымен жолдастық кездесу өткізеді.

Өткен түнде сондай-ақ Украина, Сакартвело және Польша құрама комадаларының Еуропа чемпионатына жолдама алуларымен ерекшеленді. Украиндар осымен қатарынан төртінші рет құрлық чемпионатына шығып отырса, картвелдер бірінші ріт сол аламанға қатысқалы тұр.

Украина құрамасы бұл күні Исландия командасын ұту арқылы өзінің көздеген мақсатына жетті. Матч Польшаның Вроцлав қаласында ойналды. Есепті 30-минутта исландтар Альберт Гудмундссонның сәтті шабуылы арқасында ашты. Украиндар өздерінің екі голын да екінщі таймда түсірді. Алдымен 54-минутта Виктор Цыганков таразы басын теңестірсе, 84-минутта Михайло Мудрик соңғы нүктені қойып берді. Есеп – 2:1!

Қалған екі ойында да есеп ашылған жоқ. Атап айтқанда, Кардиффте өткен Уэльс – Польша, Тбилисиде ойналған Сакартвело – Грекия құрамалары матчтары 0:0 есебімен аяқталды. Екеуінде де овертайм ешқандай өзгеріс әкеле қоймады. Содан кейін футболшылар ойыннан кейінгі пенальтиге жүгінді. Оларда қарсыластарынан 4:2 есебімен басым түскен Сакартвело, 5:4 есебімен артық шыққан Польша ұлттық командалары Германияда өтетін құрлық біріншілігіне жолдама алды. Құттықтаймыз!

 

Таңбалар: Еуро-2024қазақстан құрамасыЛюксембургфутбол

Ұқсас мақалалар

Сүйінші! Қазақстан кадеттер құрамасы дзюдодан әлем чемпионы атанды
Жаңалықтар

Сүйінші! Қазақстан кадеттер құрамасы дзюдодан әлем чемпионы атанды

24.08.2026
Дастан Сәтбаев «Бернли» сапындағы бірінші ойынын ойнады
Жаңалықтар

Дастан Сәтбаев «Бернли» сапындағы бірінші ойынын ойнады

23.08.2026
ФИФА әлем чемпионатының символдық құрамасы құрамын анықтады
Жаңалықтар

ФИФА әлем чемпионатының символдық құрамасы құрамын анықтады

22.07.2026

КӨП ҚАРАЛҒАНЫ

  • Өмірдің өрінен тағы бір жайсаң, жақсы жан өтті

    Өмірдің өрінен тағы бір жайсаң, жақсы жан өтті

  • Аида Балаева: Біз «Қазақфильмнен» айырылып қала жаздадық

  • Алашқа аты аян айтулы ақын Елубай Әуезов ақтық сапарға аттанды

  • «Көршінің қызы» керемет еді (видео)

  • Мемлекет басшысы Үкімет құрамында бірқатар өзгерістер болатынын мойындады

  • Путиннің кедейлерге арналған соғысы байларды байыта түседі

  • Денсаулық министрі жеке азаматтарды қабылдап, мәселелерін шешуге ықпал етті

RAST.kz

Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси, ғылыми-көпшілік порталы

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде 23.01.2020 ж. тіркеліп, №KZ56VPY00019585 куәлігін алған.

Құрылтайшы:
«Даларус» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Яндекс.Метрика

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
HTML Weather widget for website by meteolabs.kz

USD USD 457.99 ₸
EUR EUR 534.15 ₸
RUB RUB 5.47 ₸

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру

Add New Playlist