18 Қазан, 04:10
RAST.kz
USD USD 452.12 ₸
EUR EUR 508.95 ₸
RUB RUB 5.41 ₸
Погода в Астане
Погода
Погода в Астане на 2 недели
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Украина Радасы РФ мемлекеттік идеологиясын ресми түрде «рашизм» деп атады

2 Мамыр 2023 23:18
- Жаңалықтар, Қоғам
Украина Радасы РФ мемлекеттік идеологиясын ресми түрде «рашизм» деп атады
Facebook-те бөлісу Twitter-де бөлісу

КИЕВ. 2 мамыр. Украина Жоғарғы радасы Ресей мемлекеттік идеологиясын ресми түрде «рашизм» деп тану жөнінде қауды қабылдады. Бұл туралы украин ресурстарына сілтеме жасаған rast.kz хабарлайды.

Осылайша халықаралық терминологияға «рашизм» деген ұғым қосылды.

«Жоғарғы Рада агрессор-ел Ресейдің мемлекеттік идеологиясын рашизм деп таныды», – делінген «Украинская правда» хабарламасында.

Бүгін, 2 сәуір күні Украина Парламенті қазіргі заманғы РФ-ның мемлекеттік идеологиясын рашизм ретінде анықтау жөніндегі қаулыны бір ауыздан мақұлдады. Мұны өзінің Telegram-каналында Жоғарғы Рада депутаты Олексей Гончаренко хабарлады.

Қаулыны Раданың 281 депутаты қолдады. Құжатқа қарсы болғандар, қалыс қалғандар болған жоқ.

Рада өзінің үндеуінде БҰҰ, Еуропарламент, ПАСЕ, ОБСЕ, НАТО сияқты халықаралық беделді ұйымдарды, сондай-ақ барлық елдердің парламенттерін Кремль ұсынып, уағыздап отырған адам баласын жеккөруге, ксенофобияға (өзгелермен санаспаушылық) және милитаристік (соғысқұмарлық) идеология – рашизмге қарсы бірлесе күресуге шақырады.

Айта кету керек, тарихшылар мен саясаттанушылар, – соның ішінде ресейліктер де бар, – 2022 жылдың басында РФ-да фашизмнің пайда болғанын сөз ете бастады. Кезінде Лоуренс Бритт анықтап, атап көрсеткен фашизмнің барлық 14 белгісі, атап айтқанда, национализмнің айқын көрініс беруі, адам құқықтарын менсінбеу, ұлттық қауіпсіздік деген жалаң ұранды жалаулату, бүкіл халықты қарсы жұмылдыратын қалайда бір жау тауып алу насихатын қалыптастыру, милитаризм (соғысқа дайындалу мақсатында жаппай қарулану), жыныстық белгілер бойынша кемсіту, БАҚ-тарға қатаң бақылау орнату, коррупцияға белшесінен батқан билікті қорғау, сайлау нәтижелерін көпе-көрнеу бұрмалау, билеушілер мен діни басшылықтың бірігіп кетуі, қоғамдық (жұмысшы) ұйымдарын басып тастау, зиялы қауым мен интеллектуалдарды жек көру, жемқорлық пен протекционизмнің кең етек алуы секілді әрекеттер түгел Ресей Федерациясының қазіргі таңдағы мемлекеттік идеологиясының негізгі арқауы болып отыр.

Бұдан бұрын «Диалог.UA» Ресейдің фашизмнің барлық тәсілдері мен әдістерін толығымен қолданып жатқанын жазған еді.

Зерттеуші Лоуренс Бритт өз заманында Гитлерден Пиночетке дейінгі диктаторлардың барлық әрекеттеріне барлау жасау арқылы фашизмнің 14 белгісін анықтаған болатын. Келесі тарихшылар Путин мен оны қолдап отырған ресейліктердің рашизмін де осылай зерттейтініне еш күмән жоқ. Қазір бір ғана нәрсе айқын, бұған оларды осы кезге дейін қандарына сіңіп кеткен өзгелерге ұдайы үстемдік етіп тұруға деген импершілдік амбиция алып барып отыр.

Таңбалар: жоғарғы радарашизмУкраина

Ұқсас мақалалар

Германия Украинаға шабуыл жасау үшін қажетті қару-жарақтарды бере бастайды
Жаңалықтар

Германия Украинаға шабуыл жасау үшін қажетті қару-жарақтарды бере бастайды

05.09.2026
Қасым-Жомарт Тоқаев Украинаны Тәуелсіздік мерекесімен құттықтады
Жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Украинаны Тәуелсіздік мерекесімен құттықтады

24.08.2026
Украина Подольскідегі ең үлкен Wildberries қоймасына шабуыл жасады
Жаңалықтар

Украина Подольскідегі ең үлкен Wildberries қоймасына шабуыл жасады

16.08.2026
Талқылауға қосылу үшін жүйеге кіріңіз

КӨП ҚАРАЛҒАНЫ

  • Бейсенбай СҮЛЕЙМЕНОВ: Сүйем мен сені, сүйем мен сені, көкірегі ыстық дүние!

    Бейсенбай СҮЛЕЙМЕНОВ: Сүйем мен сені, сүйем мен сені, көкірегі ыстық дүние!

  • Жаңақорған ауданында Машбек Нәлібаевтың 100 жылдығына арналған турнир басталды

  • Дусматовтың жекпе-жегіндегі нокаут үшін «Гелендваген» тігіледі

  • АҚШ Конгресі Трамптың Путинмен дизель жөнінде келісімге келуіне тыйым салды

  • Зеленський дизель жөнінде Путинді тыңдауды ұсынған Трампқа қатты айтты

  • Зеленськийдің Трампқа қатысты әрекеті ЕО басшыларын «естен тандырды» 

  • Зеленський Трамптың сөзіне еріп, Украинаны жауға бере салуға ықтияр емес

RAST.kz

Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси, ғылыми-көпшілік порталы

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде 23.01.2020 ж. тіркеліп, №KZ56VPY00019585 куәлігін алған.

Құрылтайшы:
«Даларус» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Яндекс.Метрика

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
HTML Weather widget for website by meteolabs.kz

USD USD 452.12 ₸
EUR EUR 508.95 ₸
RUB RUB 5.41 ₸

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру

Add New Playlist