18 Қазан, 02:10
RAST.kz
USD USD 452.12 ₸
EUR EUR 508.95 ₸
RUB RUB 5.41 ₸
Погода в Астане
Погода
Погода в Астане на 2 недели
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Бүгін Назарбаев 85 жасқа толды, бірақ мерейтой ел ішінде атап өтілмейді

6 Шілде 2025 20:54
- Жаңалықтар, Қайнар
Бүгін Назарбаев 85 жасқа толды, бірақ мерейтой ел ішінде атап өтілмейді
Facebook-те бөлісу Twitter-де бөлісу

АСТАНА. 6 шілде. Қазақстанды 30 жылға жуық уақыт басқарған Нұрсұлтан Назарбаевтың бүгінгі 85 жаcы мемлекеттік деңгейде кеңінен атап өтілмейді. Бұл туралы Fergana.ru ақпарына сүйенген rast.kz хабарлайды.

Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев 6 шілдеде 85 жасқа толды. Өткен мерейтойдан айырмашылығы, елімізде бұған байланысты ешқандай ресми іс-шара өтпейді.

Ол тәуелсіз Қазақстанды 1990-2019 жылдар аралығында армансыз билеп-төстеді. Бүкіл үрім-бұтағымен, құда-жекжаттарымен, ауылдас ағайындарымен және кластастарының балаларымен бірге үріп-ішіп, шайқап төкті.

Бұдан бір күн алдын Қазақстанның қазіргі президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ұлы ұстазы Нұрсұлтан Назарбаевты әлеуметтік желіде туған күнімен құттықтады. Ол «қазіргі қазақ мемлекеттілігінің бастауында тұрған және Қазақстан Республикасының қалыптасуы мен дамуына орасан зор үлес қосқан қаһарман қайраткердің» тарихи еңбегін атап өтті. «Тоқаев тұңғыш президентке зор денсаулық тіледі», деп атап өтті Ақорданың баспасөз қызметі.

Назарбаевты Беларусь президенті Алексяндр Лукашенка да құттықтады. Ол Қазақстанның бұрынғы басшысына зор денсаулық пен ұзақ ғұмыр, өмірдің барлық саласында табыс пен бақ-береке тіледі. «Сіздің даналығыңыз бен тәжірибеңіз басқаларды шабыттандыра берсін», – деп сөзін келтіреді Лукашенканың баспасөз қызметі.

Тұңғыш президенттің туған күні ұлттық мереке Астана күнімен тұспа-тұс келеді. Оны қазақстандықтар бүгін тойлап жатыр. Мерекеде Астанада ондаған іс-шаралар мен концерттер жоспарланған, ал кешке мерекелік отшашу жоспарланған.

85 жастағы Назарбаев республиканы 30 жыл бойы басқарды. 2019 жылдың 19 наурызында ол өз өкілеттіктерін сол кезде Сенат спикері болған Қасым-Жомарт Тоқаевқа тапсырып, мемлекет басшысы қызметінен кететінін мәлімдеді. 2019 жылдың маусымында Тоқаев президенттік сайлауда жеңіске жетті. 2022 жылдың қарашасында ол кезектен тыс сайлауда Қазақстан Президенті болып қайта сайланды.

2022 жылғы қаңтардағы тәртіпсіздіктерден кейін Назарбаев елдің ішкі және сыртқы саясатына қатысуды іс жүзінде тоқтатып, барлық лауазымдарынан қағылды. 2023 жылдың басында ол кепілдіктер мен артықшылықтардан, сондай-ақ барлық құрметті мәртебелерден, соның ішінде Елбасы мәртебесінен айырылды. Оның отбасы мен жақын ортасының бірқатар мүшелері қылмыстық қудалауға ұшырап, басқалары мемлекеттік қызметтен кетті. 2019 жылы Назарбаевтың құрметіне Нұр-Сұлтан деп өзгертілген ел байтағы бұрынғы Астана атауына қайта оралды.

Таңбалар: құттықтауНұрсұлтан Назарбаевтуған күн

Ұқсас мақалалар

Конституциялық сот Тоқаевтың қайта сайлауға түсуге құқылы екенін дәлелдеп берді
Жаңалықтар

Тоқаев шахмат олимпиадасында екінші орын алған Қазақстан құрамасын құттықтады

28.09.2026
СЕН БОЛМАСАҢ, СЕЗІМ ТҰЛ…
Жаңалықтар

СЕН БОЛМАСАҢ, СЕЗІМ ТҰЛ…

16.09.2026
Президент ақын Марфуға Айтхожаны 90 жасқа толуымен құттықтады
Әлеумет

Президент ақын Марфуға Айтхожаны 90 жасқа толуымен құттықтады

25.08.2026

КӨП ҚАРАЛҒАНЫ

  • Бейсенбай СҮЛЕЙМЕНОВ: Сүйем мен сені, сүйем мен сені, көкірегі ыстық дүние!

    Бейсенбай СҮЛЕЙМЕНОВ: Сүйем мен сені, сүйем мен сені, көкірегі ыстық дүние!

  • Жаңақорған ауданында Машбек Нәлібаевтың 100 жылдығына арналған турнир басталды

  • Дусматовтың жекпе-жегіндегі нокаут үшін «Гелендваген» тігіледі

  • АҚШ Конгресі Трамптың Путинмен дизель жөнінде келісімге келуіне тыйым салды

  • Зеленський дизель жөнінде Путинді тыңдауды ұсынған Трампқа қатты айтты

  • Зеленськийдің Трампқа қатысты әрекеті ЕО басшыларын «естен тандырды» 

  • Зеленський Трамптың сөзіне еріп, Украинаны жауға бере салуға ықтияр емес

RAST.kz

Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси, ғылыми-көпшілік порталы

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде 23.01.2020 ж. тіркеліп, №KZ56VPY00019585 куәлігін алған.

Құрылтайшы:
«Даларус» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Яндекс.Метрика

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
HTML Weather widget for website by meteolabs.kz

USD USD 452.12 ₸
EUR EUR 508.95 ₸
RUB RUB 5.41 ₸

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру

Add New Playlist