22 Тамыз, 06:08
RAST.kz
USD USD 456.88 ₸
EUR EUR 534.64 ₸
RUB RUB 5.47 ₸
Погода в Астане
Погода
Погода в Астане на 2 недели
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Үкімет басшысының бірінші орынбасары шығыс өңірлерін аралап қайтты

31 Шілде 2026 10:36
- Жаңалықтар, Қоғам
Үкімет басшысының бірінші орынбасары шығыс өңірлерін аралап қайтты
Facebook-те бөлісу Twitter-де бөлісу

АСТАНА. 31 шілде. Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаев еліміздің шығыс өңіріне жасалған сапарынан өте жақсы әсерлермен оралды. Бұл туралы өз мәнбесіне сүйенген rast.kz хабарлайды.

Нұрлыбек Нәлібаев биылғы мамыр айында Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары болып тағайындалғалы бері Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың арнайы тапсырмасы бойынша республика өңірлеріне іссапарларға шығып, сол аймақтардағы көкейкесті мәселелерді шешудің жолдарын қарастыруды тоқтаусыз жалғастырып келеді. Ол осы сапарлар барысында қайда аймақтарда және қайда болмасын, өзінің шаруашылық және өндіріс проблемаларын жетік білетін білікті басшы, тәжірибелі маман екенін көрсетіп жүр.

Үкімет басшысының бірінші орынбасарының бұл жолғы сапары шығыс өңірдегі екі облыстың жағдаятымен кеңінен танысуға арналды. Сапар сорабы 22 шілдеде Абай облысына ат басын тіреуден басталды. Мұнда ол алдымен Аягөз ауданындағы «Aйдарлы» тау-кен байыту комбинатына аялдап, ірі жобаның сөреден шығу рәсіміне қатысты. Аталмыш өндіріс орны тек бұл өңірдің ғана емес, сонымен өатар еліміздің тау-кен металлургия саласындағы маңызды стратегиялық және инвестициялық жоба болып саналады.

Нұрлыбек Нәлібаев бұдан әрі Бесқарағай ауданындағы «Семей орманы» мемлекеттік орман табиғи резерваты Канонерка филиалының орман тұқымбағы мен орман тұқым станциясы кешенінде болып, оларда қолға алынып жатқан жақсы жаңашылдықтарға ден қойды. Осы орайда Президенттің Ертіс бойындағы өртенген орман алқаптарын қысқа мерзімде қалпына келтіру жөнінде тапсырма бергенін айта кеткен жөн. Нұрлыбек Нәлібаев облыста бұл жұмыстарды қарқынды жүріп жатқанына көз жеткізді.

Орман көшеттерін жабық тамыр жүйесімен өсіретін алғашқы әрі бірегей кешенде инновациялық технологияның арқасында қарағай көшетін өсіру мерзімі екі жылдан бір жылға дейін қысқарып, тұқымның өнгіштігі 95 пайызға дейін көтерілген. Енді алдағы уақытта орман қорын ұлғайтуға, өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және тоғайлы алқаптарды қалпына келтіруге қатысты жұмыс жүйелі түрде жалғастыра беру керек.

«Семейдегі ТЭЦ-1 кәсіпорнының өндірістік қызметі және алдағы жылу маусымына дайындығы назардан тыс қалған жоқ. Жөндеу жұмыстары толық аяқталғаннан кейін облыстағы тозған жылу желілері 55,6%-дан 52,3%-ға дейін, оның ішінде Семей қаласында 58,2%-дан 54,1%-ға дейін азаяды.

Мемлекет басшымыздың тапсырмасымен қолға алынған Семейдегі автомобиль көпірінің құрылыс-монтаж жұмыстары 70 пайыз орындалған. Төрт жолақты қозғалысқа есептелген көпірге арнаулы мемлекеттік қордан қаражат бөлінген», – деп жазды Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Facebook әлеуметтік желісінде бұл турасында.

Ол сапар барысында сондай-ақ Қарағайлы тұрғын ауданындағы, Семей теміржол вокзалындағы жұмыстардың жайынаа да қанықты. Семей вокзалы 1915 жылы салынған, соңғы рет 1972 жылы қайта жаңғыртылған, 2013 жылы күрделі жөнделген. Қазір құрылысшылар екі ауысымдық жұмыс режиміне көшкен, жолаушыларға ыңғайлы болу үшін уақытша күту орны да ыңғайлы етіп ұйымдастырылған. Жалпы, Мемлекет басшының вокзалдар инфрақұрылымын жаңғырту бағдарламасы аясында Абай облысында 10 вокзалды жаңғырту жоспарланған. Қазір солардың ішінде Бородулиха ауданының Ауыл және Белағаш теміржол вокзалдары пайдалануға берілген.

Нұрлыбек Нәлібаевтың Шығыс Қазақстан облысындағы жұмыс сапары Үкімет басшысының тапсырмасымен Риддер жылу электр орталығынан өріс алды. Себебі, шағын шаһарда жылу желілері мен жабдықтарын жөндеуге қатысты проблеамалар бұрыннан аз болмайтын. Ал мұнда 1956 жылы пайдалануға берілген ЖЭО-да №5 және №6 қазандық агрегаттарына күрделі жөндеу жасалып, жылу желілері жаңартылып жатыр екен.

«Шығыста қыс ерте түсетіндіктен, жылыту маусымына дайындық барлық талаптарға сай болуы тиіс. Басты міндеттің бірі – жылыту маусымын ешқандай ақаусыз, апатсыз өткізу. Себебі бұл мәселе Мемлекет басшысының назарында, Үкімет басшысының қатаң бақылауында тұр», – деп атап көрсетті Нұрлыбек Нәлібаев сапар соңында.

Ол келесі кезекте «Казцинк» компаниясының Долинный кеніші және BearLog демалыс базасында жерасты жұмыстарын жүргізетін қызметкерлердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету тетіктерімен, өндірістегі тәуекелдерді азайту үшін қолданылатын заманауи техникалармен танысты. Содан соң Өскемендегі теміржол вокзалын, жолайрықты, жылу қазандығы және тұрғын үй құрылысы нысандарындағы жұмыс барысын көріп шықты.

«Өскемен-1» теміржол вокзалы қайта жаңғырту аяқталғаннан кейін екі еседен астам ұлғаяды. Заманауи күту залдары, жолаушыларға арналған жайлы орындар жасалып, инженерлік желілер толық жаңартылады және  маңы абаттандырылады. Екі деңгейлі заманауи жолайрық облыс орталығындағы ең қарқынды қозғалыс учаскелерінің бірінің өткізу қабілетін арттыруға, жол қозғалысы қауіпсіздігін жақсартуға және жүргізушілердің жол жүру уақытын қысқартуға мүмкіндік беруге тиіс.

Бұдан әрі Үкімет басшысының бірінші орынбасары «Шығыс жылу» АҚ-ның №2 қазандығында жөндеу науқанының жайымен, жабдықтардың техникалық жай-күйі және тұтынушыларды үздіксіз жылумен қамтамасыз ету бағытында қабылданған шаралармен жан-жақты танысты.

Оның баяндауынша, қаланың сол жағалау бөлігіндегі «Нұрлы жол» бүгінде құрылысы қарқын алған ең ірі шағын аудандардың біріне айналып отыр. Мұнда ондаған көпқабатты тұрғын үй пайдалануға берілген. Әлеуметтік, мәдени нысандар салынған. Қазіргі уақытта хоккей модулінің құрылысы аяқталуға жақын. Алдағы уақытта да жаңа ғимараттар салу көзделген. Аудан өте қолайлы. Жанында мектеп, балабақша, спорт кешені мен саябақ бар. «Ең басты мақсат – тұрғын үйлерді қыркүйек айына дейін уақытылы пайдалануға беру. Құрылыс сапасы мен белгіленген мерзімді қатаң сақтау қажет», – деген түйін түйеді осы жерде Нұрлыбек Нәлібаев.

Мемлекет басшымыздың тапсырмасымен салынып жатқан Катонқарағай ауданындағы әуежай құрылыс-монтаждау жұмыстарының 64 пайызы орындалыпты. Ұшу-қону жолағының, рульдеу жолының және перронның негізгі бөлігінде жұмыстар аяқталған. Терминал мен қосалқы ғимараттардың құрылысы жалғасуда. Бұл әуежай Қатонқарағайдың ғана емес, еліміздің көлік инфрақұрылымындағы маңызды нысандардың бірі болмақ.

Нұрлыбек Нәлібаевтың айтуынша, сол себепті құрылыс қарқынын күшейтіп, жұмысшылар санын арттыру, желтоқсанның 1-не дейін барлық жұмысты толыққанды аяқтау керек. Асфальттау, бетондау және инженерлік коммуникациялар тартуды қыркүйекке дейін үлгерту өте маңызды. Ғимараттарға жылу жүргізілген соң әрлеу жұмыстарын жалғастыруға мүмкіндік болады.

«Катонқарағай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінде өткен экологиялық туризмді дамыту мәселелеріне арналған көшпелі кеңесте бірқатар жоба таныстырылды. «Pana Katon Karagay» жобасы аясында 70 шаршы шақырым жаңа туристік кент құрылысы басталмақшы. Ал «Ular Park» туристік кешені жобасы шеңберінде 13 капсуладан тұратын жазғы қонақүй құрылысы биыл аяқталса, 150 адамға арналған қысқы қонақүй 2028 жылы салынып бітетін болады.

«Енді жоба қағаз бетінде, әдемі сөз күйінде қалмай, іске асуы тиіс», – деген тұжырым айтты Нұрлыбек Машбекұлы сапар барысында. Осыған орай өткізілген көшпелі кеңесте туризмді дамытуға серпін беретін ұсыныстарға кезек беріліп, тараптардың ой-пікірлері ортаға салынды.

Премьер-министрдің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаев 2026 жылдың мамыр айынан бері осындай тапсырмамен еліміздің 7 облысы болып қайтты. Ол, атап айтқанда, мамырда – Шымкент және Алматы қалалары мен Алматы облысына, маусымда Жамбыл, Солтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан, Ұлытау және Қарағанды облыстарына, шілдеде, жоғарыда айтылған екі облыстан бөлек, тағы Павлодар облысына арнайы сапар жасады.

 

Таңбалар: арнайы сапарНұрлыбек Нәлібаевшығыс өңірлер

Ұқсас мақалалар

Нұрлыбек Нәлібаев Жетісу облысына жұмыс сапарымен барып қайтты
Аймақ

Нұрлыбек Нәлібаев Жетісу облысына жұмыс сапарымен барып қайтты

13.08.2026
Премьер-министрдің бірінші орынбасары Қытайдың Қазақстандағы елшісімен кездесті
Дәулет

Премьер-министрдің бірінші орынбасары Қытайдың Қазақстандағы елшісімен кездесті

12.08.2026
Кабинеттен кеңістікке шыққан үлгілі Үкімет
Жаңалықтар

Кабинеттен кеңістікке шыққан үлгілі Үкімет

09.08.2026

КӨП ҚАРАЛҒАНЫ

  • Өмірдің өрінен тағы бір жайсаң, жақсы жан өтті

    Өмірдің өрінен тағы бір жайсаң, жақсы жан өтті

  • Аида Балаева: Біз «Қазақфильмнен» айырылып қала жаздадық

  • Меркіде қайғылы қазаға ұшыраған Мәдинаның ажалы себебі елді шошытты

  • Сатыбалды ақырын Алматыны қазақша сөйлетуді бастаған сияқты

  • Каньенің концерті үшін қазақ тілінің не кедергісі бар?

  • Белгілі саясаткер Қашаған кенішіне орай Назарбаевтан жауап алуды талап етті

  • Путиннің кедейлерге арналған соғысы байларды байыта түседі

RAST.kz

Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси, ғылыми-көпшілік порталы

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде 23.01.2020 ж. тіркеліп, №KZ56VPY00019585 куәлігін алған.

Құрылтайшы:
«Даларус» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Яндекс.Метрика

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
HTML Weather widget for website by meteolabs.kz

USD USD 456.88 ₸
EUR EUR 534.64 ₸
RUB RUB 5.47 ₸

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру

Add New Playlist