27 Тамыз, 00:08
RAST.kz
USD USD 458.87 ₸
EUR EUR 535.09 ₸
RUB RUB 5.42 ₸
Погода в Астане
Погода
Погода в Астане на 2 недели
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Түрмеде отырған Қайрат Сатыбалды зәулім үйін Назарбаевқа сыйға тартқан

20 Маусым 2023 18:26
- Жаңалықтар, Қайнар
Түрмеде отырған Қайрат Сатыбалды зәулім үйін Назарбаевқа сыйға тартқан
Facebook-те бөлісу Twitter-де бөлісу

АЛМАТЫ. 20 маусым. Қазақстандық олигарх Қайрат Сатыбалды түрмеге қамалғаннан  кейін экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевқа Алматы облысы Үшқоңыр алқабындағы сәнді сарайды сыйға тартқан. Бұл туралы «Азаттық» дерегіне сүйенген rast.kz хабарлайды.

«Азаттық радиосы» өз тілшілері сот үкімімен қазір түрмеде отырған Қайрат Сатыбалдының Алматы облысындағы Үшқоңыр жайлауында орналасқан зәулім үйіін әкесі, яғни әкесінің туған ағасы Нұрсұлтан Назарбаевқа сыйға тартқанын анықтағандарын айғақтайды.

«Бұл әрекет қалай жүзеге асты? Заңға сай ма? Күдіктіні тергеп жатқан сыбайлас жемқорлықпен күрес агенттігінің пікірі қандай? Үшқоңыр жайлауындағы 9,5 мың гектар жерді экс-президенттің інісі Болат Назарбаев кімге берді? Материалда осы сауалдарға жауап іздедік», – деп жазады агенттік тілшілері.

«Нұрсұлтан Назарбаевтың өзі туып-өскен өлкесіне арнаған әннің әсері болар, Үшқоңыр атауы жұртқа таңсық емес. Іле Алатауының бір бөктеріндегі көк майсалы үстірт, көркем жайлау. 2000-жылдардың басында Алматы облысы Қарасай ауданы Шамалған ауылының аумағына кіретін Үшқоңыр жайлауының кадастр дерегі өзгеріп, бірнеше жаңа учаскеге бөлінген», – делінген бұдан әрі.

Кейін Шамалған ауылынан жайлауға дейін жол салынып, газ бен жарық тартылды. 2014 жылы жеке бөлінген 7 гектардай аумақта зәулім сарайдың құрылысы аяқталды.

2016 жылғы ресми тіркеу кезінде бұл жылжымайтын мүлік Қайрат Сатыбалдының меншігіне жазылған. Содан бері Қайрат мүліктің иесі болып қала берді. Қаңтар оқиғасынан кейін көп өтпей ол қамауға алынған кезде де тергеу органдары шектеу, тыйым салған. Бұл «Азаттық» танысқан ресми деректе анық жазылған.

Биыл сәуірдің ортасында бұрын Сатыбалдының атында тұрған жайлаудағы осы резиденция Нұрсұлтан Назарбаевтың иелігіндегі «Елбасы» қорының меншігіне өткен. «Азаттық» радиосына «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының берген жауабына сәйкес, мүліктің меншік құқығы сыйға тарту шарты бойынша өзгерген. Бірақ оның қалай жүзеге асқаны жұмбақ.

Еске сала кетейік, 2022 жылдың 26 ​​қыркүйегінде Қайрат Сатыбалдыұлы Назарбаев қызметтік өкілеттігін асыра пайдаланып, қаржы жымқыру фактілері бойынша алты жылға бас бостандығынан айырылған болатын. Сатыбалдының мемлекет қауіпсіздігіне нұқсан келтіретін басқа да қылмыстарға қатыстылығы да қазір тексеріліп жатыр.

Таңбалар: зәулім үйҚайрат СатыбалдыНұрсұлтан Назарбаев

Ұқсас мақалалар

Назарбаевтың шет елдерге өз бетінше сапарға шығуына тыйым салу ұсынылды
Жаңалықтар

Назарбаевтың шет елдерге өз бетінше сапарға шығуына тыйым салу ұсынылды

29.12.2025
Назарбаев дүние жүзінің ең бай адамдары рейтингісіне кірді
Әлеумет

Назарбаев дүние жүзінің ең бай адамдары рейтингісіне кірді

25.07.2025
Бүгін Назарбаев 85 жасқа толды, бірақ мерейтой ел ішінде атап өтілмейді
Жаңалықтар

Бүгін Назарбаев 85 жасқа толды, бірақ мерейтой ел ішінде атап өтілмейді

06.07.2025
Талқылауға қосылу үшін жүйеге кіріңіз

КӨП ҚАРАЛҒАНЫ

  • Өмірдің өрінен тағы бір жайсаң, жақсы жан өтті

    Өмірдің өрінен тағы бір жайсаң, жақсы жан өтті

  • Аида Балаева: Біз «Қазақфильмнен» айырылып қала жаздадық

  • Алашқа аты аян айтулы ақын Елубай Әуезов ақтық сапарға аттанды

  • «Көршінің қызы» керемет еді (видео)

  • Мемлекет басшысы Үкімет құрамында бірқатар өзгерістер болатынын мойындады

  • Қалп хабар таратып, полицейлерді қараламақ болған қызылордалық қыз жаза алды

  • Денсаулық министрі жеке азаматтарды қабылдап, мәселелерін шешуге ықпал етті

RAST.kz

Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси, ғылыми-көпшілік порталы

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде 23.01.2020 ж. тіркеліп, №KZ56VPY00019585 куәлігін алған.

Құрылтайшы:
«Даларус» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Яндекс.Метрика

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
HTML Weather widget for website by meteolabs.kz

USD USD 458.87 ₸
EUR EUR 535.09 ₸
RUB RUB 5.42 ₸

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру

Add New Playlist